Талдықорған қалалық мәслихатының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 53-290 "Талдықорған қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін 2026 жылға бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2026 жылғы 18 маусымдағы № 54-298 шешімі

      Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2026 жылғы 29 сәуірдегі 53-290 "Талдықорған қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін 2026 жылға бекіту туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Талдықорған қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы.

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2026 жылға арналған Талдықорған қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төменгі мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 0,0081 мөлшерінде, яғни айына пайдалы алаңның бір шаршы метрі үшін 35 (отыз бес) теңге көлемінде бекітілсін.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Т.Ахажан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады