"2025 жылы ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 24 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 18 қарашадағы № 526 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін үміткерлерді қамтуды арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "2025 жылы ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 24 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. 2025 жылы ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау және конкурс өткізу мерзімдері:

      құжат қабылдау: 2025 жылғы 3 наурыз бен 19 қараша аралығы;

      конкурсты өткізу: 2025 жылғы 1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығы болып бекітілсін.".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нұрбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады