Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы, 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша облыстық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін облыстық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Павлодар облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуды;
осы қаулыдан туындайтын өзге қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | А. Байханов |
| Павлодар облысы әкімдігінің 2026 жылғы "07" сәуірдегі №88/1 қаулысымен бекітілді |
Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша облыстық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін облыстық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша облыстық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін облыстық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 56-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі – Ұйымдар) тізбесі бойынша облыстық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін облыстық бюджет комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) қарауына шығаруды айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
2) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, бухгалтерлік есепті жүргізу, бюджеттік есепке алу және жергілікті бюджетті атқару жөніндегі бюджеттік есептілік саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
3) мемлекеттік органдар – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті атқарушы органдар жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берген атқарушы органдар (бұдан әрі-мемлекеттік органдар).
2-тарау. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша облыстық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін облыстық бюджет комиссиясының қарауына шығару тәртібі
3. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға және бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органға Ұйымдарды облыстық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату туралы өтінішхат жолдайды.
Өтінішхат облыстық бюджет жобасын қалыптастыру және (немесе) облыстық бюджетті нақтылау басталғаннан кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.
Бюджетті атқару процесінде ұсынылған Ұйымдардың ағымдағы қаржы жылындағы облыстық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату туралы өтінішхат қарауға жатпайды.
Мемлекеттік орган өтінішхатқа облыстық бюджет түсімдерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 20 бұйрығымен бекітілген Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысанына сәйкес республикалық бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпаратты және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік жоспарлау қағидасына сәйкес қорытынды жобасын, сондай-ақ талдамалық жазбаны, қаржылық-экономикалық негіздемені, Ұйымдарды облыстық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдерін төлеуден босату туралы есептеулер және басқа растайтын құжаттарды (болған жағдайда) (бұдан әрі – материалдар) қоса береді.
4. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган және бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган өтінішхат келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарға алдын ала бағалау және қаржылық-экономикалық көрсеткіштер мен қорытындылардың дұрыстығына талдау жүргізеді.
5. Ұсынылған материалдар осы Қағиданың 3-тармағының екінші бөлігінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган және бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган пысықтауға жататын ескертулерді көрсете отырып, материалдарды мемлекеттік органына кері қайтарады.
Мемлекеттік орган ескертулерді алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде пысықталған материалдарды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға және бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органға электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қайта жолдайды.
6. Бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органының облыстық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату туралы материалдарға ескертулері болмаған жағдайда қайтадан түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті қорытындыны бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жолдайды.
7. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органнан тиісті қорытындылар алғаннан кейін № 208 Қағидаларда белгіленген тәртіппен Комиссияның отырысына республикалық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату туралы барлық қаралған өтінішхаттардың негізінде қалыптастырылған Ұйымдардың жалпы тізбесі бойынша материалдарды қарау үшін жолдайды.
8. Комиссияның оң пікірлерін алған жағдайда, басқару органы облыс әкімдігіне ұйымның облыстық бюджетке төленетін дивидендтері немесе таза табысының бір бөлігін төлеу мөлшерін азайту туралы немесе төлеуден босату туралы нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын енгізеді.
Акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі
| № р/с | Ұйымның атауы | Басқару органы |
|---|---|---|
1 | 2 | 3 |
1 | "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы | "Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" ММ |
2 | "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы | "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" ММ |
3 | "Павлодар әуежайы" акционерлік қоғамы | "Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ |
4 | "Павлодарвокзалсервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | "Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ |
1 | 2 | 3 |
5 | "Сапаржай Павлодар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | "Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ |
6 |
"Ертіс Медиа" жауапкершілігі | "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" ММ |
7 | "SmartЕrtis" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | "Павлодар облысының цифрлық технологиялар басқармасы" ММ |
8 | "Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | "Павлодар облысының дін істері басқармасы" ММ |
9 | Павлодар облысы ветеринария басқармасының "Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" ММ |