Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Түркістан облысының өнеркісіп және индустриалды –инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды – инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Көшеров |
Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы "30" мамырдағы №126 қаулысына қосымша |
"Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) инвестиция тарту және өнеркәсіпті дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 20 ғимарат, индексі 161200.
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың құрылтайшысы Түркістан облысының әкімдігі болып табылады.
12. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, Басқарма "Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің инвестиция тарту, өнеркәсіп саясаты, жер қойнауы қызметі саларындағы функцияларына қатысты құқықтары мен міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқоры болып табылады.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
14. Мақсаттары:
1) облыстың салаларын дамыту үшін инвестициялар тарту;
2) заңнамада белгіленген тәртіпте басқарманың қызмет саласына қатысты салаларда қызмет ететін шетелдік заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау;
3) халықаралық байланыстарды дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
4) республиканың облыстарымен, жақын және алыс шетелдермен аймақтың аймақаралық, интеграциялық өзара тиімді байланыстарын дамыту және нығайту, шекаралық ынтымақтастықты жандандыру, шетелдік инвестиция тартуға ықпал ету;
5) индустриялық кәсіпкерліктің әлеуетін арттыру арқылы индустрияландыруды тереңдету;
7) базалық өндірістерді дамытуды ынталандыру және стратегиялық жобаларды іске асыру арқылы өнеркәсіптік қуаттарды ұлғайту;
8) өңдеуші өнеркәсіп салаларын технологиялық дамыту және цифрландыру.
15. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының жобасын дайындауға қатысады;
заңнамамен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, аудан, қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарынан, басқа да ұйымдардан өзіне жүктелген қызметті жүзеге асыруға қажетті мәліметтер сұратады, сондай-ақ басқа мемлекеттiк органдарға мәліметтер ұсынады;
Басқарманың қарамағындағы ұйымдарды құру, қайта құру және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;
өз құзыреті шегінде Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың қызметін басқаруды жүзеге асырады;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға әдістемелік, кеңестік, практикалық көмек көрсетеді;
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметтерді жүзеге асырады;
өз құзыреті шегінде кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастырады;
негізгі қызметі кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған заңды тұлғаларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысуға ұсыныс енгізеді;
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдар мен жеке тұлғалардан өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды сұратады және алады;
Басқарманың қарамағындағы акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысты мемлекеттік басқару және уәкілетті органының қызметін атқарады.
кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттарды біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзу;
заңнамада көрсетілген негізде басқа да құқықтарды жүзеге асырады;
2) міндеттері:
мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету және жауапты болу;
мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды әзiрлеуге республикалық және облыстық бюджеттерден бөлiнетiн қаражатты игерудi қамтамасыз ету;
басқару саласына жататын салаларда қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды және жеке тұлғалармен заңнамада белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл жасау:
индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырып жатқан индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетеді;
басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарының Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен жарғыларын әзірлейді;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік тауарларды (жұмыстар, қызмет көрсетулер) сатып алу бойынша ұйымдастырушысы және тапсырыс берушісі бола отырып, келісім шарттарды түзеді және олардың орындалуын бақылайды;
заңнамада көрсетілген негізде басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
16. Функциялары:
1)Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен инвестициялық саясат тұжырымдамасының жүзеге асырылыуын қамтамасыз ету;
2)инвестиция бағытындағы бекітілген индикатордың орындалуын қамтамасыз ету;
3)жүзеге асырылуы жоспарланған инвестициялық жобаларға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу;
4) инвестиция тарту мақсатында сыртқы байланыстардың жүргізілуін қамтамасыз ету;
5)өңірдің өнеркәсіптік саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
6)өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсету;
7) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы ақпаратты беру;
8) индустриялық даму бойынша Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуге қатысу;
9) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарында өңірдің индустриялық дамуы туралы баяндауды дайындау;
10) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету;
11) бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың іске асырылуын үйлестіруді жүзеге асыру және тоқсан сайын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға ақпарат беру;
12) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
13) арнайы индустриалдық және экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларын тарту;
14) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен өңірлік маңызы бар арнайы индустриалдық және экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі шартты жасасу;
15) арнайы индустриалдық және экономикалық аймақтар қатысушыларының қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын орындауына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ мониторингтің деректерін талдау;
16) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру, оның жұмыс iстеуiн ұзарту немесе тарату туралы шешiмдер қабылдау жөнiнде облыс әкiмдiгiне ұсыныстар енгiзу;
17) облыс әкімдігіне облыстық маңызы бар индустриялық аймақты, сондай-ақ шағын индустриялық аймақты құру, қызмет ету мерзімін ұзарту немесе тарату туралы шешімдер қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізу;
18) жеке индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамасын келісу бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
19) арнайы индустриялық аймақ мәртебесін бере отырып, арнайы индустриялық аймақтар құру тұжырымдамасын келісу бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
20) облыс әкімдігіне арнайы индустриялық аймақ мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;
21) облыс әкімдігіне жалпы санының кемінде елу пайызын құрайтын кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінің қатысуымен өңірлік үйлестіру кеңесін құру, кеңестің жұмысын жүргізуді қамтамасыз ету;
22) республикалық немесе облыстық маңызы бар индустриялық аймақ туралы үлгілік ережені негізге ала отырып, облыс әкімдігіне республикалық немесе облыстық маңызы бар индустриялық аймақ туралы ережені бекіту туралы ұсыныстар енгізу;
23) облыс әкімдігіне индустриялық аймақты құру жөніндегі жобаларды іске асыру, оның ішінде индустриялық аймақ құру тұжырымдамасы бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ индустриялық аймақ құру үшін инфрақұрылымды салуға жобалау-сметалық құжаттаманың ведомстводан тыс кешенді сараптамасын қамтамасыз ету;
24) индустриялық аймақтарды дамыту жоспарларының жобаларын әзірлеу бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
25) облыс әкімдігіне индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын анықтау жөнінде ұсыныстар енгізу;
26) заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтарымен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру;
27) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу және арнайы экономикалық басқарушы компаниялармен шарттар жасасу және мемлекеттік жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) арналған үлгілік шарттар негізінде арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) арналған индустриялық аймақтар;
28) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу және кен іздеушілік үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
29) жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге, кен іздеушілікке лицензиялар шарттарын сақтауын бақылауды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне, кен іздеушілікке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
30) жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияда және "Жер қойнауы және Жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексте көзделген өндіру шарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
31) өздері берген кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар және кен іздеушілікке арналған лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
32) жер қойнауын пайдалануға лицензияны қайта ресімдеу арқылы өзгертуді іске асыру;
33) жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттардың, оның iшiнде өнiмдi бөлу туралы келiсiмдердiң және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялардың талаптарын сақтауын бақылауды құзыреттi орган (келiсiмшарттың тарапы болып табылатын және (немесе) жер қойнауын берген мемлекеттiк орган) жүзеге асырады. лицензияны пайдалану);
34) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органының аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша пайдалы қазбалар жатқан аумақтарды игеруге рұқсат беру;
35) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге берілген жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге қою келісімшарттарын тіркеу;
36) берілген лицензиялар тізілімін жүргізу;
37) "Жер қойнауы және Жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексте тыйым салынбаған жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) осындай жер қойнауын пайдалану құқығын беретін тиісті мемлекеттік органда мемлекеттік тіркелуге жатады;
38) жалпы таралған пайдалы қазбалар бойынша тарату қорын пайдалануға рұқсат беру;
39) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
2. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
3. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
20. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басқарады;
2) Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің басшыларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
4) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
5) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
6) келісімшарттар жасасады;
7) сенімхаттар береді;
8) банктік шоттар ашады;
9) өз уәкілеттігі шегінде Басқарманың барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің бірінші басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
10) Басқарманың қызметкерлеріне, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
11) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады;
12) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады;
13) қаржылық-шаруашылық қызметіне және оған берілген мүліктің сақталуына дербес жауапты болады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және облыс әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
15) Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
16)Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) "TURKISTAN INVEST" инвестицияларды тарту және экспортты дамыту жөніндегі аймақтық агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
2) "TURAN" арнайы экономикалық аймақ басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы
3) "Turkistan" индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі