"Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының 2017 жылғы 22 маусымдағы № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 19 қазандағы № 619/НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының 2017 жылғы 22 маусымдағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15328 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, "Пошта туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 417) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 215 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14530 болып тіркелген) сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымшаның бірінші жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Атауы

Өлшем бірлігі, грамм

Бағалардың шекті деңгейі (теңге, ҚҚС-сыз)



Жеке тұлғалар

Занды тұлғалар

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Бұл бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары-
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Ж. Мәдиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары- Жасанды
интеллект және цифрлық даму министрінің
2026 жылғы 19 қазандағы
№ 619/НҚ бұйрығына қосымша
Байланыс, ақпараттандыру және
бұқаралық ақпарат құралдары
саласындағы мемлекеттік
бақылау комитеті төрағасының
2017 жылғы 22 маусымдағы
№ 29 бұйрығына 1-қосымша

Телекоммуникациялар секторында бекітілген ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейі

№ Р/с

Телекоммуникациялардың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің атауы

Көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы және төлем түрі

Бағалардың шекті деңгейі (теңге, ҚҚС-сыз)

1.

Интернет желісіне қосылу жылдамдығы 2 Мбит/с-тан 50 Мбит/с-қа дейінгі жеке қолжетімділік қызметтері

қосылу жылдамдығы 2 Мбит/с-тан 50 Мбит/с-қа дейін № 1 тарифтік жоспары бойынша ай сайынғы төлем

1 964,29

2.

Интернет желісіне қосылу жылдамдығы 50 Мбит/с-тан астам талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша жеке қолжетімділік қызметтері

қосылу жылдамдығы 50 Мбит/с асатын № 2 тарифтік жоспары бойынша ай сайынғы төлем

1964,29

3.

Интернет желісіне жеке қолжетімділік қызметі бойынша субсидияланатын абоненттерді қоспағанда жергілікті байланыс қызметтері

жергілікті телефон байланыстары қызметтерінің төлемін уақытпен есептелетін жүйеге ауыстырылмаған бір негізгі телефон аппаратына ай сайынғы төлем

596,59


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады