Шет ауданы әкімінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 01 "Техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет ауданының әкімінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 03 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Азаматтық қорғау туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеуді белгілеу туралы" бұйрығына, "Электртасымалдау-АА" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2025 жылғы 12 маусымдағы №177 хатына сәйкес, Шет ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Шет ауданы әкімінің 2025 жылғы 21 ақпандағы №01 "Техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1, 2-тармақтар мына редакцияда баяндалсын:

      "1. Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы, Нұраталды, Ақой, Ақшоқы, Шет, Батық, Бурма, Кеңшоқы ауылдық округтерінің және Қарғалы, Красная Поляна, Бекет, Дерибсал ауылдарының аумағында "Шет энерго" ЖШС желілерінде электр энергиясының ажыратылуына байланысты 2025 жылғы 21 ақпаннан бастап Шет ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын."

      "2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі басшы болып Шет ауданы әкімінің орынбасары С.Қ. Садықов тағайындалсын және оған техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын."

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 21 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Шет ауданы әкімінің м.а. Д. Кәрсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады