"Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 227 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 және 37-баптарына және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабына сәйкес Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Исатай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 170 "Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Мусин

  Исатай ауданы
әкімдігінің 2025 жылғы
"30" қыркүйектегі № 227
қаулысымен бекітілген
  қосымша

"Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) аудан бойынша ішкі саясат және тілдерді дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі болып табылады.

      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Бөлім, ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Бөлімнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Елорда көшесі, 54А, индекс 060300.

      9. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      12. Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Бөлімнің мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның Стратегиялық дамуының негізгі басымдылықтарын, Қазақстан халқына Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауын насихаттау мен түсіндіру;

      2) әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      3) ауданда мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, соның ішінде мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша БАҚ қызметін үйлестіру және әдістемелік қолдау, заңнаманы сақтауға БАҚ қызметіне мониторинг жүргізу;

      4) мемлекеттік тілді және ауданда тұратын халықтардың тілдерін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      Аудан әкімдігі мәжілісіне ауданның ішкі саяси және тілдерді дамыту мәселері бойынша құжаттарды дайындауға араласу;

      Ішкі саясат жүйесі мен ұлтаралық қатынастар, Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты белгілейтін тұжырымдарды, бағдарламаларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысу;

      Ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) әзірлеу, жинақтау, қорыту және жіктеу жұмыстарын жүзеге асыру;

      Саяси партиялармен, ұлттық-мәдени бірлестіктермен, адам құқығын қорғау, діни және өзге де қоғамдық ұйымдармен байланысты істерді жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасы Заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

      2) Міндеттері:

      Ішкі саяси процестерді мемлекеттік тұрғыдан реттеп отыруға қатысу, аудандағы қоғамдық саяси ахуалды, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметін талдау мен болжауды, мониторинг жүргізуді ұйымдастыру, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, қоғамды топтастыруға бағытталған ұсынымдар беріп, жұмыстарды ұйымдастыру және қазақстандық патриотизмді насихаттау мен тәрбиелеуді жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау;

      Тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге қатысады, бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша қабылданатын аудан әкімінің шешімдері, өкімдері жобаларын дайындайды және сараптама жүргізу;

      Ауданда тіл саясаты саласындағы қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша аудан әкімдігінің атқарушы органдары мен өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіру;

      Ауданда қоғамдық – саяси және экономикалық саладағы билік органдарының қызметі туралы ақпарат тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі әкімдік жұмысына қатысу;

      Бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша ауылдық әкімдіктермен қызметтерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және жұмысын үйлестіру;

      Республикалық, облыстық және жергілікті деңгейде өтетін қоғамдық – саяси, мәдени шараларды саяси жағынан қамтамасыз ету;

      Мемлекеттің ішкі саяси мәселелері бойынша, ауылдық округ әкімдерінің, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі мен ақпараттық – насихаттық жұмыстарының жүру барысын үйлестіру және бақылау.

      15. Функциялары:

      1) мемлекеттік саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік дербестікті қалыптастыру, қоғамдық қозғалысты, демократияландыруды қалыптастыруға қатысу;

      2) аудан көлемінде мемлекеттік органдармен лауазым иелерінің ішкі саясаттың орындалуына бақылау жасау;

      3) 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясының негіздерін түсіндіру және насихаттау, қоғамдық демократияландыру институттарын нығайтуға қатысу;

      4) мемлекеттік ішкі саясатты, қоғамдық саяси саладағы жұмыстарды жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасындағы Заңдылықтарды жүйелендіру жұмыстарымен насихаттау шараларын жүзеге асыру;

      5) азаматтық бостандықты сақтау негізінде, Қазақстанның көп жылдарға өсу- өркендеуі туралы концептуалдық негіздегі және тәжірибелік нұсқама негізінде ішкі саясат саласындағы, сондай-ақ қоғамды қалыптастыру туралы негіздеме дайындау;

      6) аумақтағы қоғамдық-саяси процесі мен тағылымының өсуін жан-жақты объективті оқып талдау;

      7) Мемлекеттік тілдің жаппай қолдануына бағытталған шараларды қабылдау;

      8) Тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

      9) мемлекеттік ақпарат саясатын аймақта тарату деңгейі, мемлекеттік тапсырысты орындаудағы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру;

      10) аумақтағы қоғамдық-саяси жағдай жөнінде әлеуметтік–саяси зерттеу жүргізу;

      11) отандық өрлеу, өркендеу саласының көп жылдық саяси мемлекеттік жастар және әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясатын жүзеге асыруға жұмыстану;

      12) мерзімді жергілікті баспасөзге жаздыруды ұйымдастыру;

      13) қажеттілігіне орай аудан әкімінің құттықтау және аудан көлемінде басқа да ақпараттарды (некролог, жедел хабарламалар) жергілікті, облыстық баспа беттеріне жариялауды ұйымдастыру;

      14) Маңдайшаны облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру;

      15) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 75-бабында, 418 баптың 1-1 тармағында, 451 бабының 16,17 тармақтарында, 489-1 бабында, 490 бабында, көзделген құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ әкімшілік хаттамалар толтыру.

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

      16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      - бөлімнің жұмыстарын ұйымдастырады және басшылық етеді, бөлімге берілген тапсырмаларды дербес жауапкершілікпен орындайды, олардың функцияларын атқарады, бұйрық шығарады;

      - Заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      - бөлім қызметкерлерінің функционалдық өкілеттіктерін және міндеттерін анықтайды;

      - белгіленген заңға сәйкес бөлім қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданады;

      - құжаттарға бөлім басшысы ретінде қол қояды;

      - тұрғындарды жеке қабылдауды ұйымдастырады;

      - мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;

      - сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Бөлімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын мекеме басшысы басқарады.

4. Бөлімнің мүлкі

      20. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Бөлімнің қарамағындағы ұйымдар тізбесі

      "Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің "Исатай аудандық Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады