БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 195 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларында:
5-тармақ мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу";
"11) мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты тауарлық-материалдық қорларды (оның ішінде жанар-жағармай материалдарын) сатып алу."
7-тармақ алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Қаржы және корпоративтік басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
