Жетібай ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылы әкімінің 2026 жылғы 17 қыркүйектегі № 66 шешімі

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, сонымен қатар Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 27 шілдеде қорытындысы негізінде, ауыл әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жетібай ауылының 2-Ауыл шағын ауданының № 193 - 200, 207, 210, 235, 237, 239, 249, 256, 258, 260 үйлері орналасқан көше атауын Ержан Әбішов көшесі болып қайта аталсын.

      2. Жетібай ауылы әкімінің орынбасары (Т. М. Умбетқалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі Р. Каратаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады