Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алматы облысы бойынша психологиялық қолдау оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2026 жылғы 25 ақпандағы № 46-262 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына және "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алматы облысы бойынша психологиялық қолдау оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемақысы белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облыстық мәслихатының 22.04.2026 № 49-282 шешімімен.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы облыстық мәслихатының 22.04.2026 № 49-282 шешімімен.

      Мәслихат төрағасы Қ. Байғоджаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады