Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің 2025 жылғы 25 маусымдағы № 3 шешімі.

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 580 қаулысына сәйкес, Зеренді ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының 2025 жылғы 23 маусымындағы хаттамасының негізінде, Зеренді ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеренді ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Төтенше жағдайдың салдарын жою, сондай-ақ азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының дайындығын қамтамасыз ету үшін арнайы техника мен техниканы алу мүмкіндігін қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 22.09.2025 № 5 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Серік Тишыбайұлы Исаханов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің әрекеті 2025 жылдың 23 маусымынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің орынбасары С.Т. Исахановқа жүктелсін.

      5. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Ә.Құрманғожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады