Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 18 қыркүйектегі № 519 қаулысы

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық құрылыс істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.

      2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қабылданған сәттен бастап күшіне енеді.

      Аудан әкімі О. Нургалиев

  Қостанай ауданы әкімдігінің
  2026 жылғы "__" қыркүйектегі
  № ___ қаулысына
  қосымша

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшері

№

Орналасқан жері

1 (бір) шаршы метр үшін айына төлем мөлшері теңге, тиын

1.

Тобыл қаласы, Дорожная көшесі, 3В - үй

193,3

2.

Тобыл қаласы, Бәйтерек шағын ауданы, 1 - үй

254

3.

Тобыл қаласы, Бәйтерек шағын ауданы, 5 - үй

236


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады