Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Шет ауданының әкімінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 01 шешімі.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Азаматтық қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырындағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" №240 қаулысына және Шет ауданының төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі аудандық комисияның 2025жылдың 21 ақпандағы №1 хаттамасына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы, Нұраталды, Ақой, Ақшоқы, Шет, Батық, Бурма, Кеңшоқы ауылдық округтерінің және Қарғалы, Красная Поляна, Бекет, Дерибсал ауылдарының аумағында "Шет энерго" ЖШС желілерінде электр энергиясының ажыратылуына байланысты 2025 жылғы 21 ақпаннан бастап Шет ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет ауданының әкімінің 16.06.2025 № 03 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 21.02.2025 бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады).

      2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі басшы болып Шет ауданы әкімінің орынбасары С.Қ. Садықов тағайындалсын және оған техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет ауданының әкімінің 16.06.2025 № 03 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 21.02.2025 бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады).

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      М.Мұхтаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады