Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес және 2026 жылғы 9 шілдедегі Байғанин аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының № 4 хаттамасы негiзiнде, Байғанин ауданының әкiмі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қауіпті метеорологиялық құбылыстың (қатты жел) салдарынан тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының бүлінуіне және халықтың өміріне қауіп төнуіне байланысты Ақтөбе облысы Байғанин ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Байғанин ауданы әкiмiнiң орынбасары Раушанов Рүстем Аманжолұлы тағайындалсын және осы шешiмнен туындайтын тиiстi iс-шараларды жүргiзу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 9 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Байғанин ауданының әкімі | А. Купенов |
