Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35–бабына және "Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 68 бұйрығына сәйкес Пешков ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Capital Partners Astana" жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылдық округі, Федоров ауылы, Кравцово ауылы мекенжайы бойынша орналасқан жалпы ауданы 29,9358 гектар жер учаскесіне Федоров ауылының автоматты газ тарату станциясынан Пешков және Владыкинка ауылдары бағытында газ құбырларын салу үшін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| И. Нечаева |