"Сайлау учаскелерін құру туралы" Бейнеу ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы әкімінің 2026 жылғы 2 ақпандағы № 1 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңына сәйкес Бейнеу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Бейнеу ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3772 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.


      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданының әкімі Р. Шалбаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бейнеу аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

  Бейнеу ауданы әкімінің
  2026 жылғы 2 ақпандағы
  № 1 шешіміне қосымша
  Бейнеу ауданының әкімі
  2018 жылғы 27 желтоқсандағы
  № 5 шешіміне қосымша

Бейнеу ауданының аумағында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері

№ 113 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының "Бейнеу гуманитарлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Б.Майлин атындағы көшесінің №1-57 үйлері, Қ.Сәтбаев атындағы көшесінің №1-86А үйлері, Ә.Жангелдин атындағы көшесінің №1-35 үйлері, М.Әуезов атындағы көшесінің №1-36 үйлері, Атақозы Батыр атындағы көшесінің №1-34 үйлері, Самалық атындағы көшесінің №1-30 үйлері, Досат атындағы көшесінің №1-25 үйлері, Дүйсенғали Көшеров атындағы көшесінің №1-25 үйлері, Т.Рысқұлов атындағы көшесінің №1-80 үйлері, Айназар ата атындағы, С.Датұлы атындағы, Ш.Құдайбердіұлы атындағы, М.Жұмабаев атындағы, Жылқыбай Қосаманов атындағы көшелердің үйлері.

№ 114 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Ақтан Керейұлы көшесінің № 21-114 үйлері, Ә.Молдағұлова, И.Тіленбайұлы, С.Сейфуллин, Қ.Ещанов, Барақ батыр, Қ.Төлеуұлы, Байқұл қажы Қаныбекұлы, А.Жұбанов, Е.Бөкетбайұлы, Ж.Байбозұлы атындағы көшелердің үйлері.

№ 115 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Үстірт жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының И.Сүйеубаев атындағы көшелерінің үйлері, Ә.Жангелдин атындағы көшесінің №36-92 үйлері, М.Әуезов атындағы көшесінің №37-85 үйлері, Атақозы Батыр атындағы көшесінің №35-93 үйлері, Досат атындағы көшесінің № 101-120 үйлері, Ақтан Керейұлы атындағы көшесінің № 1-20 үйлері, Ерменбет Би атындағы көшесінің № 1-28 үйлері, Тұрманбет Батыр атындағы көшесінің № 1-28 үйлері, Әділ атындағы көшесінің № 1-27 үйлері, Тастемір атындағы көшесінің № 1-28 үйлері, Тұрсын атындағы көшесінің № 1-20 үйлері.

№ 116 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Сұлтан Бейбарыс атындағы көшесінің №11-69 үйлері, Қосай ата және Д. Тәжиев көшесінің қиылысынан Қосай ата көшесінің Ер-Шабай көшесімен қиылысына дейінгі үйлер, А.Тілеуұлы атындағы, Т.Әлиев атындағы, Ер Шабай атындағы, Мәтжан Би атындағы, Ер Қонай атындағы, Т.Айбергенов атындағы, Төремұрат атындағы көшелерінің үйлері.

№ 117 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Бейнеу" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Ұлы Жібек Жолы көшесінің № 1-55 үйлері, Досан Тәжіұлы атындағы көшесінің №53-85 үйлері, М.Мәметова көшесінің №44-90 үйлері, Махамбет көшесінің №69-87 үйлері, Т.Әлниязұлы атындағы көшесінің №60-84 үйлері, Меңдіқұл Батыр атындағы көшесінің № 1-55 үйлері, Азан Балов атындағы көшенің № 63-101 үйлері, Ж.Мыңбаев атындағы көшенің №39-74 үйлері, И.Тайманов атындағы көшенің №25-55 үйлері, Оразмұхамед ахун атындағы, Қыдырша ата атындағы, Рсалы Батыр атындағы, Ақбөбек атындағы, Қайып Қорабайұлы, Н. Шыршығұлұлы атындағы, Ізтұрған Меңдіқұлов, М.Бегенов атындағы, Ер Қармыс атындағы, Н.Оңғалбаев атындағы, Қ.Сыдықов атындағы көшелердің үйлері, "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" РММ, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "99116 әскери бөлімі" РММ".

№ 118 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының № 1-29, № 53-56, № 59-61 көппәтерлі үйлері, Б. Майлин және С. Бейбарыс көшесінің қиылысынан Б. Майлин көшесінің Қашаған көшесімен қиылысына дейінгі үйлер, Қосай ата атындағы көшесінің №30-35 көппәтерлі үйлері, С.Ақшабаев атындағы, Ж.Қалдығараев атындағы, Ыбырайым ахун Құлбайұлы атындағы, Ө.Құлбатыров атындағы, Қашаған атындағы көшесінің үйлері, №1 учаскесінің үйлері.

№ 119 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Күйкен жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Бейнеу ауылының Б.Майлин атындағы көшесінің №58-71 үйлері, Ұлы Жібек жолы атындағы көшесінің №56-135 үйлері, Меңдіқұл батыр атындағы көшесінің № 56-137 үйлері, Есекмерген Батыр №18-147 үйлері, Т. Төленов атындағы көшесінің №23-125 үйлері, Бекес Дәрментайұлы атындағы көшесінің №30-145 үйлері, Шолтаман №25-100 үйлері, Д. Көшеров №25-58 үйлері, Досат атындағы көшесінің № 40-100 үйлері, Самалық Батыр атындағы №31-75 үйлері, Шиланды, Жиделі , Көлтабан және Тасастау атындағы көшелерінің үйлері.

№ 120 сайлау учаскесі

-

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Атамекен жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Қаржаубай Жылқыбаев, Тұрыш ата, Қарақоға, Қарағайлы, Шоғы батыр көшелерінің үйлері.

№ 121 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Манашы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Б. Майлин атындағы көшесінің №72-140 үйлері, Рзаевтар атындағы көшесінің №1-49 үйлері, Қ.Сәтбаев атындағы көшесінің №87-160 үйлері, Кұлтөбе көшесінің және Сүйінқара батыр көшесінің қиылысынан Кұлтөбе көшесінің Сүгір Бегендікұлы көшесімен қиылысына дейінгі үйлер, Т.Рысқұлов атындағы көшесінің №81-138 үйлері, Шолтаман атындағы көшесінің №1-24 үйлері, Бекес Дарментайулы атындағы көшесінің №1-29 үйлері, Есекмерген батыр атындағы көшесінің №1-17 үйлері, Т. Төленов атындағы көшесінің №1-22 үйлері, Рақ батыр атындағы, Аманжол шебер атындағы, Б.Сарбалаев атындағы, Сүйінқара батыр атындағы, Аманбай ата атындағы, Ш.Шыңғысов атындағы, А.Өтеуов атындағы, Қайдақ атындағы, Ақшағыл атындағы, Матай атындағы, Серкебай атындағы, Сүгір Бегендікұлы атындағы көшелерінің үйлері.

№ 122 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Сам жалпы білім беретін мекетеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Балуанияз атындағы көшесінің №1-165 үйлері, Қ.Тоқсанбайұлы атындағы көшесінің №1-163 үйлері, Амантұрлы Батыр атындағы көшесінің №1-143 үйлері, Бозжыра көшесінің және Есекмерген батыр көшесінің қиылысынан Бозжыра көшесінің Сүгір Бегендікұлы көшесімен қиылысына дейінгі үйлер, Асау Батыр атындағы көшесінің №1-145 үйлері, Қалнияз ақын атындағы көшесінің №1-75 үйлері.

№ 123 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Бейнеу лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Досан Тәжіұлы атындағы көшесінің №1-52 үйлері, Азан Балов атындағы көшесінің №1-62 үйлері, М.Мәметова атындағы көшесінің №1-43 үйлері, М. Өтемісұлы атындағы көшесінің №1-68 үйлері, Т.Әлниязұлы атындағы көшесінің №1-59 үйлері, И.Тайманов атындағы көшенің №1-24 үйлері, Ж.Мыңбаев атындағы көшесінің №1-38 үйлері, Ер Бегей атындағы, Б.Момышұлы атындағы, Е.Айшуақов атындағы, А.Байтұрсынов атындағы көшелерінің үйлері.

№ 124 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Бейнеу жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Қосарқан, Шахан, Уәлі, Сайқұдық, Опорная, Мұрын жырау, Манашы көшелерінің үйлері.

№ 125 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Опорный жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Боранқұл ауылының 2, 6 және 7 учаскелерінің үйлері.

№ 126 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Боранқұл ауылының 3 және 5 учаскелерінің үйлері.

№ 127 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Боранқұл жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Боранқұл ауылының 1 және 4 учаскелерінің үйлері.

№ 128 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "М. Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Ақжігіт ауылының № 1-128 үйлері.

№ 129 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Ақжігіт теміржол стансасының № 1, № 2 екі қабатты үйлері, Ақжігіт ауылының № 129-242 үйлері.

№ 130 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Есет" "мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

      Шекарасы: Есет ауылының үйлері.

№ 131 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Бейнеу мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Сарға ауылының үйлері.

№ 132 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Тұрыш" "мектеп-бөбекжай кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Тұрыш ауылының үйлері.

№ 133 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Сыңғырлау" "мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Сыңғырлау ауылының үйлері.

№ 134 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Сам" "мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Сам ауылының үйлері.

№ 135 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Ә. Махутов атындағы "мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Төлеп ауылының үйлері.

№ 136 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Сам" "мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Ноғайты ауылының үйлері.

№ 137 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Тәжен" "мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Тәжен ауылының үйлері.

№ 138 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Атамекен" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының С.Қилыбайұлы атындағы көшесінің №1-18 үйлері, Ж.Аймауытов атындағы, Т.Тоқтаров атындағы, Д.Нұрпейісова атындағы, Сәттіғұл атындағы,Жамбыл атындағы, Абай атындағы, Құрманғазы атындағы көшелерінің үйлері.

№ 139 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Күйкен" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының С.Қилыбайұлы көшесінің № 19-30 үйлері,Ерменбет Би атындағы көшесінің № 29-135 үйлері, Тұрманбет Батыр атындағы көшесінің № 29-135 үйлері, Әділ атындағы көшесінің № 28-135 үйлері, Тастемір атындағы көшесінің № 30-135 үйлері, Тұрсын атындағы көшесінің № 21-135 үйлері, Отырар, Шағырлы, Тамшалы, Тоқабай Құрмаш Қосжанұлы атындағы көшелерінің үйлері.

№ 140 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Манашы" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Б.Майлин атындағы көшесінің № 141-240 үйлері, Қ.Сәтбаев атындағы көшесінің № 161-225 үйлері, Т.Рысқұлов атындағы көшесінің №139-226 үйлері, Асау Батыр атындағы көшесінің № 146-221 үйлері, Балуанияз атындағы көшесінің № 166-251 үйлері , Қ.Тоқсанбайұлы атындағы көшесінің № 164-220 үйлері, Амантұрлы Батыр атындағы көшесінің № 144-250 үйлері, Бозжыра көшесінің және Сүгір Бегендікұлы көшесінің қиылысынан Бозжыра көшесінің Қаржаубай Жылқыбаев көшесімен қиылысына дейінгі үйлер, Қалнияз ақын атындағы көшесінің №76-123 үйлері, Рзаевтар атындағы көшеcінің №50-146 үйлері.

№ 141 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Бейнеу ауылының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Достық, Ынтымақ, Бірлік, Білеулі, Белдеулі, Жезді, Аспантай, Уәйіс Қайралапов, Әбдібек Жаманбаев көшелерінің үйлері.

№ 142 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Біләл Қалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Айрақты, Жайылған, Дағар, Шаршы, Құсшы, Күйкен, Есенқазақ, Теректі, Лабақ Батыр, Шүңкілдек, Бопай ханым, Әбілхайыр хан, Абылай хан, Хасан хазірет, Сарыарқа, Каспий, Нарынқол, Жетісу, Ұлытау, Мұғалжар, Алатау, Жайық, Балқаш, Қалмұрат Сабырбаев, Шерқала, Желтау, Қарабұлақ, Ұланақ көшелерінің үйлері, Көне Бейнеу жеріндегі үйлер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады