Қазақстан Республикасының Экология кодексі 113-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтар жобаларының тізбесі мен әзірлеу кестесі" бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Ә. Қуантыров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 202_ жылғы 30 қыркүйектегі № 222-Ө бұйрығына 1-қосымша |
Ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтар жобаларын әзірлеу тізбесі
1. Мынадай қолданылу салалары бойынша ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтар жобаларын әзірлеу тізбесі:*
1) ұн тарту өнімдерінің өндірісі;
2) ет комбинаттарында, ет тоңазытатын қасапханаларда мал сою;
3) сүт және сүт өнімдерінің өндірісі;
4) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, қайта өңдеу;
5) кәсіпорындарда жұмыстар жүргізу және қызметтер көрсету кезінде сарқынды суларды тазарту;
6) өнімді (тауарларды) өндіру кезінде ластағыш заттардың шығарындыларын тазарту;
7) алкоголі аз және алкогольсіз сусындарды қоспағанда, сусындар өндірісі;
8) уран кендерін өндіру және қайта өңдеу;
9) сирек кездесетін түсті металл өндірісі;
10) ірі қара малды өсіру;
11) шыны талшықты, қыш бұйымдарды қоса алғанда, шыны өндірісі және минералдық заттарды балқыту;
12) тері мен былғарыны илеу, бояу, өңдеу;
13) тоқыма бұйымдарын өндіру (жуу, ағарту, мерсерлеу);
14) тоқыма талшықтарын бояу, тоқыма өнімдерін ағарту, бояу.
Ескерту:
* ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтар жобаларының тізбесі түпкілікті болып табылмайды және Қазақстан Республикасында қызметтің жаңа түрлері пайда болған жағдайда толықтыруға (өзектілендіруге) жатады.
| Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 202_ жылғы 30 қыркүйектегі № 222-Ө бұйрығына 2-қосымша |
Ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтар жобаларын әзірлеу кестесі
Рс № | 2026 жыл | 2027 жыл | 2028 жыл | 2029 жыл | 2030 жыл |
1 | Тағамдық өсімдік майларының өндірісі | Ұн тарту өнімдерінің өндірісі | Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, қайта өңдеу | Алкоголі аз және алкогольсіз сусындарды қоспағанда, сусындар өндірісі | Шыны талшықты, қыш бұйымдарды қоса алғанда, шыны өндірісі және минералдық заттарды балқыту |
2 | Алкоголі аз және алкогольсіз сусындар өндірісі | Ет комбинаттарында, ет тоңазытатын қасапханаларда мал сою | Өнімді (тауарларды) өндіру кезінде ластағыш заттардың шығарындыларын тазарту | Тоқыма бұйымдарын өндіру (жуу, ағарту, мерсерлеу) | Тоқыма талшықтарын бояу, тоқыма өнімдерін ағарту, бояу |
3 | Шошқа, ауыл шаруашылығы құстарын қарқынды өсіру | Сүт және сүт өнімдерінің өндірісі | Ірі қара малды өсіру | Тері мен былғарыны илеу, бояу, өңдеу | Кәсіпорындарда жұмыстар жүргізу және қызметтер көрсету кезінде сарқынды суларды тазарту |
4 | Уран кендерін өндіру және қайта өңдеу | ||||
5 | Сирек кездесетін түсті металл өндірісі |
Ескерту:
* ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтар жобаларының нақты атаулары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ішкі (ведомстволық) бюджет комиссиясының хаттамаларына сәйкес әрбір қаржы жылы бойынша айқындалатын болады.