Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, Тобыл кентінің әкімдігі ШЕШТІ:
1. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына сыртқы инженерлік сумен жабдықтау және кәріз желілеріне қызмет көрсету үшін Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Тобыл кенті, Станционная көшесі аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,0574 гектар жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін. Учаске бөлінбейді.
2. "Тобыл кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу.
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жарияланғанынан кейін "Тобыл кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| А. Бердалинов |
