"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Н. Нәлібаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы "11" шілдедегі № 140 қаулысына қосымша |
Қызылорда облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 593 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4330 болып тіркелген) қаулысы;
2. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 593 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 234 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5278 болып тіркелген) қаулысы;
3. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 593 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 504 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5550 болып тіркелген) қаулысы;
4. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 593 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 706 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5741 болып тіркелген) қаулысы.