Талдықорған қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 53-290 шешімі.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 18.06.2026 № 54-298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелген) сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2026 жылға арналған Талдықорған қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төменгі мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 0,0081 мөлшерінде, яғни айына пайдалы алаңның бір шаршы метрі үшін 35 (отыз бес) теңге көлемінде бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 18.06.2026 № 54-298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Т.Ахажан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады