БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының жедел басқаруында тұрған әскери мүлікті есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20684 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының жедел басқаруында тұрған әскери мүлікті есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының бөлімшелерінде әскери мүлікті есепке алу "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығына, сондай-ақ осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.";
4-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Запастар санатына жататын әскери мүлікті есептен шығару "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығының талаптарына және осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Арнайы жабдықтардың барлық түрлерін (мемлекеттік шифрлау құралдары және онымен бірге жұмыс істейтін жабдықтар), ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мен құралдарын, техникалық барлауға қарсы іс-қимылдың және ақпаратты техникалық қорғаудың техникалық қорғау құралдарын, радио және радиотехникалық бақылау жабдықтарын (аппаратураларын, құралдарын), өлшеу құралдарын, жұмсалатын пайдалану және жөндеу материалдарын, жөндеу жинақтарын және қосалқы керек-жарақтарды (бұдан әрі – ҚКЖ), мемлекеттік құпияларды қорғауға, ақпараттық қауіпсіздікке, радио және радиотехникалық бақылауға қатысы бар және мүддесінде қолданылатын басқа да арнайы және техникалық мүлік пен материалдарды есептен шығару үшін әскери бөлім (жоғары әскери оқу орны, бөлімше) командирінің (бастығының) бұйрықтарымен комиссия (арнайы жабдықты есептен шығару үшін жеке тиісті нысанды мемлекеттік құпияларға рұқсаты бар) құрылады. Жоғарыда көрсетілген мүлікті есептен шығару Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру қағидаларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілген Техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды өткізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.";
12-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Фарфордан, жартылай форфордан және шыныдан жасалған сынған асхана-ас үй ыдысын есептен шығару үшін "Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша журнал жүргізіледі.";
көрсетілген Нұсқаулыққа қосымшада орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты |
Е. Саденов |