"Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақтоғай ауданының отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 06/01 қаулысы

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 5-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 31-бабының 1-тармағының 39) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республиксы Заңының 18-бабына, "Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығына сәйкес, Ақтоғай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақтоғай ауданының отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақтоғай ауданының отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      Аудан әкімі А.Аманжолов

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 23 қаңтардағы
№ 06/01 қаулысымен бекітілген

"Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақтоғай ауданының отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақтоғай ауданының отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) Ақтоғай ауданының аумағында функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      2. Орталық 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 06/01 Ақтоғай ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылды.

      3. Орталықтың құрылтайшысы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігі (бұдан әрі – құрылтайшы) болып табылады.

      4. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты Орталықтың мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.

      5. Орталықтың атауы: "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақтоғай ауданының отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      6. Орталықтың тұрған жері: Қазақстан Республикасы, 100200, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 1 А үй.

2-тарау. Орталықтың заңдық мәртебесі

      7. Орталықтың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Орталықтың атауы жазылған мөрі болады.

      8. Орталық басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.

      9. Орталық өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Орталықта ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.

      10. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

3-тарау. Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары

      11. Орталық қызметінің мәні мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру.

      12. Орталық қызметінің мақсаты барлық жүгінген адамдарға (отбасыларға) ерікті негізде көмек көрсетуге және жан-жақты қолдау көрсетуге жәрдемдеседі.

      13. Орталық мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру;

      2) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      3) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;

      4) тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсету;

      5) мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;

      6) жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      7) мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдау;

      8) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары қатысқан кезде өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;

      9) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша өзге де шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асыру.

      14. Орталыққа осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

      15. Орталық Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле: уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, құрылтайшының, прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

4-тарау. Орталықты басқару

      16. Орталықты жалпы басқаруды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      17. Уәкілетті орган заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) құрылтайшыға Орталыққа мүлікті бекіту бойынша ұсыныстарды береді;

      2) Орталықтың жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      3) Орталықтың мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      4) құрылтайшыға Орталықтың жарғысын бекітуге, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныстар береді;

      5) Орталықтың басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, Орталықтың шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

      6) Орталық басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

      7) Орталықтың құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

      8) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

      9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Орталыққа берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісімін береді;

      10) құрылтайшыға Орталықты қайта құруға немесе таратуға ұсыныс береді;

      11) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      18. Орталық басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органмен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. Орталықтың басшысы Орталық жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, уәкілетті органға тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және Орталыққа жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

      20. Орталықтың басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Орталық қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

      21. Орталық басшысының Орталықпен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

      22. Орталықтың қызметті жүзеге асыруы барысында Орталық басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Орталық атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Орталықтың мүддесін білдіреді;

      3) шарттар жасайды;

      4) сенімхаттар береді;

      5) Орталықтың іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың озге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      6) банк шоттарын ашады;

      7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      8) уәкілетті орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа, Орталық қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      9) Орталық қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;

      10) Орталықтың қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;

      11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;

      12) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және уәкілетті органы немесе құрылтайшы жүктелген озге де функцияларды жүзеге асырады.

5-тарау. Орталық мүлкінің құрылу тәртібі

      23. Орталық мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Орталықтың мүлкі мыналардың:

      1) оған меншік иесі берген мүлік;

      2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздере есебінен құрылады.

      24. Орталық дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.

      25. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Орталыққа кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 161-бабының 2-тармағында көзделген салаларында мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.

      26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, Орталықтың қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.

      27. Орталық бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

      28. Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органы жүзеге асырады.

6-тарау. Орталықтағы жұмыс тәртібі

      29. Орталықтың жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      30. Орталықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшының шешімі бойынша жүзеге асырылады және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес аймақты тіркеу органдарында тіркеледі.

8-тарау. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

      31. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі.

      32. Мемлекеттік занды тұлға, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

      33. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды құрылтайшымен жүзеге асырады.

      34. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Орталықтың мүлкін құрылтайшы қайта бөледі.

      35. Таратылған Орталықтың мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

9-тарау. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

      36. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады