Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қордай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1, 2 қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы Қордай ауданы Қақпатас ауылдық округі Беріктас ауылының шекарасының (шегінің) жалпы алаңы 34974,28 гектар болып белгіленіп, елді мекеннің санатындағы шекарасынан (шегінен) 277,72 гектар жайылым жер учаскесі көпшілік пайдаланатын жайылымдар санатынан алынып, мемлекеттік жер қорына ауыстырылсын.
2. Осы бірлескен Қордай ауданы әкімдігінің қаулысының және Қордай аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Қордай аудандық әкімдігінің қаулысы және Қордай аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қордай ауданының әкімі | Б. Болатбеков |
| Қордай аудандық мәслихатының төрағасы | Н. Садыков |
| Қордай ауданы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы 28 қарашадағы № 417 | |
| мен Қордай аудандық мәслихатының | |
| 25 жылғы 28 қарашадағы № 52-3 | |
| бірлескен қаулы және шешіміне | |
| 2 қосымша |

