"Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 162 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларында:

      2-тармақтың 68-5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "68-5) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау шарты – ББӘ, квазимемлекеттік сектор субъектісі және өнім беруші арасында "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шартты іске асыру шеңберінде жасалатын үшжақты шарт, оған сәйкес ББӘ "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді өзіне қабылдайды, квазимемлекеттік сектор субъектісі "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді және өнім беруші "толық бітіріп берілетін" объект құрылысы бойынша жұмыстар кешенін орындайды;

      7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      6) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын қаржыландыру немесе "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Жаңа объектілерді салуға арналған инвестициялық ұсынысты әзірлеу Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік құрылыс жобаларының банкінен техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қолдана отырып жүзеге асырылады.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша қажет болған жағдайда тапсырыс беруші техникалық-экономикалық негіздеменің орнына техникалық тапсырманы әзірлейді және "толық бітіріп берілетін" құрылыстың есептік құнын бекітеді.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша тапсырыс берушілер мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылады.

      Бұл ретте дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар квазимемлекеттік сектор субъектілері атынан тапсырыс беруші болады.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары мынадай түрлерге бөлінеді:

      1)бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жобалау, сатып алу және іске асыру (құрылыс және (немесе) реконструкциялау) бойынша жұмыстар кешенін орындау;

      2)"толық бітіріп берілетін" құрылыс объектісін пайдалануға беру актісіне қол қойылған күннен бастап 20 (жиырма) жылға дейінгі мерзімде мемлекеттік міндеттемелерді кейіннен орындаумен өнім берушінің қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жобалау, сатып алу және іске асыру (құрылыс және (немесе) реконструкциялау) бойынша жұмыстар кешенін орындау".";

      1-1 параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Бюджет қаражаты есебінен "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын қаржыландыруға болжанатын мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау";

      34-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-1. Құрылыс жобасын Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес ТЭН-ді немесе техникалық тапсырманы және құрылыстың бекітілген есептік құнын әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесіне жатқызу жағдайын қоспағанда, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын МИЖ-ді жоспарлау (бұдан әрі – "толық бітіріп берілетін" құрылысты қаржыландыру бойынша МИЖ) МИЖ және ТЭН инвестициялық ұсынысына бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.";

      34-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-5. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын қаржыландыру бойынша МИЖ жоспарлау Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің лимиттерін қолданбай жүзеге асырылады.";

      34-15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-15. Жүргізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша ББӘ тиісті бюджет комиссиясының қарауына мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін шығару үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша құжаттар топтамасын жібереді.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттарға қол қою арқылы жүзеге асырылады.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер шартта белгіленген сомалар мен мерзімдер шегінде әрбір жекелеген "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша тіркелуге жатады және тиісті бюджет комиссиясының немесе мәслихаттың шешімі бойынша мемлекет міндеттемелерін ұлғайту бөлігінде қайта қарауға жатпайды.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауды Кодекстің 147-1-бабына сәйкес жүзеге асырады.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер екі түрге бөлінеді:

      1) егер бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі тапсырыс беруші болған жағдайда, Республикалық бюджет комиссиясы немесе жергілікті атқарушы органның бюджет комиссиясы мақұлдаған, "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы жасалған шарттар бойынша тапсырыс беруші қабылдаған және орындамаған қаржылық міндеттемелердің белгілі бір күніне бюджеттен бөлінетін сома бойынша тапсырыс беруші мен өнім берушінің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер болып табылады;

      2) егер квазимемлекеттік сектор субъектісі тапсырыс беруші болған жағдайда, Республикалық бюджет комиссиясы немесе жергілікті атқарушы органның бюджет комиссиясы мақұлдаған, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы жасалған шарттар бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қабылдаған және орындамаған қаржылық міндеттемелердің белгілі бір күніне бюджеттен бөлінетін сома бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдаудың оларға қатысты жасалған шарттары және тараптарының "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттар тараптарының құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер болып табылады.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттардың және "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдаудың оларға қатысты жасалған шарттарының алдында бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен квазимемлекеттік сектор субъектісі арасындағы "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын іске асыру бойынша жұмыстарды орындауға арналған келісім жасалады".";

      34-17 және 34-18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-17. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттар және (немесе) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы шарттар мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органдарында оларды тіркегеннен кейін күшіне енеді.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттың сомасы мемлекет міндеттемелерін ұлғайту жағына қарай қайта қаралмайды.

      Бұл ретте валюталық тәуекелдерге байланысты шығыстарды қаржыландыру бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті бюджет комиссиясының шешімі немесе мәслихаттың шешімі болған кезде ұлттық валютаның шетелдік валютаға қатысты бағамының өзгеруіне байланысты "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттың сомасын қайта қарауға жол беріледі.";

      34-18. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларының инвестициялық шығындарын өтеуге бағытталған "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын қаржыландыру және "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекет міндеттемелерін орындау көлемі "толық бітіріп берілетін" құрылыс объектісінің құрылыс және (немесе) реконструкциялау құнынан аспауға тиіс.".

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша мемлекет міндеттемелеріне тартылатын қарыз қаражаты "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша объектілерді құруға (реконструкциялауға) пайдаланылады.

      Өнім беруші "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасын қарыз қаражатын тартпай, өз бетінше қаржыландыра алады.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау жөніндегі есеп айырысуға конкурстық өтінім берілген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеме + (плюс) 2 (екі) пайыздық пункт қабылданады.";

      34-21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-21. Квазимемлекеттік сектор субъектісі тапсырыс беруші болып табылатын "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттар ББӘ мен өнім беруші арасында жасалады.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттар шеңберінде мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ББӘ, тапсырыс беруші және өнім беруші арасында ББӘ, тапсырыс беруші және өнім беруші арасында "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау шарттары жасалады.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен квазимемлекеттік сектор субъектісі арасында "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын іске асыру, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша шарттар және (немесе) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау шарттары бойынша төлемдерді тіркеу, орындау, сондай-ақ жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған келісімді жасасу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";

      1-қосымшада:

      7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы (жобаның Кодексте және осы Қағидаларда көзделген белгіленген талаптарға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер лимиттеріне сәйкестігі ақпаратын көрсету)".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту және инвестициялық жобалар мониторингтеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады