Қызылорда облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекітудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2026 жылғы 7 шілдедегі № 130 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 6-2 тармағына сәйкес, Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қызылорда облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі М. Ергешбаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2026 жылғы "7" шілдедегі
№ 130 қаулысына 1-қосымша

Қызылорда облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы елді мекен көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстардың түрлерін сыныптау (бұдан әрі – сыныптау) елді мекендер көшелерін (бұдан әрі – көшелер) және ондағы құрылыстарды күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыс түрлерін белгілейді.

      2. Сыныптау жол-жөндеу жұмыстарының көлемдерін негіздеу және оларды орындау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржы қаражаттарын есептеу үшін қолданылады.

      3. Осы Сыныптауда мынадай анықтамалар қолданылады:

      1) елді мекен көшелерін басқарушылар – көшелердің меншік иелері болып табылатын немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы көшелерді басқару қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      2) көшелер мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқару - бұл үнемді негізделген жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын әзірлеу арқылы оларға диагностикалау мен мониторинг жүргізудің негізінде көшелер мен жол құрылыстарының талап етілетін техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыратын және регламенттейтін кешені;

      3) көшелердің жай-күйіне мониторинг жүргізу – бұл пайдалану және қоршаған ортаның ықпал етуі нәтижесінде олардың жай-күйіне мүмкін болатын антропогендік өзгерістерді қадағалау мен бақылау, бағалау мен болжамдау жүйесі;

      4) көшелерді маршрутты жөндеу тәсілі - бұл көлік қозғалысы үшін қауіпті ақаулықтарды жою және жергілікті учаскелердегі жол жабынының тегістігін қалпына келтіру жұмыстарын қоса алғанда, маршрут бойынша орындалатын жөндеу жұмыстарының кешені;

      5) көше жолдарының жамылғысы - бұл автокөлік құралдарынан түсетін салмақты қабылдайтын және оны топыраққа беретін көшелерге бөлінген белдеулерінің шегіндегі көп қабатты құрылғы;

      6) көше жолдарының жамылғысы қызметінің жөндеу аралық мерзімі - бұл құрылыс, қайта жаңарту немесе күрделі жөндеуден кейін көше жолын пайдалануға тапсырған күннен басталып көше жол құрылысының көтеру қабілеттілігін (күшейту) арттырумен байланысты кезекті күрделі жөндеуге дейінгі кезең;

      7) көшенің жол жабыны қызметінің жөндеу аралық мерзімі - бұл құрылыс, қайта жаңарту, күрделі немесе орташа жөндеуден кейін көше жолын пайдалануға тапсырғаннан бастап тозу қабатын қалпына келтіру және тегістілік пен көлік қозғалысының қарқындылығы бойынша талап етілетін мәндеріне дейін біріктірушілік сапаларын орнына келтірумен және ақауларды жоюмен байланысты кезекті орташа жөндеу орындауға қажеттілік туындағанға дейін уақыт кезеңі;

      8) көшенің жолын жөндеу жұмыстарының стратегиясы – бұл бөлінетін ресурстарды тиімді пайдалану кезінде көшелер мен көшенің жол құрылыстары желісінің көліктік-пайдалану жай-күйін сақтау және жақсарту бойынша аса тиімді ұзақ уақытты техникалық шешімдерді және басқаратын ықпал етулер кешені;

      9) көшелерді қысқы күтіп ұстау – көше жолдарын және ондағы құрылыстарды қар басып қалудан қорғауға, оны уақтылы тазартуға және жол жамылғысының қысқы тайғақтығымен күресуге байланысты айрықша жұмыстар кешені;

      10) жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары – (бұдан әрі – "ЖҚҰТҚ") жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдың өткізу қабілетін арттыру үшін жолдарда қолданылатын құрылғылар, құрылыстар мен бейнелер кешені.

      4. Көше жолдарының құрамына мыналар кіреді: бөлінген белдеулер, жолдардың құрылымдық элементтері, жолдарды жайластыру және абаттандыру, су жібергіш және су өткізгіш құрылыстар, көпірлер, жол өткізгіштері, көлік айрықтары, су доғалары, үңгі жолдар, қорғау галереялары, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар, орман белдеулері гүлзарлар, гүл бақтары, гүл бақшалары, қолдан отырғызылған ағаштар, желілі тұрғын үй ғимараттары мен жол-пайдалану қызметтерінің кешендері, автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторингі үшін жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету және белгіленген габариттің шегінде олардың төбесіндегі ауа кеңістігі.

      5. Көше жолдары мен ондағы құрылыстарды пайдалану жұмыстарын жүргізуге нақты бөлінген қаржы ресурстары автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйін тексеру және диагностикалау материалдары негізінде белгіленген өткізілетін жөндеу жұмыстарының түрлеріне және жол-жөндеу жұмыстарының әзірленген стратегиясына қарай бөлінеді.

      6. Көше жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын сыныпталатын жұмыс түрлері жол саласында қолданылатын нормативтік-техникалық құжаттарының талаптарына сәйкес орындалады.

      7. Көше жолдары мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқару өзіне келесі жұмыстарды енгізеді:

      1) жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау;

      2) көше жолдары мен ондағы құрылыстарды сақтауды қамтамасыз ету және оларды уақытынан бұрын тозудан сақтау;

      3) алдыңғы қатарлы тәжірибе және ғылым мен техникаға қол жеткізу негізінде көше жолдары мен ондағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп ұстауды қоса алғанда, жобалау, салу, қайта жаңарту, пайдалану бойынша нормативтік-техникалық базаны жетілдіру және өзектендіру;

      4) технологияны жетілдіру және көше жолдары мен ондағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру;

      5) көше жолдары мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқару жұмыстарын орындауды ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және бақылау;

      6) технологиялық ілеспе және жөнделген учаскелердің мониторингін ұйымдастырумен, көше жолдарын ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың шегінде көше жолдарының тәжірибелі учаскелеріне ғылыми, техникалық сүйемелдеу және мониторинг жүргізу.

      8. Көше жолдары мен ондағы құрылыстарды диагностикалау мен мониторинг жұмыстарын жүргізу құрамына мыналар кіреді:

      1) көше жолдары мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау сапасын бағалау арқылы жүйелі түрде (көктемгі, күзгі және айлық) тексеру;

      2) көше жолдары мен ондағы құрылыстардың техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін бағалау арқылы көзбен шолу және аспаптық тексеру, көше жолдары мен ондағы құрылыстарды паспорттандыру;

      3) көше жолдарындағы көлік қозғалысының қарқындылығы мен құрамын есепке алу;

      4) көше жолдары мен ондағы құрылыстардың техникалық деңгейі және көліктік-пайдалану жай-күйі туралы тиісті бағдарламалық қамту арқылы мәліметтер базасын қалыптастыру, үнемі жаңарту және жұмыс күйінде ұстау.

      9. Жолдарды жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қаржы ресурстарын жоспарлау жұмыстарының құрамына мыналар кіреді:

      1) көше жолдары және ондағы құрылыстардың көлік-пайдалану жай-күйі туралы деректердің бірыңғай ақпараттың базасын құру, әкімшілік ету және басқару;

      2) көше жолдары және ондағы құрылыстардың көлік-пайдалану жай-күйі туралы ақпараттық деректер қорын талдау негізінде күтіп ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды негіздеу;

      3) жолдар желісінің жай-күйін болжамдау арқылы көшелер жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын өңдеу. Жол-жөндеу жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын, соның ішінде көшелердің желісін күтіп ұстау жоспарларын құру;

      4) жолдар желісін талап етілетін пайдалану жай-күйінде сақтау және күтіп ұстау үшін қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау;

      5) жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі - ЖКО) шоғырланатын жерлерді жою бойынша бағдарламалар әзірлеу.

      10. Көшелерде көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жұмыстарының құрамына мыналар кіреді:

      1) автокөлік ағындары қозғалысының тәртібін зерттеу, жолдарды белгілеу сызбасын әзірлеу, жол белгілерін дислокациялау, қозғалыс жылдамдығын реттеу, қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйесін ұйымдастыру;

      2) ЖКО талдау, ЖКО болған орындарды тексеру, себептерін анықтау және жол қозғалысы қауіпсіздігінің шарттарын жақсарту бойынша ұсыныстарды дайындау;

      3) қозғалыс қауіпсіздігі тұрғысынан аса қауіпті жол учаскелерін анықтау және авариялардың алдын алуға арналған профилактикалық іс-шараларды әзірлеу;

      4) бөлінген белдеулер шегінде құрылыс жұмыстарын жүргізуді келісу;

      5) коммуникациялар мен инженерлік желілері бар көше жолдары мен ондағы құрылыстардың қиылысу мен жанасуына техникалық шарттар мен келісулерді әзірлеу;

      6) өртке қарсы іс-шараларды қадағалау және жетілдіру жөніндегі өртке қарсы қызметтері ұйымдарымен шарттар жасасу, өртке қарсы сигнализацияға, электрмен жарықтандыруға және тағы басқа жоспарлы тексеру және сараптама жүргізу және олардың орындалуын бақылау;

      7) көше жолы бойындағы коммерциялық сервистер объектілерін орналастыруды келісу.

      11. Көше жолдары мен ондағы құрылыстарды сақтауды қамтамасыз ету және оларды уақытынан бұрын тозудан сақтап қалу жұмыстарының құрамына мыналар кіреді:

      1) көше жолдарын пайдалану және оларды қорғау тәртібін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;

      2) ірі габаритті және ауыр салмақты көлік құралдарының жол жүруін келісу;

      3) көше жолдары мен ондағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп ұстау саласындағы жұмыстық бағдарламалық өнімдерді жетілдіру және оларды жұмыс күйінде ұстау;

      4) көше жолдары мен ондағы құрылыстар ұзақтылығын және үнемділігін арттыру мақсатында оларды жөндеу мен күтіп ұстау саласындағы өзекті проблемалар бойынша іздестіру және инновациялық жұмыстары.

      12. Көше жолдары мен ондағы құрылыстардың пайдаланылуын басқаруды ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және бақылау жұмыстарының құрамына мыналар кіреді:

      1) көше жолдары мен ондағы құрылыстар желісін күтіп ұстау бойынша жол-жөндеу жұмыстарының орындалуын үйлестіру және реттеу;

      2) көше мен ондағы құрылыстарды кезеңді есепке алу, есептілікті жасау;

      3) көше жолдарын күтіп ұстау мен ағымдағы жөндеу кезінде сапаны бақылауды ұйымдастыру, бақылау жүйесін жетілдіру және жол-жөндеу жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету, сапаны бақылауды аспаптық қамтамасыз ету.

2. Көшелерді күтіп ұстау

      13. Көше жолдары мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау жұмыстары жыл бойы үздіксіз жүзеге асырылады.

      14. Көше жолдары мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау жұмыстарын уақтылы жүргізу мақсатында оларды көзбен көріп тексеру патрульдеу арқылы жүзеге асырылады.

      15. Қаржыландырудың бекітілген нормативіне сәйкес, күтіп ұстауға арналған қаражаттардың шегінде, ақаулардың ведомосі бойынша тексерілген көше нәтижелерінің негізінде жоспарланатын, көше жолдары және ондағы құрылыстарының зақымдарын алдын алу және түзету бойынша жұмыстарды орындау көзделеді.

      16. Көше жолдарын күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жыл бойы көлік құралдарының үздіксіз, қауіпсіз және жайлы қозғалысы қамтамасыз етілуі қажет.

      17. Күтіп ұстау жұмыстары жобалық құжаттаманы жасауды талап етпейді. Оларды қолданыстағы нормативтерге сәйкес, күтіп ұстауға бөлінген қаражат шегінде ақаулықтар ведомосі бойынша жолдарды тексеру нәтижесінің негізінде жоспарлайды.

      18. Көше жолдары мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау жұмыстары көктемгі, жазғы және күзгі кезеңде күтіп ұстау, қысқы күтіп ұстау, көшелерді көгалдандыру және өзге жұмыстарға бөлінеді.

      19. Көше жолдарын күтіп ұстау жұмыстарының құрамына меншік иелерінен ақпаратты жинау, өңдеу және күн сайын жыл бойы ұсыну кіреді, соның ішінде:

      1) бұқаралық ақпарат құралдарын көше жолдарындағы жол жүрулер туралы ақпараттық қамтамасыз етуді қоса алғанда, көше жолдарындағы жол жүрулер туралы;

      2) болған ЖКО туралы;

      3) еріген және тасқын суларды жіберу кезіндегі жұмыстар туралы;

      4) қысқы уақытта қар тазалайтын машиналар мен механизмдердің жұмысы туралы;

      5) ақпараттарды жинау және өңдеу, көше жолдары мен ондағы құрылыстардың көлік-пайдалану жай-күйі туралы деректердің бірыңғай ақпараттық деректер қорына әкімшілік ету және басқару.

      20. Автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды көктемгі, жазғы, күзгі және қысқы кезеңдерінде, атап айтқанда жыл бойы күтіп-ұстау кезінде келесі жұмыстар орындалады:

      1) автомобиль жолдарының және олардағы құрылыстардың жай-күйін патрульдік қадағалау;

      2) жер жамылғысы мен су өткізу жүйесі бойынша:

      су өткізгіш жыраларды көктемде қардан, ал жазда қоқыстарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жиналған қоқыспен балшықтан тазалау;

      жиектердегі, иірімді учаскелердегі кептіргіш науаларды қазу және себу;

      жиектерді жоспарлау, шөптерді егу;

      шөптерді шабу және шабылған шөптерді жинау;

      жекелеген телімдерде көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін толтырулармен жол жиектері мен бермаларды толтыру,

      кесу және тегістеу;

      көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін материалды қоса отырып немесе қоспай, жол жиектері мен бермаларды кесу және тегістеу;

      иірім учаскелерді жою;

      опырылған, мүжілген жерлерді және сең шығарындыларын тазалау;

      жиектерге тас төгу және бекіту;

      жеке элементтерін алмастырумен және жаңа материалдарды пайдалану арқылы жер төсемі, су қайтарғыш, резервтер, бермалар, қорғаныс, бекіту

      және реттегіш имараттарының жеке бұзылуларын түзету;

      үйіндінің шайылған жергілікті жерлерін жою, шайылуларға тас төсеу;

      жаңа жыраларды қазу;

      қурап қалған ағаштарды шауып алу;

      арық жүйесін, жаңбыр суын қабылдағыш кәріз, дренаж, жиектеме арықшаларын орнату, жөндеу немесе алмастыру;

      су өткізгіш құбырларын, жаңбыр суларын қабылдағыштарды орнату, жөндеу, алмастыру;

      3) бөлінген алап бойынша:

      су ағынын қамтамасыз ету үшін бөлінген алапты тегістеу;

      бөліншен алапта қоқысты шығару, тиеу және жоюға тапсыру;

      жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін ағаштарды, бұталарды және жабайы өсімдіктерді кесу және жұлу, оларды жинау тиеу, шығару және жою үшін тапсыру;

      бөлінген алапты шабу және шабылған шөптерді, қамыстарды, арам шөптерді тазалау, тиеу, шығару және жою үшін тапсыру;

      еріген және тасқын суларының кіруін қамтамасыз ету үшін жол-құрылыс материалдарын қосу арқылы бөлінген алапты тегістеу;

      орман екпелеріне күтім жасау, кесілген материалдан тазалай отырып, ауру және қураған орман екпелерін жоспарлы кесу және жұлу;

      қорлардағы, бөлінген алапта шөптерді шабу және шабылған шөптерді қоқыс орындарына шығару;

      4) асфальтбетон жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:

      ылғалдың, ауаның, күн радиациясының кіруінен асфальтты-бетонды жабынды тиімді оқшалау үшін жаңартатын сұйықтықты пайдалану, атмосфералық ықпалдың әсерінен бұзылған битумды қалпына келтіру, жамылғының суға төзімділіғін сақтау және қалпына келтіру;

      жарықшақтарды толтыру;

      шұңқырларды жою, жарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді бітеу, көшенің жиектерін тегістеу;

      жергілікті учаскелердің төсемдеріндегі иірімдерді жою;

      төсемдегі шорлар мен қауіпті тегіссіздікті кесу, тозу қабатын кейіннен кедір-бұдыр негізді өндеу арқылы ойыстарды бітеу;

      өтіс бөлігін белгілеу;

      цемент–бетон жамылғыларында жарықшақтарды жөндеу және толтыру;

      апатты-қауіпті учаскелерді жөндеу (иірімдерді жою, негіз және жабындарды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бітеу, тегістейтін қабаттарды қондыру,

      жол жиектерін бекіту, жабындарды үстіртін өңдеу);

      ресайклинг әдісімен учаскелерді жөндеу (иірімді жою, негіз және жабындарды ішінара жөндеу, шұңқырларды жөндеу);

      жол жабынының үстіңгі қабатын өндеу;

      құдықшаларды көтеру және түсіру;

      қауіпті ақаулар мен тегіссіздіктерді жою мақсатында, бұзу салдарынан шыққан материалдарды жолдың негізіне қолдана отырып, жол жабынының бұзылған жерлерін және ақауларды жергілікті жерлерін қайлап, жаңа жабын қабатын орнату;

      көшелерді бағдарлы тәсілмен жөндеу жүргізу кезінде жолдарды күтіп ұстау, сондай-ақ бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақаулықтарды жою жұмыстары, жергілікті учаскелерде жол төсемінің тегістілігін қалпына келтіруді қамтитын жөндеу жұмыстары кешені, оның ішінде ресайклинг әдісімен жүргізіледі. Жөндеудің бағдарлы тәсілі кезінде жөндеу жұмыстары аралас бағдардың барлық ұзындығында, жергілікті учаскелердегі жол төсемінің маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады.

      Жұмыстар әрі ақаулықтар тізбесі негізінде қолданыстағы ережелерге сәйкес, рәсімделген тиісті ақаулықтары мен атқару сметаларын жою үшін қабылданған жұмыстар технологиясы бойынша жолдарды күтіп ұстауды жүргізетін жол жөндейтін мекеме күштерімен орындалады;

      5) жетілдірілген жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:

      тұтқыр материалдары көп учаскелерді күтіп ұстау;

      жарықшақтарды толтыру;

      ылғалдың, ауаның күн радиациясының кіруінен асфальтты-бетонды жабынды тиімді оқшалау үшін жаңартатын сұйықтықты пайдалану, атмосфералық ықпалдың әсерінен бұзылған битумды қалпына келтіру, жамылғының суға төзімділігін сақтау және қалпына келтіру;

      шұңқырларды жою, жарықшақтарды, толқындарды, отырыңқы жерлерді бітеу, көшенің жиектерін тегістеу;

      жүру бөлігін белгілеу;

      апатты-қауіпті учаскелерді бағдарлы тәсілмен жөндеу (иірімдерді жою, негізін және жабындарды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бітеу, тегістейтін қабаттарды төсеу, жиектерді бекіту, жабынның үстін өңдеу);

      ресайклинг әдісімен учаскелерді жөндеу (иірімді жою, негіз және жабындардың бөлігін жөндеу, шұңқырды жөндеу);

      жол жабынының үстіңгі қабатын өндеу;

      көшелерді бағдарлы тәсілмен жөндеу жүргізу кезінде көшелерді күтіп ұстау, сондай-ақ бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақаулықтарды жою жұмыстары, жергілікті учаскелерде жол төсемінің тегістілігін қалпына келтіруді қамтитын жөндеу жұмыстары кешені, оның ішінде ресайклинг әдісімен жүргізіледі. Жөндеудің бағдарлы тәсілі кезінде жөндеу жұмыстары аралас бағдардың барлық ұзындығында, жергілікті учаскелердегі жол төсемінің маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады;

      Жұмыстар әрі ақаулықтар тізбесі негізінде қолданыстағы ережелерге сәйкес ресімделген тиісті ақаулықтары мен атқару сметаларын жою үшін қабылданған жұмыстар технологиясы бойынша жолдарды күтіп ұстауды жүргізетін жол жөндейтін мекеме күштерімен орындалады;

      6) өтпелі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:

      материалдар қосу арқылы төсемді кескіндеу және нығыздау;

      төсемдерге тас үгінділері мен иленділерді жинау, катундарды жинау;

      шағалтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарына материалдарды қосу немесе қоспау арқылы қалпына келтіру;

      шағалтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын қалпына келтіру;

      7) топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жүру бөлігі бойынша:

      шағалтасты жол төсемін орнату;

      материалдарды қосу арқылы пайда болған шұңқырлар, сораптар, басқа тегіссіздіктерді жою үшін төсемді кескіндеу;

      үтіктеу - ірі тегіссіздіктер пайда болғанға дейін жүргізілетін тегістеу -профилактикалық іс-шаралары;

      көшелерді хлорлы кальций, битум және басқа материалдармен шаңсыздандыру;

      көшелердің кепкен учаскелерін күтіп ұстау, уақытша қоршау, ауа науаларын орналастыру және себу, жол төсемі мен жол жамылғысының үстінен су өтуін қамтамасыз ету;

      қиыршықтасты жол жамылғысын тұтқыр және басқа материалдармен шаңсыздандыру;

      әлеуметтік нысандар орналасқан көшенің техникалық санатын өзгертпей, шағалтасты және қиыршықтасты жол жабынын асфальтобетон жабынына өткізу;

      ресайклинг әдісімен учаскелерді жөндеу;

      тез қалыптасатын эмульсиялық-минералды қоспаны қолдана отырып, беттік өңдеу (тозу қабатын құру);

      8) жолдардың жағдайы және абаттандыру, қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектілері бойынша:

      шу жолақтары, шудан қорғау экрандарын, жасанды жол кедергісін орнату және жөндеу;

      жол белгілерін, қоршауларды орнату, зақымдарды қалпына келтіру, жол белгілері мен қоршаулардың қалқандарын, панноларды, жол жиектерінің тастарын орнату және жөндеу, көшені жайғастыру элементтерін қалпына келтіру;

      сәулет безендірулері мен абаттандыру элементтерінің жеке бұзылуларын және ақаулықтарын жөндеу;

      қолданыстағы жаяу жүргіншілер жолдарын кеңейту, жөндеу және жаңадан орналастыру;

      жасыл желектегі ағаштардың темір торларын орнату, алмастыру;

      пандустарды орналастыру;

      жол белгілерінің астына берма орналастыру;

      автопавильондар, дәретханалар, күркелер, жол белгілері, қоршаулар және көшелердің басқа жайғастыру элементтерін жөндеу, сырлау және ақтау, тік және көлденең белгілерді түсіру;

      күркелер, орындықтарды, дәретханаларды орнату және жөндеу;

      қоршауларды, сигнал беру бағандарын, белгілерді, қалқандарды үнемі тексеру, бекіткіштерін тарту, қалқандарды түзету, шаң мен балшықтан тазалау, жуу;

      автобус аялдамаларын, дәретханаларды, күркелерді, автопавильондарды кезеңді тексеру, шаңнан, балшықтан және қоқыстан тазалау, жуу;

      қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру құралдарын күтіп ұстау, күту және жарамдылығын қадағалау;

      жүру бөлігін және жиектерді бөтен, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заттардан тазалау;

      ақы алу жүйесін, зияткерлік көлік жүйесін және оның шағын жүйелері, басқа технологиялық және сигнал беру байланысының басқа құралдарын, кабель желілерін, сондай-ақ, бағдаршам объектілерін, қозғалысты ұйымдастыру құралдарын, олардың қызмет етуі үшін байланыс каналдарын жалға алуды қоса алғанда, қозғалысты диспетчерлік және автоматтандырып басқару құралдарын тазалықта және ретке келтіріп ұстау;

      қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру объектілерінің құралдарын жеке бұзылуларын және ақаулықтарын жөндеу;

      өлшеу құралдарын, жабдықтарды орнату, жөндеу және күтіп ұстау, автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг үшін бағдарламалық қамтамасыз ету;

      жүргіншілер бөлігіне "мысық көз" жол маркерін қондыру;

      тиісті сертификаттарды, таразы бақылау аркаларының өлшеу құралдарын алумен жыл сайынғы тексеруді жүргізу;

      бақылау посттарын, аркалар мен басқа металл құрылымдары және (немесе) темір-бетон бұйымдарын, ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілері мен өзгеріп тұратын ақпараты бар жеке жобалау табло жабдықтарын орнату және (немесе) жөндеу, алмастыру, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;

      бағдаршам нысанымен реттелетін көше қиылыстарында және реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелерінде жол қозғалысын реттеу үшін, құрылғыларды орнату;

      бағдаршам нысанының құрылғыларын алмастыру, жөндеу, қайта орнату;

      қажеттілігіне қарай бағдаршам нысанындағы бағдаршам режиміне қосымша құрылғыларды орнату арқылы өзгерістер енгізу;

      көлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг үшін, өлшеу құралдарын, жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді уақтылы жөндеу және жоспарлы алмастыру регламенттелген мерзімде жүргізіледі, соның ішінде:

      дербес жұмыс станциялары, Орталық басқару пунктінің (бұдан әрі - ОБП) ұйымдастыру техникасы және байланыс құралдары;

      жол бойындағы жабдықтар, дербес жұмыс станциялары, ОБП ұйымдастыру техникасы, жабдықпен басқару жиынтығы, локалды есептеуіш желінің коммутаторлары;

      жол бойындағы жабдықтар, байланыс құралдары, ОБП серверлік, жүйелік және бейне құрал-жабдықтары;

      қолданыстағы көшелерге жол қоршауларын, аялдама павильондарын, жол сервис павильондарын, кіші архитектуралық пішіндер, тікұшақтарға арналған ұшу-қону алаңдары, автотұрақ, оң жақ өткелдерін, бұрылыс алаңшаларын, кіру жолдары, бөлу жолағында бұрылыс орындарын, демалыс алаңдарын және жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарын ескере отырып, жүргізушілер мен жолаушылардың пайдалануы үшін жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында ауыспалы-жылдамдық жолақтарын салу және қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, сонымен бірге жұмыс көлемдері техникалық құжаттамамен белгіленеді;

      қоршауларды орнату, жөндеу және алмастыру;

      шығу жолдарын және өткелдерді жөндеу;

      қолданыстағы жаяу жүргіншілер жолдарын, сондай-ақ жер үстіндегі және астындағы өтпелерін жөндеу;

      автокөлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын, шанаққа түсетін жүктеменің салмағын анықтау үшін ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілері мен өзгеріп тұратын ақпараты бар жеке жобалау табло жабдықтарын орнату, жөндеу және алмастыру, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;

      жарық шағылыстыратын элементтерді орнату және алмастыру, сондай-ақ оларды балшықтан және қардан тазарту;

      көлік қозғалысын ұйымдастыру үшін пайдаланылатын, көліктік инфрақұрылымнын пайдаланудың режимдері туралы ақпарат беретін ақпараттық тақтайшаларды орнату және ауыстыру;

      бүйірлі желбағарды орнату және алмастыру;

      қираған көше учаскелерін қалпына келтіру кезінде уақытша айналма жолдарын салу;

      жарықтандыру объектілерін, бағаналарын орнату және жөндеу;

      9) жасанды құрылыстар бойынша:

      жүру бөлігінің жиектастарын бояумен белгілеу;

      жол қауіпсіздігін негізге ала отырып, сүйеулер мен тосқауыл қоршауларының бұзылуларын түзету және орнату;

      көпірлердің металлды элементтерін, сүйеу қоршауларын алмастыру,

      бояу қабатын (бояу) қалпына келтіру;

      көшелердің үстіндегі жол өткізгіштерінің маңдай алды арқалықтарының астын тік белгілеу;

      көшелердің үстіндегі жол өткізгіштерінің тіректерін тік белгілеу;

      жинау техникасы өткеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін балшық пен бөтен заттардан тазалау;

      қар тазалайтын техника өткеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін қар мен мұздан тазалау;

      су қайтаратын түтіктерді балшықтан, тастардан және қардан тазалау;

      сорғылардан болған деформациялық жіктерінің су қайтаратын науаларын тазалау;

      қабаттарды ашық типті деформациялық жіктерге алмастыруға арналған ойықтарды балшықтан тазалау;

      ашық типті деформациялық жіктердің күрделі құрылыстарының механизмдерін тазалау және майлау;

      жаяу жүргіншілер жолдарын балшықтан, қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазалау;

      суды жіберуге арналған жаяу жүргіншілер жолдары шығырларындағы терезелерді тазарту;

      көпірдің жаяу жүргіншілер жолы мен өтіс бөлігінің арасындағы тосқауыл қоршауларының қисық сызықты белдеуінің астындағы кеңістікті балшықтан, қардан және мұздан тазалау;

      сүйеніш, тосқауыл қоршауларын, жол белгілерін кір мен қардан тазалау;

      арқалықтардың үстін кірден, жағылған топырақтан, өсімдіктерден тазалау;

      арқалықтардың тірек тораптарын жуу;

      тірек бөліктерін қардан, кірден тазалау;

      тірек бөліктерінің жұмыс істейтін үстіне графитті құрылыстарды жағу;

      темір тірек бөліктері бекіткіштерінің бұрандамаларын тарту;

      тіректердің бастарын және фермалық алаңдарды қоқыс пен кірден, қар мен мұздан тазалау;

      конустар мен еңіс бекіністерін кірден, шөптен және талдардан тазалау;

      тіректердегі мұзды уату және мұзды кесу;

      сең жүру және тасқын суларды өткізуді ұйымдастыру;

      байқау құралдарын (баспалдақтар, арбашалар) тазалау;

      көпір құрылыстарын ағымдағы және кезеңді тексеру;

      қоқыстарды және кесілген ағаштарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы көпір және су өткізу құбырлары аймақтарынан арақашықтығы 50 метрге дейін, ағыны бойынша жоғары және төмен бұталы өсімдіктерді жою және ағаштарды шабу, көпір астындағы аймақтарды санитарлық тазалау;

      темір-бетон құбырларының аралықтарын лай мен балшықтан тазалау;

      шағын көпірлер мен құбырлардың аралықтарын күзде жабу және көктемде ашу;

      сел жүруді, тасқын суларды жіберу, жолдар мен құрылыстарды тасқыннан, мұз басудан, орман және дала өрттерінен қорғау бойынша сақтандыру жұмыстары;

      паромдық жолдарды, реттелетін су өткізгіш құрылыстардың шандорлы қалқалағыштарын күтіп ұстау және қызмет көрсету навигациялық жабдықтар құралдарын орнату жұмыстары, көпір алдындағы учаскеде жүзу, кеме жүзетін құралдарды күтіп ұстау және "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының негізінде автомобиль жолдарының көпір құрылыстарына кіреберістердегі түбін тереңдету және түбін тазарту жұмыстарын жүргізу;

      жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткеліндегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған көтергіш құрылғыларды, лифттер және экскалаторларды күтіп ұстау және қызмет көрсету;

      құрылыстардың жеке элементтерін (тірек бөліктері, сүйеніштер, тосқауыл қоршаулары, төсеніштер, діңгектер, тіреуіштер, дуал қабырғалары, тік құрылыстардың тақталары, шкафты қабырғалар, ашылу есікшелері құрғату құрылғылары және тағы басқа) орнату, алмастыру және жөндеу;

      көпірлердің темір элементтерін жергілікті сырлау;

      көпірлердің, жол өткізгіштердің өтіс бөлігіндегі жабынындағы шұңқырларды жамау, асфальтобетон қабатын орнату (ескі, тозған жол жабынын фрезалау), жабындағы жарықшақтарды бітеу;

      деформациялық жіктерді жөндеу;

      деформациялық жіктерді ескі шайырдан алдын ала тазалау арқылы шайыр құю;

      деформациялық жіктердің аймағындағы немесе жіктердің алдындағы төсемді алмастыру;

      аяқ жолдардың асфальт-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;

      аяқ жолдардың цемент-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;

      үйінділердің шайылған жергілікті жерлерін және реттеу құрылыстарын жою;

      үйіндісі бар көпірлердің жанасқан жерлеріндегі шайылуларды себу,

      осы жерлердегі суды бір уақытта жою;

      тіректердегі шайылу шұңқырларын бітеу;

      құбырлардың гидро оқшаулануын жөндеу және олардың буындары мен бөлiктерi арасындағы жiктердi бiтеу;

      құбырлардың жеке буындарын, бастарын жиектердін қанаттарын, арнаның шығыс және кіріс бекінісін жөндеу және алмастыру және құбырдың науасын түзету, нобайланған тасты қалпына келтіру;

      ағаш көпірлердегі төсемдерін, тақтайларды алмастыру, элементтерді шірігеннен тазалау;

      болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;

      аяқ жолдардың деформациялық жіктерін алмастыру;

      10) көшелерде жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені зияткерлік көлік жүйесі (бұдан әрі – "ЗКЖ") және оның шағын жүйелері бойынша:

      кепілді қызмет көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін төлқұжат деректерінің талаптарына сәйкес жол ақысын алудың бағдарламалық-аппараттық кешені және ЗКЖ тозу және шығыс бөліктерін, бөлшектерін, элементтері мен тораптарын ауыстыру, орнату, жаңарту;

      ақы алу пунктінің аппараттық-бағдарламалық кешенін және ЗКЖ жеке жұмыс станциялары, ұйымдастыру техникасы, өңірлік басқару орталығының жабдықтары, байланыс құралдары, жол бойындағы жабдықтар, жабдықты басқару жинағы, жергілікті желі коммутаторлары, сервер, желілік және бейнежабдықтар, сондай-ақ сигналдық-шақыру бағандары, сигналдық-шақыру диспетчерінің консолі туралы деректер қамтылған паспорт талаптарына сәйкес жоспарлы жөндеу және ауыстыру;

      деректерді беру ортасының өткізу қабілетін арттыру үшін байланыс арналарын кеңейту, резервтік көшірме немесе қосымша деректерді беру арналарын (талшықты-оптикалық байланыс желілері (бұдан әрі – "ТОБЖ"), радиорелелік, жерсеріктік) ұйымдастыру, желі сәулетін өзгерту, қосымша виртуалды арналарды құру, желілік жабдықты ауыстыру;

      ақы алу пунктінің аппараттық-бағдарламалық кешеніне және ЗКЖ техникалық қызмет көрсету;

      жабдықты тазалау және ауыстыру (бұзылғанын) бойынша жоспарлы алдын-алу жөндеу жұмыстары, оның ішінде бөгде байланыс операторларының оқшаулау аймағында немесе серверлік бөлмеде сервер кеңістігін және/немесе сөрені жалға алу:

      ақы алу жүйесіндегі төлемді және шығыс бөлшектерін бақылауға жауапты жабдықты қалпына келтіру және ауыстыру (купюра-тиын қабылдағыштар, индукциялық ілмектер, шлагбаумдар, жіктегіштер, бағдаршам нысандары, қозғалысты басқару жабдықтары, өндірістік жұмыс станциялары, құрылғылар, түйіспесіз төлеуге арналған санау антенналары және өзара байланысты компоненттер мен жабдықтар;

      ЖҚҰТҚ және деректерді беру желілеріне қызмет көрсету, оның ішінде оларды пайдалану үшін байланыс арналарын жалға алуды қоса алғанда;

      телекоммуникация желілерін, ақы алу пунктінің бағдарламалық -аппараттық кешенін басқаруға арналған техникалық кешендер мен ЗКЖ олардың төлқұжат деректерінің талаптарына сәйкес уақтылы қалпына келтіру;

      ақы алу пункттерiнiң аппараттық-бағдарламалық кешен жабдықтарын және ЗКЖ, оның iшiнде басқару аркаларында орнатылған фото/бейне жазба құралдарын, бағдарламалық жасақтама, ақпаратты қорғауды сертификаттау;

      бақылау аркаларын және металл құрылымдарды және/немесе темірбетон бұйымдарын қалпына келтіру, қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және ақы алу пунктінің аппараттық-бағдарламалық кешенін және ЗКЖ электрмен жабдықтау;

      ақы алу және ЗКЖ бойынша аппараттық-бағдарламалық кешеннің қолданбалы бағдарламасын сүйемелдеу;

      ақы алу пунктінің және ЗКЖ аппараттық-бағдарламалық кешенінің лицензияланған бағдарламалық құралдарын орнату, жаңғырту, жаңарту;

      ақы алу пунктінің серверлік бөлмелері мен байланысты жүйелерді кеңейту және қалпына келтіру;

      таразы аспаптарын, арка орнату;

      11) қосымша қысқы күтіп ұстау жұмыстарына жататындары:

      жол белгілері мен тосқауыл қоршауларын қарлы борасындардан тазалау;

      жүру бөлігін фрикциялық, химиялық және басқа да көк тайғаққа қарсы материалдармен өндеу және оларды кейіннен жүру бөлігінен қажетті уақыттан кейін тазалау;

      тайғақ жамылғысы бар учаскелерде қысқа уақыт әрекет ететін жол белгілерін орнату;

      жол қызметі қызметкерлері мен жол-пайдалану техникасының, машиналар мен механизмдердің, оның ішінде демалыс және мереке күндері тәулік бойы кезекшілікті ұйымдастыру;

      қиғаш тауларда, жартылай ойықтар мен ойықтарда, оның ішінде механикаландырылған тәсілмен нөлдік орындарды әзірлеу және кеңейту.

3. Көшелер мен ондағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу

      21. Көшелер ағымдағы жөндеу - маршруттық тәсілмен орындалатын, бұзылған учаскелерді жөндеу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, бүкіл жыл бойы жүргізілетін, көше жолдарында авариялық жағдайлар, ақаулар туындауының алдын алу, сондай-ақ көше жолын шұғыл қалпына келтіру тәртібімен орындалатын жұмыстар кешенін қарастырады.

      Қаржыландыру нормативтеріне сәйкес ағымдағы жөндеуге бөлінген қаржы шегінде ақаулықтар ведомость бойынша көше жолдарды тексеру нәтижелері негізінде жоспарланады.

      Жұмыстарды маршруттық тәсілмен орындау кезінде жұмыстарды сметалық есептер негізінде орындауға жол беріледі. Мүмкін болатын үдеудің және олардың аса маңызды бұзылуларға айналуының алдын алу мақсатында ағымдағы жөндеу шеңберінде ақаулықтар мен бұзылуларды жою жұмыстарын толығымен орындамауға жол берілмейді.

      22. Көшелер мен ондағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу кезінде мынадай жұмыстар орындалады:

      1) жер төсемесі және су бұру бойынша;

      ылғалды және қарлы жерлерде жер төсемесінің ұзындығы бойынша шағын телімдерді көтеру және кеңейту, ісінген телімдерді жою;

      қолданыстағы су бұру арықтарын тазарту, қоқыстарды тиеу және қоқыс орындарына шығару, жаңа арықтарды қазу, үйінділер мен ойықтардың беткейлерінің зақымдануын түзету және тіктігін азайту, дренажды, қорғаныс және нығайту құрылғыларын, су бұру құрылыстарын және көпірлер мен құбырлардың жанындағы бұру арналарын түзету;

      тұрақты шымтезек жамылғысын қалыптастыру бойынша қажетті агротехникалық іс-шараларды жүргізе отырып, жер төсемесі мен резервтердің беткейлерін шөптермен егу, опырылуларды, көшкіндерді және сел шығарындыларын тазарту;

      жол жиектерін себу, кесу, тегістеу және нығайту;

      ісінген телімдерді жою;

      жер төсемесінің, су бұрғыштардың, резервтердің, қорғау, нығайту және реттеу құрылыстарының жекелеген ұсақ зақымдануларын түзету;

      геотор және геошарбақ элементтері бар еңісті қалпына келтіру және нығайту;

      еріген және тасқын сулардың өтуін қамтамасыз ету үшін материалдар қосып бөлінген алапты тегістеу;

      2) жол төсемелері бойынша, оның ішінде цементбетон жамылғылары бойынша:

      сегменттердің тозған бетін қалпына келтіру, цементбетон жамылғылары тақталарының сынықтары мен ойықтарын жөндеу, қалпына келтіруге жатпайтын бұзылған тақталарды ауыстыру, цементбетон жамылғыларын беткі бұзылулардан қорғау;

      темірбетон жамылғыларындағы жіктерді жөндеу және толтыру;

      жеке тақталарды көтеру және тегістеу, тақталардың сынықтары мен ойықтарын жөндеу, қалпына келтіруге жатпайтын бұзылған тақталарды ауыстыру, жамылғыларды беттік бұзылудан қорғау;

      тығындау арқылы цементбетон жамылғысының көлденең және шөкпе жарықшақтарын жөндеу;

      деформациялық жіктердің геометриясын қалпына келтіру және оларды тығындау;

      апатты-қауіпті жерлерде бетон бетін арнайы құрамдармен нығайту;

      беттік өңдеуді қорғаныс қабаттарын және тозу қабаттарын салу;

      ұсақ деформациялар мен зақымдарды (шұңқырларды, шөгінділерді бітеу), жиектерді, жалғыз ұсақ ісәнулерді жою, жамылғылардағы жарықшақтарды толтыру, жол жамылғыларының шұңқырларын жөндеу, сораптарды жою;

      асфальтбетон және цементбетон жамылғыларын қабыршықтану және үгітілу телімдерінде эмульсиялық-минералды қоспалардан жасалған қорғаныш қабаттарын орнату;

      цементбетон жамылғыларындағы шөгінділерді жою;

      бетонды тірек қабырғаларын орнату;

      көпір тақталарын жөндеу және ауыстыру;

      сораптарды қара шағыл таспен немесе асфальтбетонмен толтыра отырып, автомобиль жол бойындағы дөңес және кедір-бұдырлы сораптарды кесу және жамылғының бүкіл еніне эмульсиялық-минералды қоспадан қорғаныш қабатын орнату;

      жергілікті карталармен ұсақ түйіршікті беттік өңдеуден оқшаулағыш қабатты салу арқылы жарықшақтар мен жарықшақ торларының өршуін тоқтату және алдын алу;

      асфальтбетон жамылғыларының тозған жоғарғы қабаттарын қалпына келтіру және оларды жолдың ұзындығы бойынша жекелеген шағын телімдерде апаттық-қауіпті орындарға қайта төсеу;

      ісінгіш және әлсіз топырақтары бар жол телімдеріне күтім жасау, оларды уақытша қоршау, ауа шұңқырларын салу және толтыру, жол жамылғылары мен жер төсемелерінің бетінен су бұруды қамтамасыз ету;

      алдын ала фрезерлеумен немесе тозған жаңа қабатты жаңасын төсеу арқылы бөлшектеумен жаяужол жамылғыларының шұңқырларын жөндеу.

      Асфальтбетон жамылғысының шұңқырларын жөндеуге "карталармен" жөндеу кіреді, оның ішінде:

      қажетті тегістікті және кедір бұдырлықты қамтамасыз ете отырып, жол төсемесінің тозған жоғарғы қабатын қалпына келтіру;

      жол жамылғысының шұңқырларын жөндеу, жол жамылғысының тұрақсыз қабаттарын бір немесе бірнеше қозғалыс жолағының еніне немесе жамылғының бүкіл еніне ауыстыра отырып ресайклирлеумен ығысуға және тозуға төзімді асфальтбетоннан жаңа қабат төсей отырып, жүру бөлігіндегі сораптар мен тегіссіздіктерді жою.

      Ағымдағы жөндеу құрамында жол төсемелерін және басқа да автомобиль жол нысандарын шұғыл жөндеу жөніндегі жұмыстардың тізбесі:

      жол төсемесінің апаттық қирауларын уақытша қоршау;

      қирауларды, сынықтарды, шөгінділерді және шұңқырларды жою;

      суық битумминералды қоспаларды қолдана отырып, шұңқырларды (саңылауларды) апаттық бітеу;

      қираған иесіз люктерді, су қабылдау құдықтарының торларын жаңасына апаттық ауыстыру;

      шайылған су өткізгіш құбырларды және ашық типтегі жол бойындағы арық желісін апаттық жөндеу;

      ЖКО кезінде зақымдалған кедергі қоршаулар мен жаяужол бағаналарды сырлаумен авариялық түзету немесе жаңа сегменттерге ауыстыру;

      жылдамдықты бақылау мен қозғалысты реттеудің ЗКЖ элементтерін және ЖҚҰТҚ нысандарын апаттық (жоспардан тыс, оның ішінде ЖКО кейін) жөндеу;

      зақымдалған сыртқы жарықтандыру тіректерін, шамдарды, жарықтандыру арматурасын, кронштейндерді, сымдар мен кергілерді, кабельді, автоматика мен телемеханиканы, басқару шкафтарын, сыртқы жарықтандыруды аппараттарын, панельдерін мен қаңқаларын, ауа желісінің бөлшектерін ауыстырумен апаттық ауыстыру, оның ішінде ЖКО кейін;

      3) жасанды құрылыстар бойынша:

      жаяужолдардағы деформациялық жіктерді ауыстыру;

      үйіндімен түйісетін шеткі жаяужол тақталарын ауыстыру;

      болат элементтері бар деформациялық жіктердің бөлшектерін ішінара ауыстыру;

      деформациялық жіктердің астындағы дренажды науаны қалпына келтіру;

      су бұру құбырларын жөндеу (құбырларды ұзарту немесе қосымша құбырларды орнату);

      жаяужолға гидрооқшаулағыштың түйісетін жерінде жамылғыда жіктерді орнату және оларды мастикамен құю;

      түрлі модификациядағы тұтқаларды, пандустарды, тік және көлбеу қозғалыстағы түрлі модификациядағы көтергіштерді, лифттерді, баспалдақтарды және жол қозғалысының қозғалысы шектеулі қатысушылар үшін сатыларды орнату, ауыстыру және жөндеу;

      су бұру құбырларындағы оқшаулауды жөндеу;

      құбырларды олардың буындары мен секциялары арасындағы тігістерді тығыздау және тығыздау арқылы гидрооқшаулауды жөндеу;

      жаяужол блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;

      жаяужол тақталарының ойықтарын жою;

      оқшаулауды орнату немесе жаяужолды асфальтбетонмен жабу;

      жаңадан анкерлеу арқылы қоршау тіректерін бекіту тораптарын ауыстыру;

      көпірлерде күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау (палубаларды, арқалық торларды, жекелеген тораптар мен элементтерді ауыстыру, қалауды, жер төсемесімен түйісулерді түзету;

      көпірдің жүру бөлігіндегі жамылғыларды қалпына келтіру немесе ауыстыру;

      гидрооқшаулауды жөндеу;

      жяаужолдарды, тіректерді, жиектастарды жөндеу және ауыстыру;

      жарықшақтарды беттік тығыздау, қуыстарды, сынықтарды тұмшаулау, көпірдің темірбетон элементтерінің қорғаныш қабатын қалпына келтіру;

      тіректер мен реттеу құрылыстарындағы шұңқырларын жою;

      тойтармаларды беріктігі жоғары бұрандаларға ауыстыру;

      қаптау жіктерін сөгу, ерітінділерді жарықшақтарға инъекциялау;

      құрылымдардағы жарықшақтарды торкреттеу, қалауды, сылақты жөндеу, тойтармаларды ішінара ауыстыру;

      арықтар арқылы өтетін көшпеліі және өтпелі көпірлерді ауыстыру және түзету;

      қалқымалы көпірлердің, паром өткелдерінің және айлақ құрылғыларының шағын зақымдануын түзету (тығындау, қаптаманы жөндеу, такелажды түзету);

      өтпелі тақталардың ашқыштармен түйісу тораптарын тұмшалау;

      қажет болған жағдайда бұзылған тақталар мен кеспе тастарды ауыстыра отырып, тақталар мен төсеніштерден жасалған көпір жамылғыларын жөндеу;

      деформациялық жіктердің ағуын бұрандаларды тарту арқылы жою;

      жылжымалы тақталарда деформациялық жіктерді дәнекерлеу (олар үзілген жағдайда), жетіспейтін серіппелерді орнату;

      деформациялық жіктердің механизмдері мен құрылымдарын кішігірім жөндеу;

      құбырларды олардың буындары мен секциялары арасындағы жіктерді тығыздау және тығындау арқылы гидрооқшаулауды жөндеу;

      жеке тойтармаларды ауыстыру, металл аралық құрылыстар элементтерінің кішігірім деформацияларын түзету;

      су өткізгіш құбырларды орнату және/немесе жөндеу немесе ауыстыру;

      көпірлер мен су өткізгіш құбырларды жөндеу кезінде қажет болған жағдайда ұзындығы бір шақырымнан аспайтын айналма жолдарды салу қажет;

      туннель құрылымдарының жекелеген ақауларын жою (қуыстарды, жарықшақтарды, сынықтарды, қабыршақтарды, сылақтарды бітеу);

      туннельдің гидрооқшаулауын түзету (блоктар мен тюбингтер түйіспелерін таптау);

      жеке туннель тюбингтерінде бұрандаларды тарту;

      ғимараттарды, өндірістік базаларды, жол зертханаларын, пайдалану қызметінің аулалық құрылыстары мен қосалқы құрылыстарын, сондай-ақ ақы алу пункттерін газдандыру;

      паспорт деректерінің талаптарына сәйкес мерзімдерде телекоммуникация желілерін, жол ақысын алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін басқарудың және ЗКЖ техникалық кешендерін қалпына келтіру;

      жол қызметтерінің инженерлік желілері мен қазандық жабдықтарын және ақы алу пунктін жөндеу, ауыстыру, жаңғырту;

      әкімшілік ғимараттарды, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, оның ішінде жол қызметтерінің қазандығын және ақы алу пунктін жөндеу;

      жылдам салынатын ангарларды орнату және қалпына келтіру;

      ұңғымаларды бұрғылау, инженерлік коммуникациялар, жарықтандыру және электрмен жабдықтау;

      шу жолақтарын, акустикалық және көз шағылыстырмайтын экрандарды (тозған сегменттерді ауыстыра отырып), орнату және жөндеу, оның ішінде ЖКО кейін;

      4) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды жайластыру және абаттандыру, ЖҚҰТҚ, байланысты, жарықтандыруды ұйымдастыру нысандары бойынша:

      жол телімдерінде жол қозғалысына аз қозғалатын қатысушылар үшін ескеріле отырып, қолданыстағы тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын, оның ішінде жер үсті өткелдерін жөндеу және орнату;

      кіреберістер мен өткелдерді, жазғы және трактор жолдарын жөндеу;

      дабыл, ЖҚҰТҚ мен жеке жобалаудың ауыспа ақпараты бар таблоларды, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау), байланыс құралдары мен жарықтандыруды орнату, ауыстыру және/немесе жөндеу, бұл ретте жұмыс көлемі сметалық құжаттамамен айқындалады;

      жол қозғалысының қозғалысы шектеулі қатысушыларды ескере отырып, арнайы символдарды, тактильді, дыбыстық және көрнекі жерүсті көрсеткіштерін орнату, ауыстыру және жөндеу;

      жол-пайдалану техникасының, машиналар мен механизмдердің тұрағына арналған тез салынатын ангарларды, көктайғаққа қарсы материалдар мен жол жағдайының элементтерін сақтауға арналған қоймаларды (жол белгілері, қалқандар) орнату, ауыстыру және жөндеу;

      жеке жобаланған шағын сәулет нысандарын құру және жайластыру;

      көз шағылыстырмайтын экрандар орнату;

      көлік айрықтарында (жол өтпелерінде) сәндік және (немесе) дизайнерлік аспаы және (немесе) жарықтандыруды орнату, ауыстыру және жөндеу;

      жол қозғалысының қозғалысы шектеулі қатысушылар үшін бағдаршам шақыру батырмасын орнату, ауыстыру және жөндеу;

      қажет болған жағдайда бұзылған тақталар мен кеспе тастарды ауыстыра отырып, тақталар мен төсеніштерден жасалған көпір жамылғыларын жөндеу;

      аялдау павильондарды, дәретханаларды, санитарлық-гигиеналық тораптарды, күркелерді және ЖҚҰТҚ, орнату және/немесе жөндеу;

      жаңаларын монтаждау және істен шыққан сымдарды, кабельдерді, трансформаторларды, жарықтандыру тіректерін және электр жарықтандыру желілерін ауыстыру;

      жол қозғалысын ұйымдастыру сұлбасын өзгертуге байланысты қосымша бағдаршамдарды (бағдаршамдардың қосымша секцияларын), жол белгілерін, жол таңбаларын орнату;

      жарықтандыруды орнату және/немесе жөндеу немесе ауыстыру (электр жарықтандыру желілері);

      жол қозғалысы қауіпсіздігі инженерлік-техникалық рәсімдерін ұйымдастыру және жүргізу;

      жол төсемесінің температурасын, ылғалдылығын және деформациясын анықтау бойынша өлшеу аспаптарын, құрылғыларды орнату, ауыстыру және жөндеу;

      көлік ағыны қозғалысы қарқындылығының мониторингін (есепке алу) жүзеге асыру үшін өлшеу құралдарын, құрылғыларды, аспаптарды, жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамаларды орнату және қалпына келтіру;

      телекоммуникация және байланыс жүйелерін қалпына келтіру;

      ЖКО кейінгі жолды жөндеу:

      паспорттық деректердің талаптарына сәйкес бір уақытта әуе желісінің сымдары мен кермелерін ауыстыра отырып, сыртқы жарықтандыру тіректерін, кабельдік жарықтандыру желісін, көше жарығын басқарудың автоматика және телемеханика құралдарын ағымдағы жөндеу, оның ішінде зақымдалған және жөндеуге және қалпына келтіруге жатпайтын тораптар мен агрегаттарды тексеру және ауыстыру арқылы;

      сыртқы жарықтандырудың моральдық және физикалық ескірген элементтерін олардың қызмет ету мерзіміне сәйкес ауыстыру;

      жаяужол мен көше жолының арасындағы көгалдарды жөндеу;

      басқа құрылымдық элементтер мен жолдарды абаттандыру элементтері бойынша:

      планда және бейінде (кеңістікте) шөккен және шығып кеткен бүйірлік тасты (жиектас) жаңа негіз мен құрсауды сала отырып түзету, сондай-ақ жамылғылардың барлық типтерінде айырым бүйірлік тасты (жиектас) жаңасын орната отырып ауыстыру, оның ішінде ЖКО және шайылғаннан кейін;

      айырым бүйірлік тастың (жиектастың) цементбетон тіректерін жөндеу;

      тоқтау алаңдарында жасанды тас материалдардан жасалған бүйірлік тасты (жиектасты) маусымдық бояу;

      жұмыс істемейтін (иесіз) құдықтарды қоса алғанда, құдықтардың люктерін жол жамылғысымен теңестіру;

      су қабылдау құдықтарының торларын жол жамылғысымен теңестіру;

      трамвай жолдарымен, көпір құрылыстарының деформациялық жіктерімен, құдықтардың люктерімен және нөсер торларымен түйісетін жерлерде жол жамылғысын жөндеу;

      жол төсемелеріндегі жарықшақтарды битуммен және битум мастикасымен бітеу (құю);

      жол жамылғыларын сіңдіргіш герметикалық қоспалармен өңдеу;

      жол жиектерін толтыру және нығайту;

      бетон тосқауыл қоршауларының зақымдануын жою (қажет болған жағдайда бояу);

      су өткізгіш құбырлардың беттері мен түйісулерін жөндеу;

      ашық типтегі жол бойындағы арық желісі;

      ойықтарды толтыру арқылы құламаларды жөндеу.

      Жол таңбасы бойынша жұмыстар ағымдағы жөндеудің құрамына кіреді және оның шеңберінде мынадай жұмыс түрлері орындалады:

      көзбен тексеру;

      тозған жол таңбасын кетіру немесе ақаулар актісіне сәйкес жол қозғалысын ұйымдастырудың өзгеруіне байланысты көлемдерде;

      орындалған жұмыстардың сапасын бағалау, жөндеу үшін пайдаланылған жол-құрылыс материалдарын зертханалық сынау, асфальтбетон қоспалары мен жол жамылғысының типтерін зертханалық сынау, жол жамылғысының тегістігі мен ілінісу коэффициентін өлшеу;

      бояуларды, термопластиктерді және суық пластиктерді, түсті жабындарды, оның ішінде сырғанауға қарсы жабындарды қолдана отырып, жол таңбаларын жағу;

      5) жол жүру ақысын алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешені және ЗКЖ бойынша:

      жеке жұмыс станцияларын, ұйымдастыру техникасын, ЖБО жабдықтарын, байланыс құралдарын, жол бойындағы жабдықтарды, жабдықты басқару жиынтығын, жергілікті желі коммутаторларын, серверлік, желілік және бейне жабдықтарды қамтитын паспорт деректерінің талаптарына сәйкес регламенттік мерзімдерде жол ақысын алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешенінің және ЗКЖ жабдықтарын, сондай-ақ дискіні сақтау жүйесі, орталық сигналдық қоңырау модулі, сигналдық қоңырау диспетчерінің консолін жөндеу және жоспарлы ауыстыру;

      ақы алу жүйесінде төлем мен шығыс бөліктерін бақылауға жауапты жабдықты (купюра-тиынқабылдағыштар, индукциялық ілмектер, шлагбаумдар, жіктеуіштер, ЖҚҰТҚ, өнеркәсіптік жұмыс станциялары, түйіспесіз төлеуге арналған санавғыш антенна және өзара байланысты жиынтықтауыштар мен жабдықтар) орнату, жөндеу және ауыстыру;

      паспорт деректерінің талаптарына сәйкес мерзімдерде телекоммуникация желілерін және деректерді беруді, бағдарламалық-аппараттық кешенді басқарудың техникалық кешендерін, жол ақысын алу пункті мен ЗКЖ орнату, қалпына келтіру және жаңғырту;

      бақылау аркаларын, металл құрылымдарын немесе/және темірбетон бұйымдарын орнату немесе ауыстыру, қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және ЗКЖ, ақы алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешені үшін электрмен жабдықтау;

      ЗКЖ және ақы алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешенінің қолданбалы бағдарламалық жасақтамасын жаңғырту, толықтыру;

      жол ақысын алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешенінің нысандарына кіруді бақылау жүйесін орнату;

      ақы алу пункттерінің сервер бөлмелерін және ілеспе жүйелерді орнату және жөндеу;

      тиісті жабдықты монтаждай отырып және автомобиль жолдарының жекелеген телімдерінде қажетті коммуникациялық желілерге немесе олардың жекелеген элементтеріне қосыла отырып, жол ақысын алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешенін және ЗКЖ орнату;

      ақы алу жүйесінде төлем мен шығыс бөліктерін бақылауға жауапты жабдықты (купюра-тиынқабылдағыштар, индукциялық ілмектер, шлагбаумдар, жіктеуіштер, ЖҚҰТҚ, өнеркәсіптік жұмыс станциялары, түйіспесіз төлеуге арналған санавғыш антенна және өзара байланысты жиынтықтауыштар мен жабдықтар) орнату, жөндеу және ауыстыру.

      23. Қауіпті ақауларды және елеулі деформацияларды және жол жамылғысының бұзылуларын жою кезінде жергілікті телімдерде қауіпті деформациялар мен бұзушылықтарды жою мақсатында, кейіннен алынған материалды негіз қабаты үшін пайдалана отырып және жамылғының жаңа қабатын төсей отырып, жамылғының ені бойынша жергілікті жерлерді ресайклирлеу жұмыстары орындалады.

4. Көшелер мен ондағы құрылыстарды орташа жөндеу

      24. Орташа жөндеу автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстардың бастапқы пайдалану қасиеттерін қалпына келтіруге байланысты жұмыстарды мерзімді орындауды көздейді. Орташа жөндеу бойынша жұмыстардың көлемі ведомстволық сараптамадан өте отырып, ақаулар ведомостарының негізінде жасалатын сметалық есеппен анықталады.

      25. Көшелер мен жол құрылыстарын орташа жөндеу кезінде мына жұмыстар орындалады:

      1) жер төсемесі және су бұру бойынша:

      жұмыс көлемінің тізімдемесі негізінде ылғал және қар басатын жерлерде жер төсемесінің ұзындығы бойынша шағын телімдерін көтеру және кеңейту, оның геометриялық параметрлерін жөнделетін жол үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес нормаларға дейін жеткізе отырып, жер төсемесін түзету, жер төсемесінің батпақты топырақтарын ауыстыру, ісінген телімдерді, сондай-ақ қосымша жолақты салу үшін апаттық-қауіпті телімдерде жою және / немесе қайта салу;

      құламаларды нығайту үшін габиондарды орнату;

      жөнделетін жол үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес келтірілген геометриялық параметрлерді келтіре отырып, жер төсемесін түзету (кеңейту, көтеру, топырақты ауыстыру, көрінуді қамтамасыз ету, дөңгелектеу радиустарын ұлғайту, бойлық еңістерді және тік қисықтар мен бұрылыстарды тегістеу), жолдың жекелеген телімдерін түзету;

      геотор мен геошарбақ элементтері бар еңісті нығайтуды қалпына келтіру;

      геотор мен геошарбақты ауыстыру және қайта орнату;

      жол жиегінің пішінін қалпына келтіру;

      қолданыстағы су бұру арықтарын тазарту, қоқыстарды тиеу және қоқыс орындарына шығару, жаңа арықтарды қазу, үйінділер мен ойықтардың беткейлерінің зақымдануын түзету және тіктігін азайту, дренажды, қорғаныс және нығайту құрылғыларын, су бұру құрылыстарын және көпірлер мен құбырлардың маңындағы бұру арналарын түзету;

      тұрақты шымтезек жамылғысын қалыптастыру бойынша қажетті агротехникалық іс-шараларды жүргізе отырып, жер төсемесі мен резервтердің беткейлерін шөптермен егу, опырылуларды, көшкіндерді және сел шығарындыларын тазарту;

      жол жиектерін толтыру, кесу, тегістеу және нығайту;

      2) жол төсемелері бойынша, оның ішінде:

      цемент-бетонды жабындысы бар жабынды автожолдар бойынша:

      тозған тақталарды алмастыру, темір-бетон төсемдерінің жеке тақталарын көтеру немесе тегістеу;

      қорғау қабатын салу, үлкен ұзақтықтағы темір-бетон тақталарының және цемент-бетон төсемдерінің жапсарларын жөндеу, жеке учаскелерде асфальт-бетон қабатын салу;

      асфальт-бетонды және өтпелі жабынды автожолдар бойынша:

      жетілдірілген қоспаларды қолданумен үстіңгі қабатты өндеу; жетілдірілген төсемнің тозған жоғарғы қабатын қалпына келтіру және қолданыстағы жол жамылғысын бөлшектеу және қажетті жағдайда қабатты тегістейтін және үстіңгі қабатқа немесе жөнделетін учаскенің барлық ұзындығына тозу қабатына өндеу жүргізу арқылы жеке және иірімді учаскелерде жол жамылғысын салу;

      асфальт-бетон қоспасының қажетті мөлшерін қосу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қалпына келтіру;

      жаңа материалдардың қажетті мөлшерін қосу арқылы және жол жабындарының негізін салу үшін алынған материалдарды, оның үстіне асфальтты-бетон қабатын немесе тозу қабатын төсеу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қайлау және қалпына келтіру;

      жаңа материалдарды және жұмыс өндірісінің технологияларын қолдану арқылы сыналған учаскелерді салу және оларға мониторинг жүргізу; шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын, сондай-ақ материалдар қолдану арқылы топырақты жолдарды қалпына келтіру;

      қиыршықтасты және топырақты жолдардың жүру бөлігін тұтқыр және шаңсыздандыратын материалдармен жақсарту;

      вираждарды салу және қозғалыс үшін қауіпті қисық көрінулерді қамтамасыз ету;

      жөнделетін учаскелердің жүру бөлігін белгілеу;

      жолдың техникалық санатын өзгертпей, ұзақтығы 15 километрден аспайтын ұсақтасты және қиыршықтасты жабынды асфальт-бетонды жабынға ауыстыру.

      асфальтбетон және ауыспалы жамылғылары бар автомобиль жолдар бойынша:

      беттік өңдеу құрылысы, оның ішінде жетілдірілген қоспаларды пайдалана отырып;

      қолданыстағы жол төсемелерін бөлшектей отырып және қажет болған жағдайда құрылғымен топырақты тұрақтандыра отырып, жөнделетін телімнің бүкіл бойында тегістеу қабатын және беттік өңдеуді немесе тозу қабатын, қолданыстағы жамылғыны фрезерлемей, жекелеген және ісінгіш телімдерде жол төсемелерінің тозған жоғарғы қабаттарын қалпына келтіру және жол төсемелерін салу;

      асфальтбетон қоспасының қажетті мөлшерін қоса отырып, қатпарлары, сораптары, тарақтары және басқа да деформациялары мен ақаулары бар жетілдірілген жамылғыларды қайта қалпына келтіру;

      жол төсемесінің негіздерін салу үшін қажетті жаңа материалды қоса және алынған материалды асфальтбетон жамылғысының төменгі және жоғарғы қабаты, жамылғының қорғаныш қабаты немесе тозық қабаты үстіне төсеумен пайдалан отырып үлкен және кіші тереңдіктерге ресайклирлеу;

      жаңа материалдар мен жұмыс өндірісінің технологияларын қолдана отырып, тәжірибелік телімдерді салу және оларға мониторинг жүргізу;

      шағыл тас пен қиыршық тас жамылғыларының, сондай-ақ материалдар қосылған топырақ жолдардың пішінін қалпына келтіру;

      қиыршық тасты және топырақты жолдардың жүру бөлігін тұтқыр және шаңсыздандыру материалдарымен жақсарту;

      қозғалыс үшін қауіпті қисықтарда бұрылыстарды орнату және көрінуді қамтамасыз ету;

      жөнделетін бөлігінде жүріс бөлігіне жол таңбасын салу;

      жолдың техникалық санатын өзгертпестен (жол төсемесін күшейту бойынша тиісті есеппен) шағыл тас және қиыршық тас төсемесін асфальтбетон төсемесіне ауыстыру;

      автомобиль жолдарының телімдерін жөндеуге дейін және кейін серпімділік модулін анықтау;

      көлік ағынының құрамында бір оське түсетін жүктеме 100 кН-нен жоғары жүк автомобильдерінің жалпы санының 60 пайызын құраса тәулігіне 200 автомобильден астам қарқындылығы бар жол төсемесінің асфальтбетон жамылғысын кемінде 2 қабатын салу;

      көтерілу және түсу кезінде апаттық-тежегіш құламаларды салу;

      асфальтбетон жамылғысын ылғалдың, ауаның, күн радиациясының енуінен тиімді оқшаулау, атмосфералық әсерден бұзылған битумды қалпына келтіру, жамылғылардың суға төзімділігін сақтау және қалпына келтіру үшін жасартқыш сұйықтықтарды пайдалану;

      3) жасанды құрылыстар бойынша:

      деформациялық жіктердің астындағы су өткізгіш науаны қалпына келтіру;

      су бұру құбырларын жөндеу (құбырларды ұзарту немесе қосымша құбырларды орнату);

      жаяужолға гидрооқшаулағыш түйісетін жерде жамылғыда жіктерді орнату және оларды мастикамен толтыру;

      су бұру құбырларындағы оқшаулауды жөндеу;

      10 сантиметрден астам шөккен көпірдің үйіндімен түйісу тораптарын жөндеу (шағыл таспен қосымша себу есебінен тегістеу);

      үйіндімен түйісетін шеткі жаяужол тақталарын ауыстыру;

      жол төсемелерін қалпына келтіре отырып, өтпелі тақталардың жекелеген мығысуларын жою;

      өтпелі тақталарды ашу арқылы шайылу кезінде топырақ шашу;

      болат элементтері бар деформациялық жіктердің бөлшектерін ішінара ауыстыру;

      жұмыстар жол төсемесі деңгейінде орындалған кезде мастикалық және резеңке толтырғышпен жабық типтегі деформациялық жіктерді ауыстыру;

      жаяужолдардағы деформациялық жіктерді ауыстыру;

      жаяужол жамылғысын тегістеу, жаңа жамылғы салу;

      жаяужол блоктарындағы кең саңылаулардың ойықтарын бітеу, жаяужолдар қасбетін қорғаныш жабынмен өңдеу;

      жаяужол блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;

      жаяужол блоктарының жапсарларын таптау және оқшаулау;

      жаяужолдарды қалпына келтіру, жеке зақымдалған блоктарды нығайту немесе ауыстыру;

      жаяужол тақталарының ойықтарын жою;

      оқшаулауды орнату немесе жаяужолдарды асфальтбетонмен жабу;

      жекелеген секцияларды жөндеу, жекелеген тірек бағаналарын анкерлеуді үшейту;

      көпір құрылысының бүкіл ұзындығы немесе ұзындығының бір бөлігі бойынша қоршауларды ауыстыру;

      тіректерді бүкіл ұзындығы бойынша бояу;

      тірек бағаналарын нығайту торыптарын жаңадан анкерлеу арқылы ауыстыру;

      құрылымдардың барлық бетон беттерін (тақталар, арқалықтардың қабырғалары, аркалар және басқа да элементтер) гидрофобтау немесе бояу;

      диафрагма жапсарларын жөндеу;

      көпірлер мен жол өтпелерін ішінара қайта құру немесе жөндеу, жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салу, сондай-ақ су өткізу құбырларын толық немесе ішінара қайта құру немесе жаңа су өткізу құбырларын олардың су өткізу қабілетін арттырв отырып (гидрологиялық есептеумен расталған кезде) және олардың габариттері мен есептік жүктемелерін тиісті нормаларға дейін жеткізу;

      көпірлерде жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау (төсеніштерді, арқалық торларды, жекелеген тораптар мен элементтерді ауыстыру, қалауды, жер төсемесімен түйісулерді түзету);

      алдын ала кернеулі темірбетон және металл аралық құрылыстардағы құрылыстың көтерілуін бақылау;

      көпірдің жүру бөлігіндегі жамылғыларды қалпына келтіру немесе ауыстыру;

      жаяужол блоктарындағы жарықшақтарды таптау, жаяужолдарға жамылғылар төсеу;

      жол қозғалысының қозғалысы шектеулі қатысушылар үшін арнайы символдарды, тактильді, дыбыстық және көрнекі жерүсті көрсеткіштерін орнату, ауыстыру және жөндеу;

      қоршауларды жөндеу немесе қайта құрылымдау;

      материалдар мен құрылымдарды ауыстыра отырып, деформациялық жіктерді жөндеу;

      гидрооқшаулауды жөндеу;

      жаяужолдарды, қоршауларды, жиектерді жөндеу және ауыстыру;

      көпірдің жүру бөлігіндегі су бұруды жақсарту, су өткізгіш құбырлар мен терезелерді ауыстыру;

      темірбетон құрылымдарының қасбеттік беттерін гидрооқшаулау, негізгі арқалықтардың беттерін бояу;

      жарықшақтарды беттік тығыздау, қуыстарды, сынықтарды тығыздау, көпірдің темірбетон элементтерінің қорғаныш қабатын қалпына келтіру;

      металл аралық құрылыстарды үздіксіз бояу;

      арқалықтарды байланыстырғыштарды қалпына келтіру;

      дренажды және су бұруды, өтпелі тақталарды ауыстыра отырып, көпірдің үйіндімен түйісуін жөндеу;

      жер төсемесі құламаларының нығайтуларын және реттеу құрылыстарын жөндеу;

      тіректер мен реттеу құрылыстарындағы ойықтарды жою;

      металл аралық құрылыстардағы жекелеген элементтерді күшейту, өтпелі фермалары бар көпірлердегі тор элементтерін түзету;

      тойтармаларды беріктігі жоғары бұрандаларға ауыстыру;

      тірек бөліктерін жөндеу және жобалық жағдайына қайта келтіру;

      тірек алаңдарындағы құйылыс тетігін жөндеу және қалпына келтіру;

      қаптау жіктерін сөгу, ерітінділерді жарықтарға инъекциялау;

      аралық құрылыстар мен тіректердің қарау құрылғыларын жөндеу және қалпына келтіру;

      тіректердің денесін жөндеу;

      темірбетонды аралық құрылыстарды тіреу орындарында тірек бөліктерін күшейту;

      құбырлардың жеке буындары мен бастиектерін ауыстыру немесе жөндеу, оқшаулау мен жапсарларды түзету;

      тірек қабырғаларын, нығайту және реттеу құрылыстарын, қорғау галереялар мен қалқаларды жөндеу, сондай-ақ олардың жекелеген элементтерін ауыстыру;

      көпірлер мен су өткізгіш құбырларды жөндеу кезінде қажет болған жағдайда ұзындығы бір шақырымнан аспайтын айналма жолдарды салу қажет;

      жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін ішінара қайта құру немесе жөндеу;

      туннельді қаптауды және гидрооқшаулауды қалпына келтіру (жіктерді таптау, ерітіндіні айдау, жалаңаш арматураны тазалаумен және тоттан қорғаумен бетонның қорғаныш қабатын қалпына келтіру, бетонның әлсіз қабаттарын алып тастау);

      туннель құрылымының элементтерін бояу;

      туннельдегі жүру бөлігі мен жаяужолдарды қалпына келтіру (жамылғының ұсақ деформациялары мен зақымдануларын жою, шұңқырларды, жарықшақтарды, шөгінділерді, сораптарды бітеу, деформациялық жіктер мен жиектерді қалпына келтіру);

      туннельде және кіреберістерде су бұруды қалпына келтіру;

      кіреберістерде және туннель үстінде құламалардың су шайыған жерлерін нығайту;

      инженерлік жүйелердің (жарықтандыру және желдету жүйелерінің) жекелеген бөліктерін немесе жерлерін ауыстыру немесе қалпына келтіру;

      су өткізгіш құбырлардың жекелеген элементтерін (құрылымдарын) ауыстыру және жөндеу;

      көпірлерде, жол өтпелерінде және басқа да жасанды құрылыстарда қосымша күшейту тақталарын орнату жолымен жүру бөлігін және жабық типтегі жаяу жүргіншілер жолдарын (қорғау галереяларды) көтергіш құрылымдарды өзгертпей кеңейту;

      тік және көлбеу көтергіш жабдықтарды жөндеу, ауыстыру немесе орнату;

      автомобиль жолдары мен көшелердің бөлінген алап шегінде жаңа құрастырмалы-модульді композиттік жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін (жарықтандырумен және электрмен жабдықтаумен) орнату және жөндеу;

      көпірлер мен жол өтпелерін ішінара жөндеу, сондай-ақ техникалық құжаттамамен бекітілген, жөнделетін жол үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес келетін нормаларға габариттер мен есептік салмақтарға жеткізе отырып, су өткізу құбырларын толық немесе ішінара орнату;

      су құбырларын орнату;

      геотор, геотоқыма, геошарбақ орнату;

      демалыс алаңы бар эстакадаларды салу;

      4) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды жайластыру және абаттандыру, ЖҚҰТҚ, байланысты және жарықтандыру ұйымдастыру нысандары бойынша:

      елді мекендер арқылы өтетін жол телімдерінде қолданыстағы жаяужолдарды, жаяу жүргіншілер жолдарын және арық жүйелерін орнату және жөндеу;

      жекелеген айырықтарды, демалыс алаңдарын, көрнекі жерлерді сәулеттік безендіруді және абаттандыруды қоса алғанда, жөнделіп жатқан телімдерде жаңа дара ЖҚҰТҚ орнату, жол қоршауларын жөндеу;

      қажет болған жағдайда қардан қорғау есебімен негізделген тұрақты қардан қорғайтын құрылғыларды орнату;

      кіреберістер мен өткелдерді, жазғы және трактор жолдарын жөндеу;

      дабыл, ЖҚҰТҚ, ақпараттық таблолар, байланыс және жарықтандыру құралдарын орнату және жөндеу;

      түрлі модификациядағы тұтқаларды, пандустарды, тік және көлбеу қозғалыстағы түрлі модификациядағы көтергіштерді, лифттерді, баспалдақтарды және жол қозғалысының қозғалысы шектеулі қатысушылар үшін сатыларды орнату, ауыстыру және жөндеу;

      жол қозғалысының қозғалысы шектеулі қатысушылар үшін бағдаршам шақыру батырмасын орнату, ауыстыру және жөндеу;

      автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарда ақпараттық жүйелерін, жеке жобалаудың белгілері мен таблоларын, жол қозғалысын диспетчерлік және автоматтандырылған басқарудың элементтері мен жүйелерін;

      ауыспалы ақпараты бар дербес және қашықтан басқарылатын белгілер мен таблоларды, ЖҚҰТҚ орнату, ауыстыру және қалпына келтіру;

      автомобиль жолдарын (аялдау павильондарды, тірек қабырғаларын, ақпараттық панельдерді және басқа да құрылыстарды) жайластыру элементтерін жөндеу;

      демалыс алаңдар сала отырып, аялдама алаңдарын (электр жарығымен, дәретханамен, қоршаумен, көгалдандырумен, абаттандырумен және басқа да жайластырумен) салу;

      дәретханаларды (оның ішінде жол қозғалысының қозғалысы шектеулі қатысушыларға, ана мен балаға арналған бөлмелері, душ кабиналары бар), аялдама павильондарды, оның ішінде оларды жарықтандыру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау (оның ішінде автономды (ұңғыманы бұрғылау) және кәріз жүйесін жобалау құжаттамасын және инженерлік жүйелердің иелерімен техникалық шарттарды келісе отырып, салу және жөндеу;

      елді мекендер шегінде істен шыққан бүйірлік тасты (жиектасты) ішінара қалпына келтіру, қайта орнату немесе ауыстыру;

      жүру бөлігіне қатысты құдықтардың биіктік жағдайын қалпына келтіру;

      сәйкестік сертификатын ала отырып, қажетті коммуникациялық желілерге қосыла отырып, көлік ағыны қозғалысы қарқындылығының мониторингілеу (есепке алу) және бақылау үшін өлшеу аспаптарын, жабдықтарды және бағдарламалық жасақтаманы орнату;

      жолдардың жүру бөлігін жануарлардан қорғау функциясы бар аспаптарды (қоршауларды) орнату;

      жол қозғалысы қағидаларын бұзушылықтарды тіркеудің өлшеу құралдарын, аспаптарын, жабдықтары мен бағдарламалық жасақтамаларын орнату және жөндеу;

      көлік ағыны қозғалысы қарқындылығының мониторингіні (есепке алу) жүзеге асыру үшін өлшеу құралдарын, құрылғыларды, аспаптарды, жабдықтар мен бағдарламалық жасақтаманы орнату және жөндеу;

      жайластыру элементтерін, жол қызметі және жол сервисі нысандарын салу және/немесе жөндеу;

      елді мекендер арқылы өтетін жол телімдерінде қолданыстағы жаяужолдарды, жаяу жүргіншілер жолдарын (жол қозғалысының қозғалысы шектеулі қатысушылардын қажеттіліктерін ескере отырып) және арық жүйелерін жөндеу және жаңа жаяужолдарды салу;

      жаңа жеке ЖҚҰТҚ, жөнделетін телімдерде ЖҚҰТҚ орнату және ауыстыру (қалпына келтіру), жекелеген айырықтарда демалыс алаңдарын, автомобиль тұрақтарын, көрікті жерлерді сәулеттік безендіруді және абаттандыруды қоса алғанда, жол қоршауларды жөндеу;

      жол қозғалысы қауіпсіздігі инженерлік-техникалық рәсімдерін ұйымдастыру және жүргізу;

      жол төсемесінің температурасын, ылғалдылығын және деформациясын анықтау бойынша өлшеу аспаптарын, құрылғыларын орнату, жөндеу;

      инженерлік желілердің (электр, байланыс бағаналары, ауыз су, газ құбырлары мен құдықтардың) орнын ауыстыру;

      5) жол жүру ақысын алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешені және ЗКЖ бойынша:

      жол ақысын алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешенін және ЗКЖ жаңғырту және қайта құрылымдау:

      сервер жабдығының аппараттық-бағдарламалық бөлігін, желілік, коммутациялық және жол жүру ақысын, бақылау-өлшеу аспаптарын, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін және фото/бейне тіркеуді тану жүйесін, жұмыс станциялары мен ұйымдастыру техникасын орнату, жөндеу, ішінара немесе толық ауыстыру, жаңарту, біріктіру;

      ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық жасақтаманы орнату, ішінара немесе толық ауыстыру, жаңарту, толықтыру, біріктіру;

      лицензияланған бағдарламалық жасақтаманы орнату және жаңарту;

      бақылау аркаларының жабдықтарын орнату және ішінара немесе толық ауыстыру;

      ақпараттық (жарықдиодты) жол белгілерін және жеке жобаланатын таблоларды орнату, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемі сметалық құжаттамамен айқындалады;

      жол ақысын алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешен нысандарына қол жеткізуді бақылау жүйесін орнату, жөндеу және ауыстыру;

      автомобиль жолдарының ақпараттық жүйелерін енгізу;

      ЗКЖ және жол жүру ақысын алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешенінің қолданбалы бағдарламалық жасақтамасын ауыстыру, дамыту, толық жаңғырту.

      26. Жолдың пайдалану жай-күйін (оның ішінде оның жекелеген элементтері мен инженерлік желілерін) қалпына келтіруді және көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыстардың басқа да түрлері:

      жол қозғалысы қауіпсіздігінің инженерлік-техникалық рәсімдерін ұйымдастыру және жүргізу (оның ішінде ЖКО шоғырлану орындары мен телімдерін жою);

      ақы алу пункттері мен ілеспе жүйелердің жаңа серверлік үй-жайларын салу.

5. Көше жолдары мен ондағы құрылыстарды күрделі жөндеу

      27. Көше жолдарын күрделі жөндеу жолдың және ондағы құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйін жоғарылату, атап айтқанда, қолданыстағы жолдың техникалық санатын өзгертусіз жол жамылғысы мен ондағы құрылыстардың мықтылығын ұлғайтумен байланысты кезеңдік жұмыстардың орындалуын көздейді.

      28. Күрделі жөндеуге жататын көше учаскелері қызметтің жөндеу аралық мерзімінің негізінде және жол диагностикасының нәтижесінде белгіленеді.

      29. Күрделі жөндеу кезінде жекелеген жолдарды жоспарда қалай болса, солай қапталды бойында жөнделіп жатқан жол учаскесінің жалпы ұзындығының ұзақтығы 25 пайызға дейін тіктетуге рұқсат беріледі.

      30. Жол пайдалану қызметінің көпірлері мен жол өтпелерін, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстар кешенін қызметтің жөндеу аралық мерзімінің және олардың диагностикалау нәтижелері негізінде күрделі жөндеуге бағытталуына болады.

      31. Күрделі жөндеу кезінде мынадай жұмыстар орындалады:

      1) жер төсемі және субұрғыш бойынша:

      жер төсемін жөнделетін жол (кеңейту, көтеру, топырақты ауыстыру, көрінуді қамтамасыз ету, дөңгелету радиусын ұлғайту, бойлық еңістерін жұмсарту, тік иіндерін және жалтарыстарын құру) үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес нормаларға дейінгі оның геометриялық параметрлеріне жеткізумен түзету, жекелеген жол учаскелерін тіктету;

      жер төсемінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін шоқталған, шөккінделген және опырылған учаскелерді жою, кәріздерді, оқшаулайтын қабатшаларды құру және басқа жұмыстар;

      қолданыстағыларды қалпына келтіру және қайта құру, сондай-ақ жаңа қажетті субұрғыш жабдықтарды, жағалық қорғау және эрозияға қарсы құрылыстарды салу;

      көшелердегі қиылыстар мен жанасуларда жер төсемі мен субұрғыш жүйесін құру, сондай-ақ аялдамалар, тұрақтар, аялдау павильондары мен тоқталу алаңдары үшін алаңдары жайластыру бойынша жұмыстарды орындау;

      көшені күрделі жөндеу бойынша жұмыстар аймағында орналасқан жойылатын жол учаскелерін, жол бойындағы резервтерді қалпына келтіру;

      су тасқыны, сел, нөсерлік және басқа табиғат апаттарының салдарын жою;

      2) жол төсемелері бойынша:

      жол төсемелерін күшейту (қалыңдату), кеңейту және қолданыстағы жол төсемелерін негіз ретінде регенерациялау және пайдалана отырып, жол төсемелерінің неғұрлым жетілдірілген түрлерін салу, сондай-ақ жолдардың қайта салынатын (түзетілетін) төсемелерінде және елді мекендердің айналма жолдарында және оларға ұзындығы 5 шақырымнан аспайтын кіреберістерде жол төсемелерін салу, көлік айрықтарында, инженерлік құрылғыларда, жаяужолдарда, өтпелі және велосипед жолдарында, аялдама алаңдарында, павильондарда және демалыс алаңдарында сондай-ақ оларға өтпелі-жылдамдық жолақтарында жол төсемелерін салу;

      цементбетон жамылғылары бойынша:

      ескі цементбетон жамылғысының үстіне оның тұтастығын бұзбай асфальтбетон қоспаларынан нығайту қабаттарын салу;

      ескі цементбетон жамылғысын алдын ала ұсақтай отырып және осылайша алынған негіз материалын мұқият тығыздай отырып, ескі цементбетон жамылғысының үстіне оның тұтастығын бұзбай асфальтбетон қоспаларынан нығайту қабаттарын салу;

      цементбетоннан, армобетоннан, фибробетоннан, модификацияланған цементбетоннан нығайту қабаттарын салу;

      шағыл тасты және қиыршық тасты жамылғылардың, сондай-ақ жаңа материалдарды қоса отырып, топырақты жолдардың пішінін түзету, тұтқыр материалдармен жүру бөлігін жақсарту;

      жетілдірілген жамылғылардың шеттері бойынша, оның ішінде негізгі жол төсемесінің типі бойынша жасанды және табиғи материалдардан тозған жиектерді ауыстыру және жаңа жиектерді және нығайтқыш жолақтарды салу;

      жол төсемелерінің жаңа құрылымдарын, жаңа материалдар мен жұмыстарды жүргізудің жаңа технологияларын қолдана отырып, тәжірибелік телімдерді салу және оларға мониторинг жүргізу;

      көтерілу және түсу кезінде апаттық құламаларды орнату;

      жол төсемесінің ескі құрылымын өңдеу және жаңасын салу;

      жол төсемесінің құрылымын күшейту;

      қолданыстағы жамылғының үстіне асфальтбетон қабаттарын төсеу арқылы жол төсемесінің құрылымын күшейту;

      жол төсемесінің құрылымын ресайклирлеу және жаңа асфальтбетон қабаттарын төсеу арқылы күшейту;

      жол төсемесінің құрылымын қолданыстағы жол төсемесінің құрылымын күшейтудің басқа да заманауи әдістерімен күшейту;

      шағыл тас және қиыршық тас төсемелері бойынша:

      жолдың техникалық санатын өзгертпестен шағыл тас пен қиыршық тас төсемесін асфальтбетон төсемесіне ауыстыру;

      3) жасанды құрылыстар бойынша:

      көпірлер, көлік айрықтары, оның ішінде жаяу жүргіншілер, өтпежолдар, олардың габариттері мен жүк көтергіштігін есептік жүктемелерге жеткізе отырып салу, толық немесе ішінара қайта салу (жаңа арқалықтарды қоспай габаритті кеңейтумен көпірді жөндеу; беларқаны арттыру және күшейтудің жаңа арқалықтарын қоса отырып габаритті кеңейтумен көпірді жөндеу; тіректі бір жағынан немесе екі жағынан арттыратын жаңа арқалықтарды қоса отырып, габаритті кеңейту);

      металл көпірдің негізгі арқалықтары мен фермаларының элементтерін түзету және нығайту;

      металл аралық құрылыстарды ауыстыру;

      көпірдің жүру бөлігін ауыстыру;

      су өткізгіш құбырды салу және қайта құру;

      буындарды, бас тиектерді ауыстыру және құбырларды нығайту;

      зақымдалған құбыр сақиналарын ауыстыру;

      жаңа сақиналар мен бастиектер есебінен құбырдың ұзындығын ұзарту;

      қалқымалы көпірлерді, паром өткелдерін, теміржол өткелдерін тұрақты көпірлер және өтпежолдармен ауыстыру;

      тіреу қабырғаларын, қорғаныш нығайту және реттеу құрылыстарын салу және қалпына келтіру;

      қайта салынған және жаңадан салынған көпірлерді сынау;

      туннельдердің, қорғаныс галереяларының және таулы жол қалқаларының құрылымдық элементтерін жөндеу және ауыстыру, сондай-ақ уақытша галереялар мен қалқаларды тұрақты галереяларға ауыстыру;

      көпірлер мен өтпежолдарды толық немесе ішінара қайта құрылымдау немесе жөндеу, сондай-ақ техникалық құжаттамамен бекітілген, жөнделетін автомобиль жолы үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес келетін нормаларға габариттер мен есептік салмақтарды жеткізе отырып, су өткізу құбырларын толық немесе ішінара қайта құрылымдау және жаңа салу;

      көпірлер мен өтпежолдарды ішінара қайта құру немесе жөндеу, жер үстіндегі су өткізгіш құбырларды орнату, сондай-ақ толық немесе ішінара қайта құру немесе диаметрі 0,5 метрге дейінгі жаңа су өткізгіш құбырларды орнату, олардың су өткізгіштік қабілетін арттыру және олардың габариттері мен есептік жүктемелерін тиісті нормаларға дейін жеткізу;

      демалыс алаңы бар эстакадаларды салу;

      4) көше қозғалысын, байланысын және жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша жолды жайластыру мен орналастыру:

      жолдардың немесе олардың жекелеген учаскелерін архитектуралық безендіру және орналастыру;

      аялдамалық алаңдарды жайластыру;

      өткізу қабілетін ұлғайту мақсатында көше жолдарында жолақтарды кеңейтуді қоса өткізу пунктін жабдықтау және орналастыру;

      қоршаған ортаны қорғау (қазандықта тозаң жұту құрылғысын орнату, су көздерін ластанудан қорғау және басқа жұмыстар) бойынша шараларды жүргізу.

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2026 жылғы "7" шілдедегі
№ 130 қаулысына 2-қосымша

Қызылорда облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 307 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5368 болып тіркелген).

      2. "Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 307 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 18 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8489-11 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады