"Әлеуметтік қорғау саласындағы кәсіптік стандартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 262 және "Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саланың басқа да кәсіптері" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 125 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 18 маусымдағы № 249 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік қорғау саласындағы кәсіптік стандартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 262 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32943 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік қорғау саласындағы кәсіптік стандартта:

      көрсетілген кәсіптік стандарт қосымшасында:

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және анықтау жөніндегі әлеуметтік қызметкер" мамандық картасында:

      реттік нөмірі 11-жолдың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      2. "Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саланың басқа да кәсіптері" кәсіптік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 125 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саланың басқа да кәсіптері кәсіптік стандартында:

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардағы әлеуметтік қызметкердің көмекшісі" кәсіп карточкасында:

      реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Еңбек функциясы 1:
Бөгде көмекке мұқтаж азаматтардың қажетті көмек көрсету қажеттілігін анықтау және анықтау.

Дағды 1:
жағдайларды талдай білу және сырттан көмекке мұқтаж адамды (отбасын) анықтау.
Дағды 2:
Қажетті көмекті көрсету қажеттілігін бағалау және анықтау.

Машығы:

1. Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру органдары мен ұйымдарының, қарттармен, мүгедектігі бар адамдармен, оның ішінде мүгедектігі бар балалармен жұмыс істеуге уәкілетті ұйымдардың мамандарымен өзара әрекеттесу.
2. Өтініш берушімен әңгімелесу, өтініш берушінің тұрғылықты жеріне бару, тиісті ұйымдарға сауалдар дайындау және көршілерден қызметтерді алуға объективті себептер бар-жоғын сұрау.
3. Әлеуметтік қызметтер порталында және "Отбасының цифрлық картасы" АЖ-да жұмыс істеу.
4. Халықты әлеуметтік қорғау саласында цифрлық мобильді қосымшаларды пайдалану.
5. МБА-мен коммуникацияларды құру.

Білімі:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі.
3. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі.
4. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексі.
5. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
6. "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
7. "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
8. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
9. "Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.

Машығы:

1. Дене функциялары бұзылған, әлеуметтік бейімделмеген және баланың деприватиясы кезінде дербестік қабілетін анықтау.
2. Әлеуметтік ортаны, болмыстың материалдық, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайларының жеткіліксіздігін немесе болмауын бағалау.
3. Қажетті көмекке мұқтаждылықты анықтау үшін сырттан көмекке мұқтаж адамға (отбасына) сауалнама жүргізу.
4. Білім беру және денсаулық сақтау органдарынан қорытынды алу үшін мультидисциплинарлық топтың бір бөлігі ретінде жұмыс істеу.
5. Электрондық форматта қорытынды дайындау, онда көрсетілетін қызметтің түрі, алушының санаты, көрсетілетін қызмет орны, көрсетілетін қызметтің ұзақтығы, көрсетілетін қызметтің мазмұны, жеке ерекшеліктерін айқындау және оны аудандардың (астананың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына жіберу.

Білімі:


1. Тиімді коммуникация негіздері.
2. Кәсіби қызмет аясындағы моральдық-этикалық нормалар мен қағидалар.
3. Тәрбие және әлеуметтік жұмыс әдістері.
4. Заманауи психологиялық - педагогикалық практикасы жетістіктері. Әлеуметтану, психология, педагогика, психопрофилактика, этика негіздері

Дағдыны тану мүмкіндігі:


  ".

      "Әлеуметтік қызметкер" кәсіп карточкасында:

      реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Еңбек функциясы 1:
тіршілік-тынысы шектелген адамның функциялары мен қызметін, сондай-ақ оның отбасы мен өмір сүру ортасының әлеуетін бағалауды жүргізу.проживания.

Дағды 1:
қажетті мамандарды тарта отырып, мұқтаж адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті үйлестіру.
Дағды 2:
қажетті көмекті көрсету қажеттілігін бағалау және анықтау

Машығы:

1. Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру органдары мен ұйымдарының, қарттармен, мүгедектігі бар адамдармен, оның ішінде мүгедектігі бар балалармен жұмыс істеуге уәкілетті ұйымдардың мамандарымен өзара әрекеттесу.
2. Өтініш берушімен әңгімелесу, өтініш берушінің тұрғылықты жеріне бару, тиісті ұйымдарға сауалдар дайындау және көршілерден қызметтерді алуға объективті себептер бар-жоғын сұрау.
3. Әлеуметтік қызметтер порталында және "Отбасының цифрлық картасы" АЖ-да жұмыс істеу.
4. Халықты әлеуметтік қорғау саласында цифрлық мобильді қосымшаларды пайдалану.
5. МБА-мен коммуникацияларды құру.

Білімі:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі.
3. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі.
4. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексі.
5. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
6. "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
7. "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
8. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
9. "Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.

Машығы:

1. Дене функциялары бұзылған, әлеуметтік бейімделмеген және баланың депривитациясы кезінде дербестік қабілетін анықтау.
2. Әлеуметтік ортаны, болмыстың материалдық, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайларының жеткіліксіздігін немесе болмауын бағалау.
3. Қажетті көмекке қажеттілікті анықтау үшін сырттан көмекке мұқтаж адамға (отбасына) сауалнама жүргізу.
4. Білім беру және денсаулық сақтау органдарынан қорытынды алу үшін мультипәндік топтың бір бөлігі ретінде жұмыс істеу.
5. Электрондық форматта қорытынды дайындау, онда қызмет түрі, алушының санаты, көрсетілетін қызмет орны, көрсетілетін қызметтің ұзақтығы, көрсетілетін қызметтің мазмұны, жеке ерекшеліктерін айқындау және оны аудандардың (астананың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына жіберу.


Білімі:


1. Тиімді коммуникация негіздері.
2. Кәсіби қызмет аясындағы моральдық-этикалық нормалар мен ережелер.
3. Тәрбие және әлеуметтік жұмыс әдістері.
4. Психологиялық - педагогикалық практика заманауи жетістіктері
5. Әлеуметтану, психология педагогика, психопрофилактика, этика негіздері

Дағдыны тану мүмкіндігі:


  ".

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
А. Ертаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады