Астрахан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С-36-4 "Астрахан ауданының округтік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2026 жылғы 21 мамырдағы № 8С-52-4 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1 - тармағына сәйкес, Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссияның 2026 жылғы 22 сәуірдегі №23/47 қаулысының негізінде, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астрахан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №7С-36-4 "Астрахан ауданының округтік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы" шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) Толғанайқызы Айнұрдың орнына, № 1 округтік сайлау комиссиясының мүшесі болып, "Қазақстан Халық партиясы" Қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалымен ұсынған Кенжетаева Қорлан Сембайқызы сайлансын;

      2) Нұралина Лейла Сағатқызының орнына, № 3 округтік сайлау комиссиясының мүшесі болып, "Қазақстан Халық партиясы" Қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалымен ұсынған Рахимжанова Роза Дастенқызы сайлансын;

      3) Миннуллина Аурика Фаизовнаның орнына, № 10 округтік сайлау комиссиясының мүшесі болып, "Aқ жол" Қазақстан демократиялық партиясы" Ақмола облыстық филиалымен ұсынған Жүсіпова Сайран Галымқызы сайлансын;

      2. Осы шешімнің көшірмесі Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.

      3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы М. Қожахмет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады