Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Жетісу облыстық мәслихатының 2026 жылғы 5 ақпандағы № 34-206 шешімі

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасының м.а. Р.Салықова

  Жетісу облыстық мәслихатының 2026 жылғы "05" ақпандағы № 34-206 шешіміне қосымша

Жетісу облысының әлеуметтiк маңызы бар қатынастарының тізбесі

      1. Текелі қаласы:

      1) № 6 шеңбер – "Текелийский энергокомплекс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Қонаев көшесі – "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Текелі қаласының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) № 3 шеңбер – "Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Текелі қаласы әкімінің қалалық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны – орталық базар;

      3) № 1 автовокзал – "Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 2 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Клубный);

      4) № 4 тіс емханасы – Қаратал көшесіндегі "Светлана" дүкені;

      5) № 4а тіс емханасы – Күншығыс көшесіндегі "Светлана" дүкені;

      6) № 7 шеңбер – "Текелі кенді қайта өңдеу кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      2. Қаратал ауданы:

      1) № 1 Бастөбе ауылы, Юн көшесі – Үштөбе қаласы, Нұрмұхамбетов көшесі;

      2) № 2 Үштөбе қаласы, Мартынов көшесі – Үштөбе қаласы, Нұрмұхамбетов көшесі.

      3. Талдықорған қаласы:

      1) № 3 "Самал" шағынауданы – "Қызыл тас" саяжайы;

      2) № 5 "Самал" шағынауданы – "Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Облыстық аурухана) – Н. Семашко көшесі;

      3) № 12 "Көктем" (7) шағынауданы – Облыстық аурухана – Н. Семашко көшесі;

      4) № 226 арбат – Мойнақ ауылы;

      5) № 23 "Самал" шағынауданы – "Үйтас" саяжайы;

      6) № 25 "Самал" шағынауданы – Еркін ауылы;

      7) № 14 "Шаған" базары – "Қаратал" саяжайы;

      8) № 31 "Қалалық әмбебап дүкені" сауда үйі – Ә. Әлімжанов көшесі;

      9) № 228 арбат – Еңбек ауылы;

      10) № 8 "Самал" шағынауданы – "Шығыс" шағынауданы, С. Шанышев көшесі;

      11) № 33 "Самал" шағынауданы – "Болашақ" (6), "Көктем" (7) шағынаудандары – "Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық перинаталдық орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      12) № 1, 1а "Самал" шағынауданы – "Қызыл тас" саяжайы;

      13) № 10 "Самал" шағынауданы – "Көктал" тұрғын ауданы;

      14) № 2 "Қарағаш" базары – "Ащыбұлақ" саяжайы;

      15) № 4, 4а Өтенай ауылы – № 19 лицей;

      16) № 7, 7а автовокзал – 1 бөлімше;

      17) № 13 "Шығыс" шағынауданы – 3 бөлімше;

      18) № 18 "Қызыл тас" саяжайы – Орман шаруашылығы;

      19) № 20 "Самал" шағынауданы – "Сарыбұлақ" саяжайы (маусымдық);

      20) № 227 арбат – 3 бөлімше;

      21) № 24 "Самал" шағынауданы – "Оптмаркет" сауда орталығы;

      22) № 16 "Рахат" гастрономы – "Үйтас", "Көктем" саяжайлары;

      23) № 17 "Қарағаш" базары – "Қайнар" зауыты;

      24) № 862 Теректі ауылы (Ескелді ауданы) – Талдықорған қаласы (қала маңындағы маршрут);

      25) № 863 Қайнарлы ауылы (Ескелді ауданы)– Талдықорған қаласы (қала маңындағы маршрут);

      26) № 886 Биғаш ауылы (Ескелді ауданы)– Талдықорған қаласы (қала маңындағы маршрут);

      27) № 865 Қарабұлақ ауылы (Ескелді ауданы) – Талдықорған қаласы (қала маңындағы маршрут).

      4. Алакөл ауданы:

      1) Қабанбай ауылы – Үшбұлақ ауылы;

      2) Қабанбай ауылы – Лепсі ауылы;

      3) Қабанбай ауылы – Жыланды ауылы – Шынжылы ауылы;

      4) Үшарал қаласы – Ақши ауылы – Көктұма ауылы;

      5) Үшарал қаласының қалаішілік машруты.

      5. Ескелді ауданы:

      1) № 1 Қарабұлақ ауылының ауылдық маршруты;

      2) № 2 Қарабұлақ ауылы – Шымыр ауылы;

      3) № 3 Қарабұлақ ауылы – Абай ауылы – Өрқұсақ ауылы – Жетісу ауылы – Екпінді ауылы – Сырымбет ауылы;

      4) № 4 Қарабұлақ ауылы – Байысов ауылы – Алдабергенов ауылы – Жастар ауылы – Бақтыбай ауылы – Елтай ауылы – Өтенай ауылы.

      6. Кербұлақ ауданы:

      1) № 1 "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Күреңбел қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстантеміржолы" акционерлік қоғамының Сарыөзек теміржол вокзалы;

      2) № 2 "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сарыөзек орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Жигулевка) – "Кербұлақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады