"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2025 жылғы 14 маусымдағы № 99-ө өкіміне сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командалардың (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Абай облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командалардың (ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Абай облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушылары мен клуб командаларының басшыларына ай сайынғы ақшалай қамтылым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 99 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 182018 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Әкімдіктің осы қаулысының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысының әкімі | Б. Уәли |
