Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 11 шілдедегі № 140 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Н. Нәлібаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2025 жылғы "11" шілдедегі
№ 140 қаулысына қосымша

Қызылорда облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 593 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4330 болып тіркелген) қаулысы;

      2. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 593 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 234 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5278 болып тіркелген) қаулысы;

      3. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 593 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 504 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5550 болып тіркелген) қаулысы;

      4. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 593 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 706 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5741 болып тіркелген) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады