Коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 3/632 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес "Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      3) осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес бөлісу теңгерімі бекітілсін.

      2. "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" және "Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – Мекемелер):

      1) Мекемелерді Алматы қаласының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды

  Алматы қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "__" _____________
№ ______қаулысына 1 қосымша

"Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) жолаушылар тасымалы және жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының қызметін үйлестіру, жол қозғалысын ұйымдастыру, сондай-ақ микромобилділікті дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес казынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Басқарма, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение "Управление организации дорожного движения и пассажирского транспорта города Алматы".

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Басқарманың миссиясы, мақсаты, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

      13. Басқарманың миссиясы: жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен, таксимен және метрополитенмен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, жол қозғалысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

      14. Басқарманың мақсаты: жолаушылар тасымалы саласындағы басшылық және жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының қызметін үйлестіру, Алматы қаласының жол қозғалысын ұйымдастыру.

      15. Басқарманың міндеттері:

      1) көлік инфрақұрылымын дамыту;

      2) үздік әлемдік тәжірибе бойынша ақылды көлік жүйесін құру;

      3) жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту;

      4) жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру;

      5) қала маңындағы қоғамдық көлік қатынастарын дамыту;

      6) баламалы көлік түрлерін дамыту (каршеринг, такси, велокөлік, және т.б.);

      7) жол қозғалысын ұйымдастыру сызбаларын өзгерту арқылы веложолақтар құру;

      8) ақылы тұрақ кеңістігі жүйесін дамыту;

      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттер.

      16. Басқарманың функциялары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған:

      1. мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында конкурстар (немесе тікелей келіссөздер) ұйымдастыру және өткізу, көлік инфрақұрылымы саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарттар жасасу;

      2. ақылы автотұрақтарды (тұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      3. ақылы автотұрақтарды (тұрақтарды) ұйымдастырады;

      4. көлік инфрақұрылымы объектілерін, жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салудың, реконструкциялаудың, жаңғыртудың, күрделі жөндеудің техникалық-экономикалық негіздемелерін, жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      5. жол жүрісін ұйымдастыру схемаларын өзгерту бөлігінде магистральдық жолдардың авариялық-қауіпті орындары мен учаскелерін жою жөніндегі іс-шараларды орындау арқылы қолданыстағы көлік инфрақұрылымының қауіпсіз жұмыс істеуін, күтіп ұстауды және жақсартылуын қамтамасыз ету;

      6. бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қала тұрғындарын хабардар ете отырып, жол қозғалысын уақытша шектеу немесе оған тыйым салу, оны жолдарда немесе жолдардың жекелеген учаскелерінде ұйымдастыруды өзгерту жөнінде шаралар қабылдау;

      7. жолдарда (көшелерде) бұқаралық, спорттық және басқа да шаралар өткізудің сызбалары мен бағыттарын келісу;

      8. Басқармаларға жүктелген міндеттерді іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен және олардың лауазымды тұлғаларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      9. Басқарманың қарамағындағы ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқару органының (жалғыз қатысушының) функцияларын жүзеге асыру;

      10. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың қаржылық есептілігін қарастыру, келісу және бекіту;

      11. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың даму жоспарларының орындалуын, сондай-ақ олардың жұмыс істеуі мен басқару тиімділігін мониторингтеу, талдау және бақылау;

      12. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың таза табыс бөлігін аудару нормативін әзірлеу;

      13. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың таза табысының бір бөлігін бюджетке толықтай және уақытылы аударылуына бақылауды жүзеге асыру;

      14. жолаушылар көлігі саласында тұрғындардың қанағаттанушылығын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді ашықтық және есептілік қағидаттарына сәйкес көрсету;

      15. қызметтердің тиімділігін арттыру үшін бизнес-процестерді цифрландыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасы, ашықтығы және қолжетілімділігі;

      16. жол қозғалысын басқарудың заманауи зияткерлік жүйелерін енгізу;

      17. зияткерлік көлік жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мамандандырылған ұйымдар құру;

      18. қоғамдық көліктердің диспетчерлендіруін үйлестіру және ұйымдастыру;

      19. "Көлік жүйесін дамыту" бағыты бойынша жобалық басқаруды жүргізу;

      20. қалалық және қала маңындағы көлік жүйесі саласында жаңа технологияларды, жасанды интеллектіні, мобильді қосымшаларды, цифрландыруды енгізу, дамыту және жетілдіру;

      21. көліктік жоспарлауды және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру;

      22. Мәслихаттың қарауына:

      1) қалалық байланыстың әлеуметтік мәнінің тізімін;

      2) қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікті және тегін жол жүруге мұқтаж азаматтардың кейбір санатының тізімін енгізу және әзірлеу;

      23. Тарифтер есебін әзірлеу:

      1) барлық бағыттарға бірыңғай қала көліктерінде жолаушылар мен жүктерді тұрақты тасымалдау;

      2) қалалық рельстік көліктерде жолаушылар мен жүктерді тұрақты тасымалдау;

      3) әлеуметтік маңызы бар жолаушыларды тұрақты тасымалдау;

      24. қоғамдық көлік жүргізушілерінің, тасымалдаушылардың, жолаушылардың, жол жүру ақысын төлеу жүйесінің операторының автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын және (немесе) шарттық міндеттемелерді (бар болса) сақтауы мәселелері бойынша мониторинг пен көшпелі іс-шараларды ұйымдастыру;

      25. бекітілген жоспар-тапсырмаларға сәйкес қалалық іс-шараларды рейстік автобустармен ұйымдастыру және қызмет көрсету;

      26. қалалық рельстік көліктермен жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды тұрақты ұйымдастыру;

      27. автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пунктерінің тізілімін жүргізу;

      28. олардың негізгі қызметіне араласпай, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаланың, оның ішінде әуежайлардың, теміржол вокзалдарының көлік желісінің жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру;

      29. жолдарда, көшелерде, олардың жекелеген учаскелерінде, көлік тораптарында, көше-жол желісіне тән учаскелерде көлік құралдарының қозғалыс параметрлері (қозғалыс жылдамдығы, қарқындылығы, жүктеме деңгейі, қозғалыс аралықтары, жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының орналасуы мен жай-күйі) туралы деректерді жинау, өңдеу және жинақтау жолымен жол қозғалысының мониторингі;

      30. жол-көлік оқиғаларынан болған шығындардың және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бюджеттік шығындардың, сондай-ақ көше-жол желісіндегі апаттылық деңгейін төмендетуге қабылданатын шаралардың тиімділігінің мониторингі;

      31. қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды, жобаларды, "VISION ZERO" бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;

      32. жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық, қала маңындағы, қалааралық және облысаралық автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу;

      33. баламалы көлік түрлерін дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      34. такси тасымалдаушысы ретінде қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;

      35. такси тасымалдаушысы ретінде қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімін жүргізу;

      36. әуежайларда, вокзалдарда, сауда объектілерінде, базарларда, театрларда, цирктерде, кинотеатрларда, мәдени-демалыс ұйымдарында (мәдениет және демалыс саябақтары), сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда такси тұрақтарын ұйымдастыру және жабдықтау;

      37. электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;

      38. тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;

      39. электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімін жүргізу;

      40. каршеринг, карпулинг (рейдшеринг), велосипедпен жүру, электр самокаттар және қалалық мобилділіктің басқа да баламалы түрлерін нормативтік реттеу және ынталандыру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      41. қолданыстағы веложолақтардың қауіпсіз жұмыс істеуін, сақталуын және жақсартылуын қамтамасыз ету;

      42. велосипед инфрақұрылымын келісу және салу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      43. паркингтер салу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      44. ақылы коммуналдық автотұрақ орындарын (автотұрақ) ұйымдастыру;

      45. тротуар үлгісіндегі ақылы коммуналдық автотұрақтарды пайдалану және пайдалану құқығымен жабдықтау, абаттандыру бойынша конкурс өткізу;

      46. автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салықтың базалық ставкаларының мөлшері айқындалатын автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын айқындау;

      47. ақылы автотұрақ орындарын (автотұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;

      48. жұмыстарды үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру:

      1) коммуналдық меншікке жататын уақытша тұрақтарды, тұрақтарды, паркингтерді, айыппұл тұрақтарын, автокөлік аялдамаларын пайдалануға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге;

      2) коммуналдық меншікке жататын уақытша тұрақтарды, тұрақтарды, паркингтерді және айыппұл тұрақтарын ұйымдастыру бойынша жаңғырту, сервисті жақсарту, мониторинг жүргізу және қызметтерін есепке алу бойынша;

      49. ұсталған көліктерді сақтау бойынша мамандандырылған тұраққа көлік құралдарын эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастыру;

      50. жолаушылар көлігі және жол қозғалысын ұйымдастыру салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      51. жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын жүзеге асыру;

      52. тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу;

      53. жол-көлік инфрақұрылымы, жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылауды қамтамасыз ету;

      54. өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді орындау барысына жұмысты үйлестіру;

      55. көлік инфрақұрылымы объектілерін пайдалануға қабылдау және оларды коммуналдық меншікке беру;

      56. келісу кезінде қала құрылысы құжаттамасында аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі бөлімнің болуын қамтамасыз ету;

      57. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

      58. көлік құралдарының жекелеген қалалық аумақтарға кіруіне әртүрлі шектеулер енгізе отырып, жол жүрісін ұйымдастырудың арнайы аймақтарын белгілеу (құру) және ақпараттық қамтамасыз ету;

      59. жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық, қалааралық және облысаралық тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізу;

      60. жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу;

      61. жолаушылар мен багажды қалалық, қала маңындағы, қалааралық және облысаралық тұрақты тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестелерін бекіту;

      62. қалалық және қала маңындағы қатынастарда жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушылардың шығындарын (шығыстарын) субсидиялау;

      63. Алматы қаласы мәслихатының шешімі негізінде қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен, тегін жол жүру түрінде азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдауды жүзеге асыру;

      64. қалалық рельсті көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді және куәліктерді беруді жүзеге асыру;

      65. автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;

      66. тұрақты көлікті дамытуды ескере отырып, көліктік жоспарлауды қамтамасыз ету;

      67. жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық облысаралық автомобиль тасымалдары бойынша маршруттар мен қозғалыс кестесін келісу;

      68. жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру;

      69. өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер беру;

      70. Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу;

      71. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      72. өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;

      73. петицияларды қарау.

      17. Жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзыретінің шегінде Басқарманың құқықтары:

      1) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қажетті мәліметтерді, ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

      2) Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер басшыларының немесе оларды алмастыратын адамдардың, басшы орынбасарларының тоқсан сайынғы есептерін тыңдауға;

      3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін келісімдер, меморандум жасасуға;

      5) Aлматы қаласының әкіміне ұсыныстар енгізуге;

      6) белгіленген тәртіпте әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдерінің және өкімдерінің, Алматы қаласы мәслихатының шешімдерінің жобаларын енгізуге;

      7) жолаушылар көлігі және жол қозғалысын ұйымдастыру саласында мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің жанынан арнайы комиссиялар, кеңестер, жұмыс топтары және басқа да кеңесші органдар құруға бастамашылық жасау;

      8) жолаушылар көлігі және жол қозғалысын ұйымдастыру саласындағы мамандармен конференциялар, семинарлар, оқытудың және тәжірибе алмасудың басқа да нысандарын ұйымдастыру;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен сотқа талап - арызбен жүгінуге;

      10) оған берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

3-тарау. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Басқарма басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың, Алматы қаласы әкімдігінің қаулылары және Алматы қаласы әкімі бұйрықтарының орындалуына дербес жауап береді;

      2) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      3) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау шараларын қабылдайды;

      5) шарттар жасасады;

      4) сенімхаттар береді;

      7) банк шоттарын ашады;

      8) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

      9) Басқарманың барлық қызметкерлері, сонымен қатар номенклатурасы олардың жарғысына (ережесіне) сәйкес Басқарманың құзыретіне жатқызылған Басқарма қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      11) номенклатурасы олардың жарғысына (ережесіне) сәйкес Басқарманың құзыретіне жатқызылған Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген немесе еңбек шарттарын жасасқан жағдайларға конкурс арқылы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда, Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның басшыларын аттестаттауды жүргізеді;

      13) Баcқарманың бөлім басшы қызметкерлерінің және өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерінің аясын айқындайды;

      14) номенклатурасы олардың жарғысына (ережесіне) сәйкес Басқарманың құзыретіне жатқызылған Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің аясын айқындайды;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпте және жағдайларда Басқарманың қызметкерлеріне көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолданады;

      16) номенклатурасы олардың жарғысына (ережесіне) сәйкес Басқарманың құзыретіне жатқызылған Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте және жағдайларда көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарама басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейді.

4-тарау. Басқарманың мүлкі

      23. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Басқармаға бекітіліп берілген мүлік Алматы қаласының коммуналдық меншігіне жатады.

      25. Егер қолданыстағы заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманың қарамағындағы мекемелердің тізбесі:

      1. "Алматыэлектркөлік" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алматы паркинг" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3. "Алан паркинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      4. "Алматы қаласының жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

  Алматы қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "__" ________
№ ______ қаулысына 2 қосымша

"Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) қолданыстағы заңнама аясында Алматы қаласының аумағында автомобиль жолдарын салу және жөндеу, жол инфрақұрылымы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес казынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Басқарманың егер қолданыстағы заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделген шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Управление развития дорожной инфраструктуры города Алматы".

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Басқарманың миссиясы, мақсаты, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Басқарманың миссиясы: Алматы қаласының аумағында тіршілікке қажетті инфрақұрылымды құруға бағытталған және автомобиль жолдары саласында тиімді мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу.

      14. Басқарманың мақсаты: Алматы қаласының аумағында автомобиль жолдарын, жол инфрақұрылымын салу және жөндеу сапасын арттыру.

      15. Басқарманың міндеттері:

      1) жол инфрақұрылымын дамыту;

      2) жобалау саласында қабылданған нормалар мен ұлттық стандарттардың, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау кезiнде талап етiлетiн сапаның сақталуын қамтамасыз ету;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттер.

      16. Басқарма функциялары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған:

      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында конкурстарды (немесе тікелей келіссөздер) ұйымдастыру және өткізу, жол инфрақұрылымы саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы келісім шарт жасау;

      2) жолдар мен көшелерге ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс түрлерінің сыныптамасын әзірлеу;

      3) орташа жөндеу жұмыстары үшін көшелердің (жолдардың) тізбесін жасау;

      4) автомобиль жолдарының (көшелердің) паспорттау базасын жүргізу;

      5) жол инфрақұрылымдары объектілерін салу, реконструкциялау, жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамаларын, техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      6) магистральды жолдардағы апаттық-қауіпті жерлер мен учаскелерді жою бойынша шараларды ұйымдастыру арқылы қолданыстағы жол инфроқұрылымдарының қауіпсіз жұмыс жасауын, күтіп-ұстауды және жақсартуды қамтамасыз ету;

      7) уақытша шектеу немесе жол қозғалысына тыйым салу, жолдарда немесе кейбір жол учаскелерінде жол қозғалысына өзгерістер енгізу жөнінде шаралар қабылдап, олар жайында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қала тұрғындарына жеткізу;

      8) Басқармаға жүктелген міндеттерді іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен және олардың лауазымды тұлғаларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру,

      9) Басқарманың қарамағындағы ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын (жалғыз қатысушы) жүзеге асыру;

      10) Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың қаржылық есептілігін қарастыру, келісу және бекіту;

      11) Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың даму жоспарды орындауына, сондай-ақ жұмыс жасауына және тиімді басқаруына мониторинг, талдау, бақылау жасау;

      12) Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың таза табыс бөлігін бөлу нормативін әзірлеу;

      13) Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың таза табыс бөлігін бюджетке толықтай және уақытылы аударуына бақылау жүргізу;

      14) жол жүйелері саласында жаңа технологияларды, жасанды интеллектіні, мобилді қосымшаларды, цифрландыруды енгізу, дамыту және жетілдіру;

      15) көліктік жоспарлауды және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру;

      16) қалалық рельстік көлік жұмыстары кезінде жұмыстарды ұйымдастыру, орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;

      17) жол-көлік оқиғаларынан шығындардың және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бюджеттік шығындарға, сондай-ақ автомобиль жолдарында (көшелерде) жол апаттарының деңгейін төмендету шараларының тиімділігіне мониторинг жүргізу;

      18) қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-шараларды, жобаларды, "VISION ZERO" бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;

      19) жаяу және велосипед инфрақұрылымын салу және келісу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      20) паркингтерді салу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      21) ақылы коммуналды автотұрақ орындарын (автотұрақ) ұйымдастыру;

      22) автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      23) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын жүзеге асыру;

      24) тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу, тәртiбiн ұйымдастыру және өткiзу, тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алу шарттарын жасау;

      25) автожолдарды (көшелердi), жол инфрақұрылымы объектілерін, жаяу жүргiншi аймақтарын, жол қозғалысын бақылаудың техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жаңғырту (күрделі, орташа, ағымдағы) жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және бақылауды қамтамасыз ету;

      26) өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді орындау барысына қатысты жұмысты үйлестіру;

      27) жол инфрақұрылымының объектілерін пайдалануға қабылдау және оларды коммуналдық меншікке беру;

      28) келісу кезінде қала құрылысы құжаттамасында аумақтық-көліктік жоспарлау және жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша бөлімнің болуын қамтамасыз ету;

      29) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

      30) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу;

      31) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      32) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;

      33) петицияларды қарау.

      17. Жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзыретінің шегінде Басқарма:

      1) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қажетті мәліметтерді, ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

      2) Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіопрындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер басшыларының немесе оларды ауыстыратын тұлғалардың, басшы орынбасарларының тоқсан сайынғы есептерін тыңдауға;

      3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін келісімдер, меморандум жасасуға;

      5) Aлматы қаласының әкіміне ұсыныстар енгізуге;

      6) белгіленген тәртіпте әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдерінің және өкімдерінің, Алматы қаласы мәслихатының шешімдерінің жобаларын енгізуге;

      7) автомобиль жолдарын дамыту саласында мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін Алматы қаласы әкімдігінің жанынан арнайы комиссиялар, кеңестер, жұмыс топтары немесе басқа да кеңесші органдар құруға бастамашылық жасауға;

      8) конференциялар, семинарлар, оқудың басқа да түрлерін ұйымдастыруға және автомобиль жолдары қызметкерлерімен тәжірибе алмасуға;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте сотқа талап-арыз беруге;

      10) оған берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

3-тарау. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. Басқарма басшысын Алматы қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Басқарма басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың, Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының және Алматы қаласы әкімі бұйрықтарының орындалуына дербес жауап береді;

      2) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      3) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау шараларын қабылдайды;

      5) шарттар жасасады;

      4) Сенімхаттар береді;

      7) банк шоттарын ашады;

      8) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

      9) Басқарманың барлық қызметкерлері, сонымен қатар номенклатурасы олардың жарғысына (ережесіне) сәйкес Басқарманың құзыретіне жатқызылған Басқарма қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      11) номенклатурасы олардың жарғысына (ережесіне) сәйкес Басқарманың құзыретіне жатқызылған Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген немесе еңбек шарттарын жасасқан жағдайларға конкурс арқылы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда, Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның басшыларын аттестаттауды жүргізеді;

      13) Баcқарманың бөлім басшы қызметкерлерінің және өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерінің аясын айқындайды;

      14) номенклатурасы олардың жарғысына (ережесіне) сәйкес Басқарманың құзыретіне жатқызылған Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің аясын айқындайды;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпте және жағдайларда Басқарманың қызметкерлеріне көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолданады;

      16) номенклатурасы олардың жарғысына (ережесіне) сәйкес Басқарманың құзыретіне жатқызылған Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте және жағдайларда көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарама басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейді.

4-тарау. Басқарманың мүлкі

      23. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Басқармаға бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      26. Егер қолданыстағы заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманың қарамағындағы мекемелердің тізбесі:

      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Метрополитен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  Алматы қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "__"____________
№ ______ қаулысына 3 қосымша

Бөлу балансы

      "Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін "Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне және "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты.

      "Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы" КММ балансында:

      Активтер – 733 433 814,0 мың теңге.

      Оның ішінде:

      Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар – 625 726 103,5 мың теңге;

      Негізгі құралдар – 43 330 954,7 мың теңге;

      Аяқталмаған құрылыс – 63 705 949,2 мың теңге;

      Материалдық емес активтер – 670 806,5 мың теңге;

      Қорлар – 0,0 теңге;

      Басқа қысқа мерзімді активтер – 0,0 теңге;

      "Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балансына жедел басқару құқығындағы мынадай мүлік ауысады:

      Активтер– 40 310 948,9 мың теңге.

      Оның ішінде:

      Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар -354 940 832,2 мың теңге;

      Негізгі құралдар - 14 370 590,3 мың теңге;

      Аяқталмаған құрылыс – 59 739 948,2 мың теңге;

      Материалдық емес активтер – 3 035,0 мың теңге;

      Қорлар – 0,0 теңге;

      Басқа қысқа мерзімді активтер – 0,0 теңге.

      "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балансына жедел басқару құқығындағы мынадай мүлік ауысады:

      Активтер – 693 122 865,1 мың теңге.

      Оның ішінде:

      Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар – 270 785 271,3 мың теңге;

      Негізгі құралдар - 28 960 394,4 мың теңге;

      Аяқталмаған құрылыс - 3 966 001,0 мың теңге;

      Материалдық емес активтер – 667 771,5 мың теңге;

      Қорлар – 0,0 мың теңге;

      Басқа қысқа мерзімді активтер – 0,0 теңге.

      "Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ретінде жол құрылысы саласындағы барлық дебиторлық берешектер бойынша міндеттемелердің құқықтық мұрагері болып табылады.

      "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ретінде жолаушылар тасымалы саласындағы барлық дебиторлық берешектер бойынша міндеттемелердің құқықтық мұрагері болып табылады

  Тапсырды:
Алматы қаласы Қалалық мобилділік
басқармасының басшысы
С. Телібаев_________________

      Қабылдады:

Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының
басшысы
______________________

Алматы қаласы Жол қозғалысы
және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының
басшысы
___________________

  Алматы қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "__"____________
№ ______ қаулысына 4 қосымша

Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1) "Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/81 қаулысы;

      2) "Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/81 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 4/647 қаулысы;

      3) "Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 2/279 қаулысының 1-тармағының 4) тармақшасы;

      4) "Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 14 маусымдағы № 2/345 қаулысының 1-тармағының 4) тармақшасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады