"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 114-19), 114-20), 114-21), 114-22), 114-23), 114-24), 114-25), 114-26), 114-27), 114-28), 114-29), 114-30), 114-31), 114-32), 114-33), 114-34), 114-35), 114-36), 114-37) және 114-38) тармақшалармен толықтырылсын:
"114-19) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен өсімдіктер карантині саласындағы өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді;
114-20) қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
114-21) орталық уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен жүргізілетін және (немесе) іске асырылатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілейді;
114-22) уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлейді, бекітеді, күшін жояды, тоқтата тұрады, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
114-23) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындайды және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға енгізеді;
114-24) республикалық мемлекеттік кәсіпорындар және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
114-25) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
114-26) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда келіседі және бекітеді;
114-27) республикалық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
114-28) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және акционері мемлекет болып табылатын тиісті саладағы ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
114-29) тиісті саладағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
114-30) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық мемлекеттік кәсіпорынның өзіне бекітіп берілген мүлікті (өзі өндірген өнімді сатуын қоспағанда) иеліктен шығаруына немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуіне, филиалдарды (өкілдіктерді) құруына келісім беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
114-31) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 2-тармағында көзделген, әзірленіп жатқан құжаттар мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қатысты реттеушілік әсерге талдау жүргізеді;
114-32) ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын оларға түсіндірме жазбалармен және салыстырма кестелермен бірге (заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) олар мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін жария талқылау үшін орналастыруды жүзеге асырады;
114-33) Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарында автомобиль қатынасы шегінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын бақылау пункттерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
114-34) Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарындағы бақылау пункттерінде автомобиль қатынасы шегінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
114-35) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат береді;
114-36) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді;
114-37) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;
114-38) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі шаралар қабылдайды;".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оның Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
