Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 11.07.2025 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 593 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4330 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2012 жылғы 6 қарашада жарияланған) мынайдай толықтыру енгізілсін:
діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы:
келесі мазмұндағы 3-қатармен толықтырылсын:
"
3. | "Жамағат" дүкені |
Арай тұрғын ауданы, |
".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Рүстемовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |