Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 1256 "Қостанай қаласы әкімдігі қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру арқылы "Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қостанай қаласы әкімдігінің "Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қостанай қаласы әкімдігінің "Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңдарымен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.";
16-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, коммуналдық мүлік объектілерін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға алуға), өтеусіз пайдалануға және кейіннен сатып алу құқығынсыз не шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде меншікке кейіннен беру құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі жұмысты жүргізу".
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы қабылданған сәттен бастап күшіне енеді.
| Қостанай қаласының әкімі | М. Жүндібаев |
