Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына және 37-бабына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 57-бабына сәйкес, сондай-ақ Төтенше жағдайды жою жөніндегі комиссияның шешімі негізінде, Алатау қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. Алатау қаласы әкімінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 3 "Алатау қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің күші жойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алатау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | А. Өтенов |
