Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 126 "Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 198 қаулысы

      Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 126 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

      "Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге осы қаулының қосымшасына сәйкес толықтырулар енгізілсін.

      2. "Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Түркістан облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберу;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтүзбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Көшеров

  Түркістан облысы әкімдігінің
2025 жылғы "17" қыркүйек
№198 қаулысына қосымша
  Түркістан облысы әкімдігінің
2025 жылғы 30 мамырдағы
№126 қаулысына қосымша

"Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін толықтырулар мәтіні

      1. "Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге мынадай толықтырулар енгізілсін:

      16-тармақ келесі редакциядағы 38-1), 38-2), 38-3), 38-4), 38-5), 38-6), 38-7), 38-8), 38-9), 38-10), 38-11), 38-12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "38-1) өңірде ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындау және өңірде іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастыру;

      38-2) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға, өңірде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысу;

      38-3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты облыс аумағында жүргізуді қамтамасыз ету;

      38-4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тарту бойынша жәрдем көрсету, оларды қоса қаржыландыруға қатысу;

      38-5) өнім шығаруды және (немесе) жаңа технологияларды ендіруді жүзеге асыратын бірлескен өндірістер құру мақсатында жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

      38-6) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (оның ішінде шетелдік), квазимемлекеттік сектордың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін облыста ғылым жөніндегі кеңес құру туралы облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;

      38-7) қызметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру (практикада қолдану) болып табылатын заңды тұлғаларды, оның ішінде стартап-компанияларды құру туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысу;

      38-8) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;

      38-9) уәкілетті органмен және салалық уәкілетті органдармен бірлесіп ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды әдістемелік қамтамасыз етуге қатысу;

      38-10) ғылымды дамытудың басым бағыттары жөнінде ғылым кеңесіне ұсыныстар енгізу;

      38-11) облыс әкімдігінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді және олардың іске асырылуын жүзеге асыруды ұйымдастыу;

      38-12) жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде орындалған қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі есептерін бекіту;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады