Алматы қаласында жалпы су пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXXII сессиясының 2025 жылғы 7 тамыздағы № 232 шешiмi

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласында жалпы су пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М. Отыншиев

  Алматы қаласы мәслихатының
  2025 жылғы 7 тамыздағы № 232
  шешімімен бекітілген

Алматы қаласында ортақ су пайдалану қағидалары

      1. Осы Алматы қаласында ортақ су пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді және Алматы қаласының аумағындағы жалпыға ортақ су обьектілерінде жеке тұлғалардың ортақ су пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Ортақ су пайдалануды жеке тұлғалар рекреацияға, туризмге, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға және шаруашылық немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес бос уақыттың өзге де нысандарына, сондай-ақ жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға деген жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырады.

      3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.

      4. Ортақ су пайдалану шеңберінде су обьектілерін пайдалану су обьектілерінің ажырамас бөлігі болып табылатын жария су сервитуты шеңберінде жүзеге асырылады.

      5. Алматы қаласының әкімдігі жеке тұлғалардың ортақ су пайдалану құқығын іске асыру мақсатында:

      1) су обьектілеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

      2) ортақ су пайдалану су объектілерінде жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды айқындайды;

      3) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су объектілерінің және (немесе) учаскелерінің және іргелес жағалау белдеуінің учаскелерін айқындайды;

      4) халыққа ортақ су пайдалану бойынша орнатылған шектеулер мен тыйымдар туралы хабарлауды қамтамасыз етеді.

      6. Су объектісіне тікелей қолжетімділік болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қоғамдық сервитут орнатады.

      7. Шектеулер немесе тыйымдар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялануға жатады және су объектілерінің жағалауында арнайы ақпараттық белгілер орнату арқылы танысуға қолжетімді болуға тиіс.

      8. Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін су объектілерін пайдалану санитарлық қорғау аймағынан тыс жерде және суару алаңдары мен су объектілерін ластау мен кірлетудің алдын алатын басқа да құралдар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

      9. Балық шаруашылығы су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, аталмыш су объектісінде көл-тауар шаруашылығын жүргізу құқығы берілген тұлғаларға ұйымдастырылады.

      10. Ортақ су пайдалану объектілерін пайдалану кезінде мыналарға жол берілмейді:

      1) су объектілеріне жеке тұлғалардың қолжетімділігін шектейтін қоршауларды, шлагбаумдарды, тыйым салатын белгілерді және басқа да құралдарды өздігінен орнату;

      2) су объектілерін ластау және кірлету;

      3) шомылуға арналған жерлерде көлікті жуу, киім жуу және жануарларды шомылдыру;

      4) арнайы ақпараттық белгілер орнатылған, ескерту немесе тыйым салу жазулары бар жерлерде шомылу;

      5) осы қағиданың қосымшасында көрсетілген орындарда шомылу;

      6) құрылыс-монтаждау жұмыстары (қайта жаңғырту, жөндеу, абаттандыру) жүргізіліп жатқан немесе аяқталмаған жерлерде шомылу;

      7) сел ұстау құрылыстарының, шлюздердің, өзен арналарының габионмен бекітілген немесе тұрақтандырылған учаскелерінің, ағынды сулардың құйылу орындарының және өзге де ластау көздерінің маңында, кемінде 500 метр қашықтықта шомылу;

      8) арнайы ақпараттық белгілерді өздігінен алып тастау, зақымдау немесе жою;

      9) жанармай және майлау материалдарын сақтау;

      10) көлікті жанармаймен қамтамасыз ету, жуу және жөндеу жұмыстарын жүргізу;

      11) су объектілерінде және олардың жанында кәмелетке толмаған балаларды ересектерсіз қалдыру.

      11. Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы, Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы, сондай-ақ Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары су обьектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жағдайы туралы халықты ақпараттандыруды жүзеге асырады.

      12. Ортақ су пайдаланудың қауіпсіздігі мен ұтымдылығын қамтамасыз ету, тыйым салу белгілерінің орнатылуын бақылау және халықты шомылуға тыйым салынған орындар туралы ақпараттандыру бойынша іс-шараларды үйлестіру мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ортақ су пайдалану бағдарламасының әкімшісін тағайындайды.

  Алматы қаласының ортақ су
пайдалану қағидаларына
қосымша

Алматы қаласының аумағындағы орналасқан су объектілерінде шомылуға тыйым салынған орындар

Су объектісінің атауы

Су айдынының атауы

Су объектілеріндегі орындар (мекенжайы, координаттары және басқалары)

"А" және "Б" нүктелерінің арасындағы қашықтық, метр

Жалпы суды пайдалануды шектеулері

"А"
нүктесі

"Б" нүктесі

Алатау ауданы

1

Қарғалы өзені

Бекмұрат су қоймасы

43.323962° 76.785327°

43.325255° 76.785378°

150 метр

Шомылуға тыйым салынған

2

Көкөзек су қоймасы

43.310976° 76.771729°
43.312142° 76.775405°

43.315444° 76.769264°
43.316445° 76.773844°

540 метр
490 метр

Шомылуға тыйым салынған

3

Үлкен Алматы өзені

Үлкен Алматы өзені Райымбек даңғылынан Алматы облысымен шекараға дейін

43.247911° 76.864185°

43.329433° 76.876042°

8000 метр

Шомылуға тыйым салынған

4

Қарасу өзені

Қарасу шағын ауданындағы көл

43.335007° 76.909625°

43.338178° 76.90958°

350 метр

Шомылуға тыйым салынған

5

Тереңқара өзені

Байбесік шағын ауданындағы тоған

43.313841° 76.88568°

43.31692°
76.88511°

345 метр

Шомылуға тыйым салынған

Алмалы и Әуэзов ауданы

6

Үлкен Алматы өзені

Сайран су қоймасы

43.233468° 76.870542°

43.246928° 76.863362°

Ұзындығы 1700 метр, ені 600 метр

Шомылуға тыйым салынған

Бостандық ауданы

7

Үлкен Алматы өзені

Үлкен Алматы көлі

43.05694° 76.984066°

43.045363° 76.986565°

су объектісінің барлық көлемі

Шомылуға тыйым салынған

8

Үлкен Алматы өзені бөгеттен жоғары

43.182666° 76.891257°

43.185044° 76.89085°

270 метр

Шомылуға тыйым салынған

9

Үлкен Алматы өзені бөгеттен Абай даңғылына дейін Абай

43.185147° 76.890949°

43.232992° 76.87111°

6000 метр

Шомылуға тыйым салынған

10

Есентай өзені

Есентай өзені Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін

43.220151° 76.9317°

43.240369° 76.919461°

3000 метр

Шомылуға тыйым салынған

Жетісу ауданы

11

Қарасу өзені

Кемел шағын ауданындағы Первомай тоғандары

43.372711° 76.948014°

43.376264° 76.952887°

560 метр

Шомылуға тыйым салынған

12

Есентай өзені

Есентай өзені Райымбек даңғылынан Волочаевская, 393Б көшесіне дейін,

43.27217° 76.966728°

43.293508° 76.973485°

2500 метр

Шомылуға тыйым салынған

Медеу ауданы

13

Тереңсай өзені

Юннатское көлі

43.206211° 77.014459°

43.207807° 77.014941°

180 метр

Шомылуға тыйым салынған

14

Абылғазы өзені

Көлсай көлі

43.209389° 77.000789°

43.211477° 77.000208°

240 метр

Шомылуға тыйым салынған

15

Жарбұлақ өзені

Тіксай өзені (Тік Алшақтық)

43.267086° 77.006167°

43.286427° 76.995163°

2300 метр

Шомылуға тыйым салынған

16

Қарасу 8

43.293754° 76.979108°

43.295165° 76.980867°

230 метр

Шомылуға тыйым салынған

17

Есентай өзені

Есентай өзені Бейсеуов көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейін

43.180367° 77.093722°

43.189328° 77.000443°

7500 метр

Шомылуға тыйым салынған

18

Кіші Алматы өзені

Кіші Алматы өзені "Горельник" сарқырамасынан Әл-Фараби даңғылына дейін

43.141787° 77.066447°

43.219776° 76.932195°

17 000 метр

Шомылуға тыйым салынған

19

Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы көл

43.237163, 76.945654

43.237171, 76.945658

су объектісінің барлық көлемі

Шомылуға тыйым салынған

Наурызбай ауданы

20

Сапожникова өзені

Ақсай-Қарғалы каналы

43.182552° 76.808484°

43.196687° 76.809102°

1600 метр

Шомылуға тыйым салынған

Түрксіб ауданы

21

Кіші Алматы өзені

Аэропорт көлі

43.337257° 76.99022°

43.341129° 76.99671°

весь объем
водного объекта

Шомылуға тыйым салынған

22

Кіші Алматы өзені Рысқұлов даңғылынан Поддубный көшесіне дейін

43.293818° 76.973559°

43.33834° 76.990502°

5200 метр

Шомылуға тыйым салынған

23

Қарасу өзені

Пархач көлі

43.295636° 76.969841°

43.295763° 76.967368°

весь объем
водного объекта

Шомылуға тыйым салынған

24

Шестуха

43.363126° 76.985249°

43.359108° 76.984649°

весь объем
водного объекта

Шомылуға тыйым салынған


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады