Темір ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2025 жылғы 12 қарашадағы № 382 шешімі

      Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданған кезде, салық төлеуші салық салу объектісіне есепті салық кезеңі үшін өз бетінше мөлшерлемені қолдану арқылы есептейтін, төлем көзінен ұсталған салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесі Темір ауданы бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Темір аудандық
мәслихатының төрағасы
Б. Шаимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады