"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Зеренді ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының 2025 жылғы 15 қыркүйек күнгі хаттамасының негізінде, Зеренді ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеренді ауданы әкімінің 2025 жылғы 25 маусымдағы № 3 "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын: төтенше жағдайдың салдарын жою, сондай-ақ азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының дайындығын қамтамасыз ету үшін арнайы техника мен техниканы алу мүмкіндігін қамтамасыз етсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің орынбасары С.Т. Исахановқа жүктелсін.
3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ә.Құрманғожин |