БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 192 мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) тармақшасы орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 18-бабының 34-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың өмірде қиын жағдайға тап болған адамдардың (отбасылардың) профилактикасы, оларды ерте анықтау, еңсеруі, сондай-ақ өмірде қиын жағдайда болуына байланысты құқық бұзушылықтардың, зорлық-зомбылықтың және өзге де әлеуметтік тәуекелдердің алдын алуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру жөніндегі қызметін үйлестіру тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) анықтаған сәттен бастап (бұдан әрі – адамдар (отбасылар) білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, спорт, мәдениет, туризм, қоғамдық даму және отбасылық саясат, тұрғын үй қатынастары, жастар саясаты, ішкі саясат, ішкі істер салаларындағы мемлекеттік органдардың ведомствоаралық үйлестіруіне, сондай-ақ өмірдегі қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) қатысты құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде іске асыру мақсатына бағытталған.
3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) әлеуметтік еңбек саласындағы бірыңғай цифрлық жүйе– уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған цифрлық объектісі.
2) Қазақстан Республикасының отбасы саясаты саласындағы уәкілетті органы (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік отбасы саясатын қалыптастыру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) Отбасын қолдау орталығы (бұдан әрі – Орталық) – жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша аудандар мен қалалардағы аудандарда халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған ұйымдар;
4) Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) – әртүрлі мемлекеттік органдардың мәліметтерін жинақтайтын, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқат деңгейін айқындауға және оларға проактивті форматта (алушыдан өтінішті күтпей) кепілдік берілген мемлекеттік қолдауды көрсетуге мүмкіндік беретін "цифрлық үкімет" платформасындағы цифрлық жүйе;
5) өмірдегі қиын жағдай (бұдан әрі – ӨҚЖ) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген негіздер бойынша адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын деп танылған, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын жағдай;
6) ӨҚЖ-ға тап болған адамдарға (отбасыларға) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдау көрсетудің интеграцияланған моделі (бұдан әрі – интеграцияланған модель) – ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мақсатында уәкілетті мемлекеттік органның үйлестіруімен мемлекеттік органдардың қатысуын көздейтін ұйымдастырушылық және функционалдық тәсіл;
7) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) қатысты құқық бұзушылықтардың профилактикасы – интеграцияланған модель және жеке жұмыс жоспары шеңберінде іске асырылатын, қоғамға қарсы мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алуға және өмірдегі қиын жағдайға қайта түсуіне жол бермеуге бағытталған әлеуметтік, психологиялық, құқықтық және өзге де шаралар кешені.
4. Кешенді қызметтер көрсету кезіндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
1) кепілдік берілген құқықтардың болуы, мемлекеттік қолдау шаралары және оларды алу тәсілдері туралы анық, уақтылы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;
2) адамдардың (отбасылардың) ӨҚЖ-дан шығуын кейіннен тиімді мониторингтеу үшін құжат айналымын оңтайландыруды және стандарттауды қамтамасыз ету;
3) қызметтер көрсетудің сапасы мен келісімділігін қамтамасыз ету;
4) құзыреті шегінде барлық деңгейде және барлық қатысушы мемлекеттік органдар мен ұйымдарда жеке жұмыс жоспарын (бұдан әрі – ЖЖЖ) орындау есептілігін жүргізуді қамтамасыз ету;
5) "Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саланың басқа да кәсіптері" кәсіптік стандарттарында көзделген және қызметтерді алушының тұрақтылығын қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік жұмыс технологияларын пайдалану;
6) ӨҚЖ-ға тап болған адамдарды (отбасыларды) ӨҚЖ-дан шығу үшін ЖЖЖ-да көзделген іс-шараларға белсенді тарту;
7) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдардың (отбасылардың) құқық бұзушылыққа бару, виктимизация және әлеуметтік әл-ауқатсыздық тәуекелдерін анықтау және төмендету;
8) цифрлық объектінің мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен, пробация қызметінің бақылауында тұрған адамдар туралы мәліметтермен алмасу мақсатында оның ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған цифрлық жүйесімен "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы өзара ақпараттық іс-қимылын қамтамасыз ету.
5. Білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, спорт, мәдениет, туризм, қоғамдық даму және отбасы саясаты, тұрғын үй қатынастары, жастар саясаты, ішкі саясат, ішкі істер саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдар ӨҚЖ-ға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдауды қамту жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылға қатысушылар болып табылады.
Мемлекеттік органдарды жан-жақты қолдау адамдарды (отбасыларды) ӨҚЖ-дан шығару үшін құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдар жүргізетін іс-шаралар кешенін қамтиды.
Осы Қағидаларды іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасының "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңына сәйкес құқық бұзушылықтардың алдын алу субъектілері болып табылады.
6. Орталық мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде, құқық бұзушылықтардың алдын алу міндеттерін ескере отырып, жан-жақты қолдаумен ӨҚЖ-ға тап болған адамдарды (отбасыларды) қамту жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады.
7. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ведомствоаралық өзара іс-қимыл арқылы кешенді сүйемелдеу қызметтерін тиімді көрсету үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Орталық қабылданған ЖЖЖ заңнамада белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету;
2) адамдарды (отбасыларды) ӨҚЖ-дан шығу үшін ЖЖЖ-да көзделген іс-шараларды мерзімдерде және көлемде іске асыруға және олардың өз әлеуетін дамытуға тарту. Адамдар (отбасылар) балалы болған кезде, баланың қажеттіліктері мен мүдделерін ескеру басымды болып табылады;
3) ЖЖЖ іске асырылуын қамтамасыз ету кезінде ақпараттың құпиялылығын сақтау;
4) мемлекеттік қолдау шараларын көрсету кезеңдерін сақтаудағы жүйелілік пен сабақтастық;
5) ведомствоаралық үйлестірудің сапасы мен тиімділігінің тұрақты мониторингі;
6) өз құзыреті шегінде, қиын өмірлік жағдайда тұрған тұлғаларға (отбасыларға) қатысты құқық бұзушылықтар мен зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын жүзеге асыруға қатысу.
2-тарау. Мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру тәртібі
8. Адамдарды (отбасыларды) ӨҚЖ-дан шығару үшін "Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34499 болып тіркелген) бекітілген отбасын қолдау орталығының қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес Орталық ЖЖЖ әзірлейді және бекітеді.
ЖЖЖ әлеуметтік бейімдеу, қайта әлеуметтік интеграциялау, ӨҚЖ-ға қайта түсу тәуекелдерін төмендету, сондай-ақ құқық бұзушылық тәуекелдерін азайту шараларын қамтиды.
9. Екі жұмыс күні ішінде Орталық өз құзыреті шегінде ЖЖЖ іс-шараларын іске асыруға тартылған мемлекеттік органдарға ЖЖЖ-ні жібереді.
10. Мемлекеттік органдар құзыреті шегінде және (немесе) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамада айқындалған мерзімдерде ӨҚЖ-дағы адамдарға (отбасыларға) мемлекеттік қолдау көрсетеді.
11. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ЖЖЖ-да көрсетілген мерзімдерге сәйкес ЖЖЖ-ны орындау туралы ақпаратты Орталыққа ұсынады.
Мемлекеттік орган мен ұйымнан ақпарат алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Орталық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамада айқындалған ЖЖЖ іс-шараларының іске асырылуын қадағалайды және олардың орындалу мәртебесі туралы белгі қояды.
Орталық Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасы талаптарының орындалмағаны анықталған кезде ЖЖЖ-ны пысықтауға мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға қайтарады.
Жеке жұмыс жоспарының орындалуы туралы ақпарат дербес деректер туралы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, әлеуметтік және мінез-құлықтық тәуекелдерін төмендету бойынша нәтижелерге қол жеткізу туралы мәліметтерді қамтуы мүмкін.
12. ЖЖЖ іс-шараларын толық көлемде орындаған кезде, бір жұмыс күні ішінде Орталық ЖЖЖ-ға аяқталу күнін көрсете отырып, олардың аяқталғаны туралы белгі қояды.
3-тарау. Ведомствоаралық жұмысты мониторингтеу және талдау
13. Ведомствоаралық жұмыстың тиімділігін бағалау мақсатында Орталық әлеуметтік мәртебенің өзгерістерін, сондай-ақ әлеуметтік қолайсыздық деңгейіне және құқық бұзушылықтардың профилактикасына әсер ететін әлеуметтік факторлардың жинақталған көрсеткіштерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті мен өкілеттіктері шегінде тоқсан сайын бірлескен жұмысқа мониторинг жүргізеді.
14. Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша Орталық мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ведомствоаралық жұмысының тиімділігі туралы қорытынды жасайды.
Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін қорытындыда уәкілетті органға жіберілетін кемшіліктер (бар болса) және оларды жою жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі.