"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 381-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 2 наурыздағы № 88-НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 381-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2023 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 381-НҚ бұйрығымен
бекітілген";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Комитет мыналардан тұрады:

      1) Жастар бағдарламасы және ынтымақтастық басқармасы;

      2) Отбасы саясатын үйлестіру басқармасы;

      3) Жастар саясаты саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл басқармасы;

      4) Жастар саясаты мәселелесі бойынша өңірлерді үйлестіру басқармасы;

      5) Жиынтық талдау және мониторинг басқармасы;

      6) Гендерлік саясатты үйлестіру басқармасы.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Функциялар:

      1) жалпы функциялар:

      стратегиялық:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      мемлекеттік жастар, отбасылық және гендерлік саясат саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      реттеуші:

      Комитет құзыреті шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту жөнінде тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

      іске асыру:

      Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қою;

      Комитеттің құзыреті шегінде заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпаратты, анықтамаларды, шолуларды дайындау;

      Комитеттің құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;

      мемлекеттік жастар, отбасылық және гендерлік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      мемлекеттік жастар, отбасылық және гендерлік саясат мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, сараптамалық қорытындылар алу үшін консультативтік құжатты немесе кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптамалық кеңестерге жіберу;

      Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сұрау салуы бойынша хабарлау тәсілінің және реттеуші саясаттың консультативтік құжатын жария талқылауды жүргізу тәсілінің(дерінің) толықтығы бойынша қорытынды беру;

      жеке қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылау жүргізу;

      ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      Комитет қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      мемлекеттік жастар, отбасылық және гендерлік саясат саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар, отбасылық және гендерлік саясат мәселелері бойынша республикалық және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      жастардың волонтерлік қызметін дамытуға жәрдемдесу;

      мемлекеттік жастар, отбасылық және гендерлік саясат салаларында үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, мониторингілеуді және оның нәтижелерін бағалауды, оператор арқылы гранттар беруді, интернет-ресурста тақырыптарды орналастыруды және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыреті шегінде үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар өткізетін іс-шараларға тұрақты қатысуды қоса алғанда олармен өзара іс-қимыл жасау;

      мүдделі мемлекеттік органдармен рухани-адамгершілік дамуға және өзара іс-қимылға бағытталған үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру және қолдау;

      мемлекеттік жастар, отбасылық және гендерлік саясат саласындағы қызметті ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету құзыреті шеңберінде жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар, отбасылық және гендерлік саясат салалары бойынша брифингтер мен өзге де жария іс-шараларды дайындау;

      үрдістерді жүйелі талдау мен болжауды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік жастар, отбасылық және гендерлік саясат салаларында анықтамалық материалдар дайындау;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген функциялар жалпы болып табылады және оларды Комитеттің барлық басқармалары өз құзыреттері шегінде іске асырады.

      2) Жастар бағдарламалары және ынтымақтастық басқармасы:

      реттеуші:

      республикалық жастар форумын өткізу тәртібін әзірлеу;

      "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның тәртібін әзірлеу, жұмысын ұйымдастыру;

      "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындайтын конкурстық комиссияның қағидаларын, мөлшері мен санын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ жұмысын құру және ұйымдастыру;

      іске асыру:

      жастарға арналған өңірлік ипотекалық бағдарламаларды іске асыруды үйлестіру;

      мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ Басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтер актілерін қарау және келісу;

      мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттарды қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      жетекшілік ететін саладағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, гранттардың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік жастар саясатын іске асыру процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар, ұсынымдар енгізу;

      жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу бойынша жұмысты үйлестіру;

      мемлекеттік жастар, отбасы және гендерлік саясат мәселелері бойынша республикалық және халықаралық іс шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      3) Жастар саясаты мәселелері бойынша өңірлерді үйлестіру басқармасы:

      реттеуші:

      әкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені әзірлеу;

      жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені әзірлеу;

      жұмыс істейтін жастарды сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру қағидаларын әзірлеу;

      еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу;

      еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды әзірлеу;

      іске асыру:

      уақытша орналастырылмаған жастар санын азайтуға бағытталған іс-шаралар бойынша мемлекеттік органдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      аула клубтарының қызметі туралы үлгі ережені әзірлеу;

      жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастыру және өткізу;

      жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу бойынша жұмысты үйлестіру;

      мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тетіктері туралы уақытша орналастырылмаған жастармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.

      4) Жастар саясаты саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл басқармасы:

      реттеуші:

      жастардың даму индексін енгізу және қолдану қағидаларын әзірлеу;

      "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы" ЖШС жұмысын үйлестіру;

      нашақорлық, лудомания, құқық бұзушылық және суицид мәселелері бойынша жастар арасында профилактиканы үйлестіру;

      кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жастар саясаты саласындағы кәсіптік стандарттарды әзірлеу;

      іске асыру:

      "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасын дайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;

      жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу бойынша жұмысты үйлестіру;

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін қамтамасыз ету.

      5) Отбасылық саясатты үйлестіру басқармасы:

      реттеуші:

      "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын әзірлеу;

      отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      отбасын қолдау орталықтары желісінің ең төменгі нормативтерін әзірлеу;

      кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша отбасы саясаты саласында кәсіптік стандарттарды әзірлеу;

      отбасы саясаты саласындағы салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) өзектендіру;

      іске асыру:

      Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен отбасы саясаты саласында өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің жұмысын ұйымдастыру;

      отбасы саясаты саласында әлеуметтанулық және талдамалық зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      отбасы саясаты саласындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды қалыптастыру;

      отбасы мәселелері бойынша республикалық және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      отбасы саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      отбасы саясаты саласындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру.

      6) Гендерлік саясатты үйлестіру басқармасы:

      іске асыру:

      "Қазақстан Республикасының әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға қосылуы туралы" 1998 жылғы 29 маусымдағы № 248 Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияны орындау туралы баяндама дайындау;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілетуді қамтамасыз ету жөніндегі 2024 – 2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат дайындау;

      гендерлік саясат саласында әлеуметтанулық және талдамалық зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      гендерлік саясат саласындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды іске асыру мониторингін қалыптастыру және жүзеге асыру;

      жетекшілік ететін салада, оның ішінде халықаралық ұйымдармен жобалар мен іс-шараларды, гранттарды іске асыруды қамтамасыз ету және үйлестіру;

      гендерлік саясат саласындағы үрдістерді талдау мен болжауды жүзеге асыру;

      гендерлік саясат саласында стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру;

      мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      жетекшілік ететін салада "қазақстандық қоғамдық даму институты" КЕАҚ-мен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      гендерлік саясат саласындағы халықаралық ұйымдармен (БҰҰ, ЭЫДҰ, ДБ және басқалар) өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      гендерлік саясат саласындағы өңірлік жұмыстардың өзара іс-қимылын және үйлестіруді қамтамасыз ету;

      әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      "Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығының және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын, сондай-ақ өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, өзге де субъектілердің мониторингі мен есептерін жинақтауды қамтамасыз ету;

      гендерлік саясат саласындағы жұмысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды, олардың іс-шараларына қатысуды қамтамасыз ету;

      гендерлік саясат мәселелері бойынша брифингтер мен өзге де жария іс-шараларды дайындауды қамтамасыз ету;

      Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыруды және өзектендіруді жүзеге асыру;

      гендерлік саясат саласындағы қызметтерді қаржыландыруға және оның атқарылуын қамтамасыз етуге арналған бюджетті жүзеге асыру;

      гендерлік саясат саласындағы нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру.

      7) Жиынтық талдау және мониторинг басқармасы:

      іске асыру:

      Комитеттің бюджетіне ұсыныстар дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру, оның ішінде көзделген шығыстарды нақтылау;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, іске асыру және мониторингілеу, үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы жүзеге асыру;

      Басқарманың құзыреті шеңберінде Комитет пен Министрліктің сайттарын жастар саясаты салаларында қажетті ақпаратты, ашық деректерді уақтылы орналастыруды және толтыруды қамтамасыз ету;

      Басқарманың құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде Министрліктің даму жоспарын пысықтауды және келісуді қамтамасыз ету;

      Комитет жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі және басқа да сұратылатын ақпарат туралы Кадр және әкімшілік жұмыс департаментіне ақпарат пен ұсыныстар беруді қамтамасыз ету;

      отбасы саясаты саласындағы мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының басымдықтарына, Қазақстан Республикасының стратегиялық және басым құжаттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларына сәйкестігін талдауды жүзеге асыру;

      үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтардың ұсыныстарын зерделеу, әлеуметтік зерттеулер нәтижелерін талдау, халықтың қажеттіліктерін бағалау, іске асырылған гранттардың нәтижелері мен ұсынымдары және жастар және отбасы саясаты саласында мемлекеттік гранттарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы операторға мемлекеттік гранттар беру;

      жастар және отбасы саясаты саласында мемлекеттік гранттарды іске асырудың тиімділігін бағалауды жүзеге асыруға қатысу;

      "Аманат" партиясының "Өзгерістер жолы: әрбір азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының жастар және отбасы саясаты саласындағы гранттық жобаларды қаржыландыру көлемін арттыруға қатысты 75-тармағын әзірлеуге және орындауға қатысу;

      жастар және отбасы саясаты салаларында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға қатысу;

      жастар және отбасы саясаты салаларындағы жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      Министрліктің алқасына және Министрдің халық алдындағы есептік кездесуіне материалдар дайындауды жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыретіне жататын хат алмасуды дайындау және жүргізу бойынша жиынтық-талдау жұмыстарын жүргізу.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
міндетін атқарушы
Қ. Ысқақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады