Астана қаласында 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтерін бекіту туралы

Жаңартылған

Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 158-5066 қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексі 142-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 17-1) тармақшасына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласында 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтері:

      1) мемлекеттік мекемелер бойынша күніне бір қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес;

      2) үкіметтік емес сектор арналған күніне бір қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Мейрханға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек

  Астана қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 158-5066 қаулысына
1-қосымша

Мемлекеттік мекемелер бойынша күніне бір қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифі

Р/с №

Ұйымның түрі

Күніне бір адамға тариф
(теңге)

1.

Психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған стационар (100 адамға)

20 063

2.

Қарттарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған стационар

12 973

3.

Үш жастан он сегіз жасқа дейін психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балалардың тұруына арналған
стационар

28 157

4.

Психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған стационар (370 адамға)

12 396

5.

Жартылай стационар:
психоневрологиялық патологиясы бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейін мүгедектігі бар балаларға арналған,
психоневрологиялық аурулары бары 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға арналған

17 276

6.

Тәулік бойы уақытша тұруына (бір жылға дейін) немесе уақытша болуына (тәуліктің түнгі уақытында) арналған

7 196

7.

Тәулік бойы уақытша тұруына (бір жылға дейін) немесе уақытша болуына (тәуліктің түнгі уақытында) арналған (тұрмыстық зорлық-зомбылық)

7 347

8.

Үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған:
психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектігі бар балаларға;
тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға;
психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға

3 507

9.

Үйде қызметтер көрсету жағдайында қарттарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған

2 719

  Астана қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 158-5066 қаулысына
2-қосымша

Үкіметтік емес секторға арналған бір айға бір қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Астана қаласы әкімдігінің 07.07.2026 № 158-2324 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Р/с №

Ұйымның түрі

Айына бір адамға тариф, теңгемен


Жартылай стационар


1.

Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар

279 812

2.

Тірек - қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар

254 698

3.

I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар

221 783

4.

Психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар

250 440


Үй жағдайында


1.

Психоневрологиялық аурулары және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар және психоневрологиялық аурулары және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдар

89 093


Уақытша болу


1.

Уақытша болу (тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен адам саудасының құрбандары үшін)

155 836


Аралас моделі


1.

Он сегіз жасқа толмаған мүгедектігі бар адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің аралас моделі

105 560


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады