Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 617 бұйрығы

      "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ бұйрығымен бекітілген Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидаларына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 21 тамызда № 34967 болып тіркелді) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қоғаммен байланыс департаменті:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
Е.Ж. Сарсембаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 1-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 21 тамызда № 34967 болып тіркелді) Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерін (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі – аккредиттеу картасын беру арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын және олардың журналистерін (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің автоматтандырылған процесі;

      2) бас редактор (редактор) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын және бұқаралық ақпарат құралының өнімін шығаруға және таратуға тиісті өкілеттіктері бар жеке тұлға;

      3) бірыңғай медиаплатформа – мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға арналған ақпараттық жүйе;

      4) бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспа басылымы, теле -, радиоарна, интернет-басылым;

      5) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы – бұқаралық ақпарат құралының материалдарын жинауды, әзірлеуді, шығаруды және таратуды жүзеге асыратын жеке тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым;

      6) журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) аккредиттеу – журналисті тағайындау рәсімі және Министрліктің оның өкілеттігін мойындауы;

      7) журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясымен еңбек немесе өзге де шарттық қатынастар негізінде бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарлар мен материалдарды жинау, өңдеу және әзірлеу қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға;

      8) іс-шара регламенті – Министрлік өткізетін іс-шараны жүргізу тәртібін айқындайтын құжат.

      3. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу Министрліктің қызметі туралы жұртшылықты кеңінен және жедел хабардар ету мақсатында жүзеге асырылады.

2-тарау. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу тәртібі

1-параграф. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеу

      4. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеу Министрліктің жанында оның орналасқан жеріне және аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің) тұрақты тұратын жеріне қарамастан жүргізіледі.

      5. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) тұрақты аккредиттеу бір жыл мерзімге жүзеге асырылады.

      6. Министрлік өзінің интернет-ресурсында журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) қазақ және орыс тілдерінде тұрақты аккредиттеуді жүргізуге өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады.

      7. Министрлік жанында өз журналистерін (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеуге ниет білдірген бұқаралық ақпарат құралдары он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеу туралы өтінішті аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) және аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімін қоса бере отырып, бас редактордың және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің қолымен ұсынады.

      8. Тұрақты аккредиттеу туралы өтінішті қарау мерзімі - осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні.

      9. Министрлік өтінішті қарау қорытындылары бойынша өтініш берушілерді мынадай шешімдердің бірі туралы:

      1) аккредиттеу туралы;

      2) аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша және (немесе) электрондық түрде хабардар етеді.

      10. Аккредиттелген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) мына:

      1) оның Министрліктен алынған ақпаратты оның атынан аккредиттеуге тиісті өтініш келіп түскен бұқаралық ақпарат құралдарында ғана жинау және тарату;

      2) Министрлігі жүргізетін іс-шаралар регламентінің сақтау;

      3) аса маңызды мемлекеттік объектілер мен стратегиялық объектілердің өткізу және объектішілік режимін сақтау талаптарын сақтайды.

      11. Министрлік өткізілетін іс-шараның регламентін бекітеді.

      12. Тұрақты аккредиттеуден бас тартуға:

      1) бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

      2) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;

      3) тізілімде есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралдарының болмауы негіз болып табылады.

      Тұрақты аккредиттеуден заңсыз бас тартуға журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануы мүмкін.

      13. Журналисті (бұқаралық ақпарат құралының өкілін) тұрақты аккредиттеуден айыру үшін:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себептерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралының бас редакторының және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің журналисті (бұқаралық ақпарат құралының өкілін) аккредиттеуден айыру туралы өтініші;

      2) журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) таратқан Министрліктің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді шындыққа сәйкес келмейді деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

      3) бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

      4) осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген талаптарды екі және одан да көп рет бұзу негіз болып табылады.

      14. Министрлік негіздемені анықтаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген себептерді көрсете отырып, журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілінің) аккредиттеуден айырғаны туралы бұқаралық ақпарат құралын хабардар етеді.

      15. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеуден айыру алты ай мерзімге жүзеге асырылады.

      16. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) бірыңғай медиаплатформа арқылы аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі қолданылған жағдайда аккредиттеу карталары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 21 тамызда № 34967 болып тіркелген) Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидаларында айқындалған тәртіппен беріледі.

2-параграф. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) уақытша аккредиттеу

      17. Уақытша аккредиттеу журналистерге Министрліктің нақты іс-шарасын жария ету үшін қажетті мерзімге беріледі және тиісті іс-шара өткізілгенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      18. Уақытша аккредиттеуді алу үшін бұқаралық ақпарат құралдары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) уақытша аккредиттеу туралы өтінішті аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) және аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімін қоса бере отырып, бұқаралық ақпарат құралының бас редакторының және (немесе) меншік иесінің қолымен ұсынады

      19. Министрлік уақытша аккредиттеу туралы өтінішті қарау қорытындылары бойынша өтініш берушілерді мынадай шешімдердің бірі туралы:

      1) аккредиттеу туралы;

      2) аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша және (немесе) электрондық түрде хабардар етеді.

      20. Уақытша аккредиттелген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) мына:

      1) оның Министрліктен алынған ақпаратты оның атынан аккредиттеуге тиісті өтініш келіп түскен бұқаралық ақпарат құралдарында ғана жинау және тарату;

      2) Министрлік өткізетін іс-шаралар регламентінің сақтау;

      3) аса маңызды мемлекеттік объектілер мен стратегиялық объектілердің өткізу және объектішілік режимін сақтау талаптарын сақтайды.

      21. Уақытша аккредиттеуден бас тартуға:

      1) бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

      2) осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;

      3) тізілімде есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралдарының болмауы негіз болып табылады.

  Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі жанындағы
журналистерді (бұқаралық
ақпарат құралдарының
өкілдерін) аккредиттеу
қағидаларына 1-қосымша
Нысан
__________________________
кімге (аккредиттеуші ұйымның
атауы) _________________
кімнен (бұқаралық ақпарат
құралдарының атауы)

Журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) тұрақты аккредиттеу туралы ӨТІНІШ

      Сізден журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефон, факс нөмірі, электрондық мекенжайы)

      аккредиттеуді сұраймын.

      Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер:

      1) бұқаралық ақпарат құралының атауы:_______________________________;

      2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін)

      және орналасқан жері (заңды тұлғалар

      үшін):______________________________________;

      3) телефондардың, факстардың нөмірлері, бұқаралық ақпарат құралының

      Электрондық мекенжайы:_______________________________________________

      Қоса беріліп отырған құжаттар:

      1) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) жеке

      басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      2) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің)

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының

      Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімі.

      Өтініште көрсетілген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)

      ______________________________________жұмыскері екенін растаймын.

      (бұқаралық ақпарат құралының атауы)

  Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі жанындағы
журналистерді (бұқаралық
ақпарат құралдарының
өкілдерін) аккредиттеу
қағидаларына 2-қосымша
Нысан
______________________
кімге (аккредиттеуші ұйымның
атауы) ___________________
кімнен (бұқаралық ақпарат
құралының атауы)

Журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) аккредиттеуден айыру туралы ӨТІНІШ

      Сізден журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)

      _____ аккредиттеуден айыруыңызды сұраймын (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер:

      1) бұқаралық ақпарат құралының атауы:_____________________________;

      2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін)

      және орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін):

      ___________________________________;

      3) бұқаралық ақпарат құралының телефондары, факс нөмірлері, электрондық

      мекенжайы:

      _________________________________________________________

      (бұқаралық ақпарат құралының бас редакторының және (немесе) меншік иесінің

      қолы)

      20__жылғы "___" ________

  Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі жанындағы
журналистерді (бұқаралық
ақпарат құралдарының
өкілдерін) аккредиттеу
қағидаларына 3-қосымша
Нысан
_________________________
кімге (аккредиттеуші
ұйымның атауы)
______________ кімнен
(бұқаралық ақпарат
құралдарының атауы)

Журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) уақытша аккредиттеу туралы ӨТІНІШ

      Сізден журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефон, факс нөмірі, электрондық мекенжайы)

      уақытша аккредиттеуді сұраймын.

      Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер:

      1) бұқаралық ақпарат құралының атауы:_______________________________;

      2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін)

      және орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін): _____________________________________;

      3) бұқаралық ақпарат құралының телефондары, факс нөмірлері, электрондық

      мекенжайы:_______________________________________________.

      Қоса беріліп отырған құжаттар:

      1) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) жеке

      басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      2) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің)

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының

      Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімі.

      Өтініште көрсетілген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)

      ____________________________________________ жұмыскері екенін растаймын.

      (бұқаралық ақпарат құралының атауы)

      (бұқаралық ақпарат құралының бас редакторының және (немесе) меншік иесінің

      қолы)

      20__жылғы "___" _________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады