Бөрлі ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 9 "Бөрлі ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 21 қазандағы № 5 шешімі

      ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

      1. Бөрлі ауданы әкімінің "Бөрлі ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2014 жылғы 17 наурыздағы № 9 "Бөрлі ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3506 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      № 78 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 78 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақсай қаласы, 5 ықшам ауданы, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің "Ақсай қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Ақсай қаласы, 5 ықшам ауданының № 1, № 2, № 3, № 15, № 20, № 21, № 22, № 23, № 24, № 26, № 27, № 30, № 31, № 32, № 37, № 38, № 39 тұрғын үйлері, 7 ықшам ауданының жеке тұрғын үйлері, Өнеркәсіптік аймақ, Жастар көшесі мен Наурыз көшесі аралығындағы Халықтар Достығы көшесінің бойындағы тұрғын үйлер.";

      № 81 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 81 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақсай қаласы, 10 ықшам ауданы, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің "Ақсай қаласының № 6 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Ақсай қаласы, 10 ықшам ауданының № 2, № 3, № 4, №5, № 6, № 7, №8 № 9, № 10, № 11, № 12, № 13, №14, № 15, № 16/1, № 29, № 22/1, № 22, № 21, № 24, № 23, № 25, № 14, № 27, № 27/1 тұрғын үйлері, № 16, № 17 жеке тұрғын үйлері, Қарашығанақ -1 ықшам аудандағы тұрғын үйлері.";

      № 82 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 82 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақсай қаласы, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бөрлі аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Ақсай қаласы, Құрылыс, Амангелді, Бейбітшілік, Оңтүстік, Бекзат Саттарханов, Жаңа, Орал, Қарашығанақ, Ақсу, Болашақ көшелері; Абай көшесіндегі тұрғын үйлер, "Астана Құм-2005" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің вахталық қалашығындағы тұрғын ғимарат; Чехия, Венгрия, Париж атындағы вахталық қалашықтардың тұрғын ғимараттары; Ақбұлақ тұрғын үйлері, Вахта қалашығы.";

      № 83 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 83 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақсай қаласы, Железнодорожная көшесі, № 125/3 үй, "Бөрлі ауданы әкімдігінің "Балалар өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Ақсай қаласы, 4 ықшам ауданының № 1, № 2, № 3, № 4, № 5, № 8, № 9, № 10 тұрғын үйлері, Железнодорожная көшесіндегі жатақхана, 2, 3 ықшам аудандарының тұрғын үйлері, С.Датов № 1 көшесіндегі жатақхана, Жастар көшесіндегі тұрғын үйлер, Көктем ықшам ауданы, 5А ықшам ауданы, Халықтар Достығы көшесі бойындағы — Наурыз көшесі мен Абай даңғылына дейінгі аралықтағы тұрғын үйлер.";

      № 87 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 87 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақсай қаласы, Железнодорожная көшесі 161, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бөрлі аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Ақсай қаласы, Қайыр Шакенов көшесінің № 1-14 (тақ жағы) үйлері, Элеваторная көшесінің № 1 - 14 үйлері, Жібек жолы көшесінің № 35 - 53 (тақ жағы), № 56 - 102 (жұп жағы) үйлері, Әл-Фараби көшесінің № 103 - 205 (тақ жағы), № 74 - 146 (жұп жағы) үйлері, Железнодорожная көшесінің № 39 - 119 (тақ жағы), № 92 - 116 (жұп жағы) үйлері, Жұбан Молдағалиев көшесінің № 1 - 67 (тақ жағы), № 2 - 60 (жұп жағы) үйлері, Қайыр Шакенов көшесінің № 1 - 9 үйлері, Хиуаз Доспанова көшесінің № 47 - 121 (тақ жағы), № 46 - 124 (жұп жағы) үйлері, Бурлинская көшесінің № 3(3), 3/15 а, 4, 6, 8/1, 8/2, 79, 83 үйлері, Шыңғырлау көшесінің № 39 - 129 (тақ жағы), № 44 - 128 (жұп жағы) үйлері, Чапаев көшесінің № 9 - 81(тақ жағы), № 42 - 114 (жұп жағы) үйлері, Цвилинг көшесінің № 99 - 165 (тақ жағы), № 92 - 156 (жұп жағы) үйлері, М. Мәметова көшесінің № 1 - 67 (тақ жағы), № 2 - 64 (жұп жағы) үйлері, Тихоненко көшесінің № 85 - 175 (тақ жағы), № 74 - 148 (жұп жағы) үйлері, Бурлинская көшесінің № 1 - 13 (тақ жағы) үйлері, 1-шағынаудандағы тұрғын үйлер; Мұхтар Әуезов көшесіндегі тұрғын үйлер — Қайыр Шакенов көшесінен бастап Абай даңғылына дейінгі аралықты, Абай даңғылы бойындағы тұрғын үйлер — Достық халықтар көшесінен бастап Жібек жолы көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.";

      № 88 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 88 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесі, №95 үй, аудандық мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесінің тақ бетіндегі №75 үйден №101 үйге дейін, Әл-Фараби көшесінің жұп бетіндегі №52 үйден №72 үйге дейін, Тихоненко көшесінің тақ бетіндегі №43 үйден №83 үйге дейін, Тихоненко көшесінің жұп бетіндегі №34 үйден №44 үйге дейін, Хиуаз Доспанова көшесінің тақ бетіндегі №13 үйден №45 үйге дейін, Хиуаз Доспанова көшесінің жұп бетіндегі №14 үйден №44 үйге дейін, Шыңғырлау көшесінің тақ бетіндегі №1 үйден №37 үйге дейін, Шыңғырлау көшесінің жұп бетіндегі №2 үйден №42 үйге дейін, Цвилинг көшесінің тақ бетіндегі №61 үйден №97 үйге дейін, Цвилинг көшесінің жұп бетіндегі №54 үйден №90 үйге дейін, Чапаев көшесінің тақ бетіндегі №3/1 үйден №7/2 үйге дейін, Чапаев көшесінің жұп бетіндегі №2 үйден №38 үйге дейін, Арыстанов көшесінің тақ бетіндегі №1 үйден №5 үйге дейін, Арыстанов көшесінің жұп бетіндегі №2 үйден №10 үйге дейін, Қайыр Шакенов көшесінің жұп бетіндегі №2 үйден №30 үйге дейін, Бөрлі көшесінің тақ бетіндегі №1 үйден №35 үйге дейін, Бөрлі көшесінің жұп бетіндегі №2 үйден №28 үйге дейін, Ақбұлақ көшесінің тақ бетіндегі №1 үйден №25 үйге дейін, Ақбұлақ көшесінің жұп бетіндегі №2 үйден №28 үйге дейін, Жаңаталап көшесінің тақ бетіндегі №1 үйден №21 үйге дейін, Байжиен көшесінің тақ бетіндегі №1 үйден №41 үйге дейін, Байжиен көшесінің жұп бетіндегі №2 үйден №20 үйге дейін, Железнодорожная көшесінің тақ бетіндегі №17/1 үйден №37 үйге дейін, Железнодорожная көшесінің жұп бетіндегі №76 үйден №90 үйге дейін, Юбилейная көшесінің тақ бетіндегі №1 үйден №7 үйге дейін, Юбилейная көшесінің жұп бетіндегі №2 үйден №12 үйге дейін, Жібек жолы көшесінің жұп бетіндегі №38 үйден №50 үйге дейін тұрғын үйлері, Мұхтар Әуезов көшесіндегі тұрғын үйлер — Юбилейная көшесінен бастап Қайыр Шакенов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.";

      № 91 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 91 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Қызылтал ықшам ауданы, Ақсай көшесі, 34 үй, ауылдық клубтың ғимараты.

      Шекарасы: Қызылтал ықшам ауданының Аксай, Ақсуат, Аққұм, Ақбұлақ, Ақжайық, Бейбітшілік, Бота, Бақтыбаева, Жеңіс, Желтоқсан, Жаңа, Сайқұдық, Сырым, Самал, Школьная, Наурыз, Тереңсай, Шалқар, Шыңғырлау, Қызылтал, Әбілхайыр хан, Құрылысшы, Керемет, Кенесары хан, Абдолла Жұмағалиев, Амангелді, Өркен, Строительная 1, Строительная 2, Строительная 3 көшелеріндегі тұрғын үйлер; Ақселен көшесіндегі үйлер — Құрылысшы көшесінен бастап Бейбарыс Сұлтан көшесіне дейінгі аралықты қамтиды; Бейбарыс Сұлтан көшесінің тақ және жұп жақтарындағы №1-ден №23-ке дейінгі және №2-ден №38-ге дейінгі үйлер; Ақжайық көшесінің тақ жағындағы №1 үйден бастап Солтүстік көшесіне дейінгі тұрғын үйлер.";

      № 92 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 92 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақсай қаласы, 10 ықшам ауданы, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Ақсай" мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешені" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: 10 ықшам аудандағы №2, №18, №19, №20, №17/1, №15/1, №27А, №26, №28 тұрғын үйлер; Строительная 4 көшесі; 13-шағынаудан; Солтүстік көшесіндегі үйлер; Ақселен көшесіндегі тұрғын үйлер — Бейбарыс Сұлтан көшесінен бастап 13-шағынауданға дейінгі аралықты қамтиды; Бейбарыс Сұлтан көшесінің жұп және тақ жақтарындағы №40 және №25/1 үйлерден бастап Строительная 4 көшесіне дейінгі үйлер; Ақжайық көшесінің жұп және тақ жақтарындағы №2 және №25 үйлерден бастап Строительная 4 көшесіне дейінгі тұрғын үйлер.";

      № 99 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 99 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Қарашығанақ ауылы, Қарашығанық көшесі 1А, ауылдық клубтың ғимараты.";

      № 104 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 104 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Аралтал ауылы, Ахмет Байтұрсынов көшесі, 24А үй, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің "Ақсай қаласының № 8 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Аралтал ауылы, бақша кооперативтері.";

      № 161 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 161 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесі, № 56/1 үй, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің "Ақсай қаласының № 5 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесінің тақ бетіндегі № 1 үйден № 73 үйге дейін, Әл-Фараби көшесінің жұп бетіндегі № 2 үйден № 50/1 үйге дейін, Жібек жолы көшесінің тақ бетіндегі № 1 үйден № 11А үйге дейін, Жібек жолы көшесінің жұп бетіндегі № 2 үйден № 36 үйге дейін, Тихоненко көшесінің тақ бетіндегі № 1 үйден № 41 үйге дейін, Тихоненко көшесінің жұп бетіндегі № 2 үйден № 32 үйге дейін, Хиуаз Доспанова көшесінің тақ бетіндегі № 1 үйден № 11 үйге дейін, Хиуаз Доспанова көшесінің жұп бетіндегі № 2 үйден № 12 үйге дейін, Шыңғырлау көшесінің тақ бетіндегі № 1/22 үйден № 1/1 үйге дейін, Шыңғырлау көшесінің жұп бетіндегі № 1/19А үйден № 2/3 үйге дейін, Цвилинг көшесінің тақ бетіндегі № 1 үйден № 59 үйге дейін, Цвилинг көшесінің жұп бетіндегі № 2 үйден № 52 үйге дейін, Бөрлі көшесінің тақ бетіндегі № 37 үйден № 83 үйге дейін, Бөрлі көшесінің жұп бетіндегі № 30 үйден № 94 үйге дейін, Ақбұлақ көшесінің № 26 үйі, Жаңаталап көшесінің тақ бетіндегі № 23 үйден № 77 үйге дейін, Байжиен көшесінің тақ бетіндегі № 41 үйден № 47 үйге дейін, Батыс көшесінің тақ бетіндегі № 1/3 үйден № 35 үйге дейін, Батыс көшесінің жұп бетіндегі № 2 үйден № 20 үйге дейін, Железнодорожная көшесінің тақ бетіндегі № 1 үйден № 17/1 үйге дейін, Железнодорожная көшесінің жұп бетіндегі № 2 үйден № 72/3 үйге дейін, Юбилейная көшесінің № 8 үйі, Иван Ващук көшесінің жұп бетіндегі № 2 үйден № 16/1 үйге дейін, Луговая көшесінің тақ бетіндегі № 1/1 үйден № 23/1 үйге дейін, Луговая көшесінің жұп бетіндегі № 2/2 үйден № 54 үйге дейін, 8 наурыз көшесінің тақ бетіндегі № 1 үйден № 29 үйге дейін, 8 наурыз көшесінің жұп бетіндегі № 2 үйден № 32 үйге дейін, Желтоқсан көшесінің тақ бетіндегі № 1 үйден № 47 үйге дейін, Желтоқсан көшесінің жұп бетіндегі № 2 үйден № 42 үйге дейін, Жібек жолы көшесінің тақ бетіндегі № 1 үйден № 11А үйге дейін, Жібек жолы көшесінің жұп бетіндегі № 2/1 үйден № 34 үйге дейін, Өркен көшесінің тақ бетіндегі № 1 үйден № 29 үйге дейін, Өркен көшесінің жұп бетіндегі № 2 үйден № 16 үйге дейін, Степной переулок көшесінің тақ бетіндегі № 1 үйден № 33 үйге дейін, Степной переулок көшесінің жұп бетіндегі № 2 үйден № 34 үйге дейін, Орталық көшесінің № 1 үйден № 6 үйге дейін тұрғын үйлері, Мұхтар Әуезов көшесіндегі тұрғын үйлер — Иван Ващук көшесінен бастап Юбилейная көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Бөрлі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      "КЕЛІСІЛДІ"
Бөрлі аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Д. Имашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады