Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.
Қазақстан Республикасының Салық кодексі 726-бабы, Тереңкөл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тереңкөл ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшерін салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 % дан 3 % - ға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Тереңкөл аудандық мәслихатының төрағасы | Р. Габидулин |
