"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 211793 болып тіркелген) Бюджетті қазынашылық атқару және оған кассалық қызмет көрсету, қазынашылық есепке алу және мониторинг жүргізу рәсімдерінің 228-тармағына сәйкес, Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Біржан сал ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
2. "Біржан сал ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" Биржан сал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № а-3/127 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 120587 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары Е.М. Хасеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі..
| Аудан әкімі | Б. Қасенов |
| Біржан сал ауданы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы "17" _06_________ | |
| № _а-6/84_______ қаулысына | |
| қосымша |
Біржан сал ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының ТІЗБЕСІ
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің борыштық міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі төлемдер;
2. Зейнетақылар, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер;
3. Жалақы және басқа да ақшалай төлемдер, оның ішінде штаттан тыс техникалық персоналдың жалақысы және жалақыдан барлық ұстап қалулар;
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақылар;
5. Алименттер;
6. Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдар және (немесе) жарналар;
7. Тұрғын үй төлемдері;
8. Жеке тұлғаларға трансферттер;
9. Стипендиялар;
10. Банк қызметтеріне ақы төлеу;
11. Бюджеттік субвенциялар;
12. Салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.