"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына және "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алматы облысы бойынша психологиялық қолдау оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемақысы белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облыстық мәслихатының 22.04.2026 № 49-282 шешімімен.2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы облыстық мәслихатының 22.04.2026 № 49-282 шешімімен.
| Мәслихат төрағасы | Қ. Байғоджаев |