Күрті ауылдық округінің Ақши ауылындағы көшелеріне қайта атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы Күрті ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 10 шілдедегі № 05 н/қ шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес,Ақши ауылы халқының пікірін ескере отырып,Күрті ауылдық округінің жергілікті қоғамдық кеңесінің 2025 жылғы 19 қарашадағы жиынның хаттамасы негізінде және Алматы облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 29 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Іле ауданы Күрті ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Күрті ауылдық округінің Ақши ауылындағы атауы жоқ көше (1) Ұлы Отан соғысының ардагері "Аязбаев Көктеубай" есімімен қайта өзгертілсін;

      2. Күрті ауылдық округінің Ақши ауылындағы атауы жоқ көше (2) Ұлы Отан соғысының ардагері "Омаров Әнуарбек" есімімен қайта өзгертілсін;

      3. Күрті ауылдық округінің Ақши ауылындағы атауы көше жоқ (3) Ұлы Отан соғысының ардагері "Бұлдыбаев Домбай" есімімен қайта өзгертілсін.

      Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Ғ.Рахымбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады