"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 48, 50-баптарына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 15 қыркүйекте қала аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында орын алған өрт салдарын жою мақсатында Алатау қаласының әкімі, ШЕШТІ:
1. Алматы облысы Алатау қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайларды жою басшысы болып Алатау қаласы әкімінің орынбасары Ғ. Сағитұлы тағайындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Өтенов |