"Астана қаласында 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 158-5066 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 7 шілдедегі № 158-2324 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесіне сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласында 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 158-5066 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Мейрханға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек
      Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Н. Нұркенов
      Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Байкен
      Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Глотов
      Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Мейрхан
      Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Өтебаев
      "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Д. Ешкеев
      "Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Сейітқұлов
      "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Түгелбаева
      "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Т. Мусин
      "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Н. Қалшибеков
      "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Жүсіпов

  Астана қаласы әкімдігінің
2026 жылғы "___" _______
№ _____________ қаулысына
қосымша
  Астана қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 158-5066 қаулысына
2-қосымша

Үкіметтік емес секторға арналған бір айға бір қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифі

Р/с №

Ұйымның түрі

Айына бір адамға тариф, теңгемен


Жартылай стационар


1.

Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар

279 812

2.

Тірек - қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар

254 698

3.

I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар

221 783

4.

Психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар

250 440


Үй жағдайында


1.

Психоневрологиялық аурулары және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар және психоневрологиялық аурулары және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдар

89 093


Уақытша болу


1.

Уақытша болу (тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен адам саудасының құрбандары үшін)

155 836


Аралас моделі


1.

Он сегіз жасқа толмаған мүгедектігі бар адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің аралас моделі

105 560

      ________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады